+1 дауыс
21.1k көрілді
Педикулез деген не және оны қалай кетіруге болады?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша МСЭҚБ эпидемиология бөлімінің жетекші маманы Ф.Қ.Құтбаева:
– Педикулез – (латын тілінен алғанда, рediculus humanus адам биті деген мағынаны білдіреді), биттердің адам денесінде паразиттенуі. Педикулез ауруының таралуына көп жағдайда әлеуметтік факторлардың айқын маңызы бар. Ауру ошақтары жеке бас гигиенасының қарапайым ережелерін сақтамау салдарынан пайда болады. Бит індеті бөртпе сүзек, қайталама сүзек сияқты және т.б. қауіпті жұқпалы аурулардың потенциалды жұқтырушысы болып табылады.
Биттер әдетте биттеген адамдармен байланыста болғанда, көбінесе балалар арасында ұжымдық қатынаста болғанда, көлікте адамдармен жақын қатынаста болғанда, киімді, төсек-орын жабдықтарын, әжетхана заттарын (тарақ, щётка және т.б.) ортақ пайдаланғанда жұғады. Педикулез ауруын жұқтыру қаупі көбінесе мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы, яғни ұжымдардағы, көп адамдармен қатынаста болатын балаларда, сонымен қатар халықтың әлеуметтік халі нашар топтарда (тұрақты мекенжайы жоқ адамдар т.б. адамдар тобы) тіркеледі.
Педикулез ауруымен күресте алдын алу шаралары, негізінен, жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау болып табылады. Бит табылған жағдайда дәріханаларда сатылатын арнайы педикулез ауруларына қарсы жабдықтарды қолдану арқылы денеде, киімде, ішкиімде, басқа да заттар мен нәрселерде санитариялық өңдеу жүргізу қажет.
Ал биттегендік жағдайы бір адамның өзінен көптеп табылған жағдайда, қалалық залалсыздандыру стансасында, яғни мына мекенжай бойынша – Азов көшесі №17 үйде биттен тазалайтын өткізгіш кабинеті орналасқан. Ол жерде ақысыз өңдеу жасатуға, сонымен қатар ішкиімді, киімдер мен төсек-орын жабдықтарын камералық өңдеуден өткізуге болады.
Мәлімет көзі: Алаш айнасы сайтынан
Құтылу жолдары: Дәріханаға барып Антибит, Педилин деген дәрілер бар соларды қолдан. Және суға кішкене ғана сірке суын(уксус)  қосып соған биттарақты батырып шашынды тегіс тара. Шашынды батырып жүрме , тек тарақты батырып тара я ма.
Маған емес авторға жазыңыз. Мен педикулез жұқтыратын болсам шашымды тықырлатып алып тастаймын.
Ибай саған емес авторға айтқаным ғой. Сенікін толықтырып жазып өткенім ғой. Еш уайымдамай отыры беріңіз ))
Түсінем ғой. Жарайды. Педикулез басыңыздан өтті ма күшті жазыпсыз?!
Майрош сізге көп-көп рахмет!
0 дауыс
...педикулез болса ауру тарихының бірінші бетіне "П" деп белгі қояды...
Сізге қатысы жоқ, барлығы жоғарыда нақты жазылыпты ғой.
Қазіргі кезде педикулез аса қиын проблем емес, кетірудің бірнеше жолдары бар.
Қабылдау бөліміне түскен әр бір науқасты сол педикулезге тексереді.
0 дауыс
Педекс деген дәріні сатып алып жақ сонда кетеді.
0 дауыс
менир басим биттеп кетти соны калай кетирсем болпт
...