+1 дауыс
857 көрілді
Жаңаөзен қаласынан Ақтау қаласына іссапармен барғанда пәтерге шыққан шығын төлене ме? Құжаттары түгел. Мектеп есепшісі төлемейміз деген жағдайда қандай құқықтарым бар?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Іссапарға шығар алдында сізге сәйкесінше бұйрық шығарылуы тиіс. Бұйрықта сіздің қандай мақсатпен қанша күнге сапарлап бара жатқаныңыз көрсетіледі. Сізге қосымша іссапар құжаты қоса беріледі, бұл құжатқа жіберу орынының күнін белгілеп мөрі қояды, және межелі жақта Жаңаөзенде келіп-кетуіңіз туралы құжатты рәсімдеп қайтаруы керек.
Егер сізді бірнеше күнге жіберсе іссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға жiберiлуiнiң алдында жол жүру ақысына, тұрғын үй-жай жалдауы және тәулiкақы бойынша шығыстарға тиесiлi сомалар шегiнде ақшалай аванс беріледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес күннiң iшiнде ақша қаражатының нақты шығыстары туралы аванстық есеп беруге мiндеттi. Аванстық есепке белгiленген тәртiппен ресiмделген iссапар куәлiгi, тұрғын үй-жайды жалдау мен жол жүру шығыстары туралы құжаттар қоса берiледi.   
Іссапар шығындарының шегі "Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 Қаулысында көрсетіледі. Сіз мәселен іссапарға кеттім екен деп, бес жұлдызды қонақ үйде жата алмайсыз.

Іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi:

      1) iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi;

      2) көрсеткен құжаттардың негізiнде тұрғын үй-жайды жалдауы бойынша:
           мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстардың сомасы тәулігіне Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында жеті есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда алты есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен, аудан орталықтары мен аудандық маңызы (Жаңаөзен соған кіреді) бар қалаларда төрт есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен және ауылдық округтарда екі есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспауы тиіс;
      растаушы құжаттар болмаған кезде тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегi шығыстар, қызметкерлер тегін берiлген тұрғын үй-жайды пайдаланғаннан басқа жағдайларда, қызметтiк iссапарлар бойынша тәулiкақы нормасының 50 пайызы мөлшерiнде өтеледi;
+1 дауыс
Бүкіл шығындардың чектерін жинап әкеліп көрсетесіз, счет-фактура алуыңыз керек. Сонда ғана төленеді.
+1 дауыс
Жеке пәтер иесі болса құжаттарын жинақтау қиындауға түсетін болар (пәтер иесі мен сіздің араңыздағы келісім шарт, ол пәтер иесінің пәтер жалдауға лицензиясы болуы т.б.), ал қонақ үйге түнегендігіңіз туралы құжатты ала алсаңыз ол оңайырақ болуы керек.
...