0 дауыс
25.6k көрілді
Балалық шақ, өмір, достық  т.б туралы  өлеңдер, афоризмдер білесіздер ме? Білсеңіздер жазып жіберіңіздерші...Рахмет!

2 жауап

0 дауыс
Өмір туралы өлең:
Шыда, шыда
Шыдай түс, шыда тағы
Шыдамдыны мына өмір ұнатады
Үміттің Кұлан иек қула таңы,
Әйтеуір бір атады, бір атады...
Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып, табынбағын.
Шыда, шыда!
Шыдай түс, тағы шыда!
Тау құлатқан тасқынның ағысына,
Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға...
(Мұқағали Мақатаев)
Қазақша афоризмдерді мыннан қарасаңыз болады http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=blogcategory&id=185&Itemid=36
0 дауыс
Достық
Достық деген таусылмайтын қазына,
Көктемеде солып қалар гүл емес.
Қарамайды ол сыйдың көппен азына,
Нағыз достар тіпті сый да тілемес.
...
Өмір.
Өмір деген - көк мұхиттың толқыны,
 Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып,
 Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,
 О, толқындар, арпалысып, алға шық!

 Өмір деген пәк жаралған махаббат,
 Ғашықтықтан жарқылдаған көздері.
 Үғынбайтын өз ойынан өзгені,
 Өз жүрегін өртейтүғын өз демі.

 Өмір деген - мәңгі гүлдеп жататын,
 Құштарлықтың толғағы мен көктемі.
 Ешкім оған қоя алмайды нүктені,
 Өмір деген сөйлем емес өйткені.
....

Жастықтың кейде сыры өзге,
Кеттің бе еске сақтамай,
Сен тоқтар разъезде,
Мен кеттім бе әлде тоқтамай.

Жолығар болсам қайта мен
Тағы бір мәрте сол шақпен,
Бәрін де саған айтар ем
Жалғыз-ақ тамшы моншақпен.
...
Төлеген Айбергенов
...