Сендер қудыңдар, ие мен қуам. )))
Әкем 10 жыл мал бақты, шешем 15 жыл сауыншы болды. Шүкір, қазір ауылда сиыр бар. Біз жақта (Қызылорда обл. Сырдария ауд.) сіздердің айран деп отырғандарыңызды қатық дейді (басқа жерлерде іркіт деп айтады). Пісірілген жылы сүтке 1 асқасық ұйытқы салып араластырады да, қақпағын жауып, сыртын орап қояды. Жылылығын ұзақ сақтау үшін. Арада 5-6 сағат өткен соң сүт ұйыйды. Ұйытылғасын ол қатық деп аталады. Жақсы ұйытылған қатыққа қасық шаншысаң құламайды. Дүкендерде сатылып жүрген "Биос", "Любимое" дегендер сол қатық. Енді қатықты айранға айналдыру үшін оны күбіге құямыз. Әдетте қатықтың бетінде 1-2 елі қаймағы болады. Сарымайға айналатыны сол. Күбідегі қатыққа аздап ысқылтым су құямыз. Піспекпен әбден майы шыққанша пісеміз (артық түртіп қозғауға болмайды. Майы ыдырап кетеді). Толық (30 минуттай) пісілгенде бетіне кәдімгі біз нанға жағып жейтін май пайда болады. Ыдысқа аударып аламыз да, майын жиып аламыз. Майды салқын сумен ашайып, тұздайды, дайын. Айран да дайын. Қатыққа қарағанда қымыз сияқты сұйықтау болады. Уақыт өте келе қышқыл татып, аши бастайды. Осы дайын айраннан тағы үш тағам дайындауға болады. Біріншісі, шалап (әдебиетте кедейдің асы делінеді. М. Мағауинның "Аласапыран" романында айтылған). Ол үшін аздаған қайнаған су қосса жеткілікті. Мен қазір шығып жатқан "Таң", "Тандем" дегендерді мысалға келтіре аламын. Екіншісі, сүзбе. Айранды шүберек қалтаға құйып қойса, сарысуы ағып кетеді де, қалтада кәдімгі сүзбе қалады. Үшіншісі, құрт. Айранды қазанға құйып қайнатамыз. Ол іртік-іртік нәрсеге айналады. Қалтаға құямыз да, сүзіп қоямыз. Сарысуынан айрылған бұл қайнатылған айраннан кәдімгі құрт пайда болады.
Жұтынбаңдар )))