0 дауыс
487 көрілді
Мен декреттік демалыста отырғанымда обновленкаға байланысты 10 күндік курсқа бардым. ол

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі-Кодекс)  1-бабына сәйкес iссапар - жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша қызметкердi тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгiлi бiр мерзiмге еңбек мiндеттерiн орындау үшiн жiберу, сондай-ақ қызметкердi басқа жерге оқуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберу.

      Кодекстің 152-бабына сәйкес іссапар уақытында қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы сақталады.

       Iссапарларға жiберiлетiн қызметкерлерге:

1) қызметтiк iссапарда, оның iшiнде жолда болған күнтiзбелiк күндерi үшiн тәулiктiк төлемдер;

 2) баратын жерiне дейiнгi және керi қайтудағы жол жүру шығыстары;

 3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленедi.

Қызметкерлердi iссапарларға жiберудiң талаптары мен мерзiмдерi еңбек шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушiнiң актiсiмен айқындалады.

Бюджеттік ұйымдарда іссапар шығыстарын төлеу тәртібі «Мемлекеттiк бюджеттiк қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 Қаулысымен (бұдан әрі – Ереже) реттеледі.

Ереженің 12-тармағына сәйкес іссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға жiберiлуiнiң алдында жол жүру ақысына, тұрғын үй-жай жалдауы және тәулiкақы бойынша шығыстарға тиесiлi сомалар шегiнде ақшалай аванс беріледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес күннiң iшiнде ақша қаражатының нақты шығыстары туралы аванстық есеп беруге мiндеттi. Аванстық есепке белгiленген тәртiппен ресiмделген iссапар куәлiгi, тұрғын үй-жайды жалдау мен жол жүру шығыстары туралы құжаттар қоса берiледi.    

Егер мекеме мемлекеттік мекеме немесе қазыналық кәсіпорын болып табылмаса, аталған шығындарды өтеу тәртібі жоғарыда аталған актілермен реттелуі тиіс.Бұл ретте, қызметкерлер аталған актілермен таныс болуы керек.

...