+2 дауыс
888 көрілді
өзіме жеке сайт жасатсам, одан пайда бар ма, сайттан ақша түсеме, болса қалай, әлде керсінше көк шығын ба...

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
ол сіздің сайтыңызға байланысты. егер де сіз кәсіпкер болсаңыз, өз өнімдеріңізді сайтыңызда жарияласағңыз, әрине сізге пайда түседі. мен өзім білетін сайтта пайда жасау әдісі-google adsense & yandex direct сіз сайтыңызға жарнама қоясыз, кірген адам жарнамаға басқан сайын сізге $0.5-$1 түседі. әрине сайтты ашам, ақшаға қарық болудың оңай жолы деу- ҚАТЕ ПІКІР. толығырақ евгений поповтың курстарынан біле аласыз. кейбір курс тегін, кейбіреуі-ақшамен. міне, осы кісі интернеттен осылай видеоуроктармен ақша табады..))
http://evgeniypopov.com/
:)
+3 дауыс
Мақсат қою керек, сосын сол мақсатпен жұмыс жасау керек. Ақша табу мақсатымен немесе өзіңіздің сүйікті ісіңіз туралы, қызығатын дүниеңіз туралы. Кейін оны кең көлемде дамыту керек, яғни қолданушыларды тарту мақсатында.
мысалға осы сайттың иесіне біз кірген сайын ақша түсеме
Оны админнен сұрау керек)
сіз сұраңызшы, мен ұяламын... сіз оқытушысыз ғо... рахмет...
Вот, профессордан сұра төмендегі)) Мен де ялам админнен. Сенің орныңда болғанда, админге сұрақ қояр едім, қолданушысы ретінде. Ал ортада қалғым келмид)) ок)?
сонда бұл қиын сұрақ болғаны ма, неге білмейсіз...
+4 дауыс
Сайт бастардан бұрын сен алдымен нет желісінде көп отырсаң: мысалы еркін блог жүйелерге қатысып содан көп тәжірбие алсаң, соған орай неттің көптеген шыжығы мен шұжығын көріп алсаң, содан кейін ашқан абзал
Ол үшін ең бастысы компьютер мәшінесінің "азы"-ін және нет желісін жүйелі  және сауатты түрде азда болса біліп алсаң  
Тағысы Ал астер айтпақтай жақсы бір мақсат болуы шарт және де мағына мүдесі
Сайт бастау оңай, оны тұрғызу, жетілдіру, жалғастыру қиын
пайдасы туралы айтпадыңыз ғо...
егер материалды пайданы айтып отырсаң, көк тиін түсіре алмайсың (мүкін қате айтып отырмын, өз ойым)
ал егер рухни пайданы айтсаң, онда (өзіңе де, өзгеге де) түсіп қалар (өзіңе байланысты)
рухани пайда беріп отырып, материалды пайдасын алып отырған да жақсы ғо, көк тиын түспесе, неге сайт жасату қымбат... тағы төлейтіндері бар мүмкін емес қой....
+2 дауыс
сайтты нетіп сосын нестеп ТИЫН табуға болады. бірақ ол оңай емес.
алдымен домен мен хостингті нетіп алу керексіз (ол шамамен бір жылға сегіз, он мың)
сосын сайтты нетіп нетіп пайдалы, қызықты ақпараттарды енгізіп, қызық тақырыпта сайт ашып, қолданушыларды нестеу керексіз.
барлығы нетіліп, нестеліп болды, менің сайтыма күніне жүз, екі жүз адам кіреді деген кезде нетіп, яндекс, гуглдың несін нетіп ОРЫСША рекламаларды қоясыз (контекстная реклама). ия ия ОРЫСША. себебі оларда әзірше қазақша нелер жоқ. қазақша сайтқа орысша незаттар қойғым келмейді деп нетсеңдер де амал жоқ түптің түбінде нетіпқоясыз. себебі ақша керек, сайт үнемі шығында болмауы керек. әр көрсетілген сайын, немесе әр басылған сайын (клик) ТИЫН алып тұрасыз. ия ия ТИЫН. бір рет басқанға (клик) шамамен бір немесе екі асып кетсе екі жарым ТИЫН төлейді.  (сайттағы рекламалардың кликтар саны сайттың сапасы мен қолданушылардың санына және тағы дабасқа көптеген факторларға байланысты)

бірақ ТИЫН деп шошып кетпеңіз, ТЕҢГЕ ТИЫННАН ҚҰРАЛАДЫ ДЕЙДІ ҒО. бір жылда шамамен бес, он мың түсуі әбден мүмкін. (одан да көп болатындары бар. бірақ мен жаңадан ашылған жүз, екі жүз келіп кетушілері бар сайтты мысалға алып айтып отырмын)

немесе сайтыңыздағы бір бұрышты, қуысты жалға бересіз. ол жеді сатасыз. жарнама үшін. яғни ол дегеніңіз не ғо. осы сайттан да байқауға болады мысалын. (орысша жарнамаға да мысал кездеседі)

қайырымдылық қоры деген де бар екенғо.

енді жоғарыдағы жазғаным бұл былайша айтқанда "әділ пионердің" ақша табу жолы десем де болады.

одан да сорақы түрлері бар. ақшаға құнықтым маған тез арада ақша керек десеңіз

скачать бесплатно, <s>порно</s>, кошки, шок, мр3, онлайн, худеть деген сияқты кілт сөздерді сайттың метасына жазасыз. сайтыңызды жоғарыда айтып кеткендей нетіп толтырасыз. қолданушылар жиналғаннан кейін БАННЕРЛЕРДІ, ЖЫБЫРЛАҚ АНИМАЦИЯДАРДЫ, ЖАРҚЫРАҒАН ЖҰРҚЫРАҒАН ӨЗІ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛЫП КЕТЕТІН БАННЕРЛЕРДІ, СОСЫН "ШОК, УЗНАЙТЕ КАК ХУДЕЕТ БОРАДИНА", "ВАНГА ПРЕДСКАЗАЛА..." деген тақырыптары бақшиып тұрған баннерлерді өлтіріп тұрып "пихать" етесіз.


мен білетіндер осылар. бұдан да сорақы жолдары бар екеніне күмәнім жоқ.


не ғо сайт иесіне сіздер кірген сайын ақша түспейді, сіз мына сайттың сол жақ қапталындағы ОРЫСША жарнаманы бассаңыз ғана аз маз ТИЫН түседі. боооолды.
Абылай ол орысша жарнама қай жағында,қайта - қайта басып тұрайық та сайтқа тиын түсетін болса.
сайттың басты бетінде, төменде, сол жақ қапталында (https://surak.baribar.kz/ )
Абылай профессормен толықтай келісем, шыны керек қазақ тілінде тіптен жарнама жоқ! Мен өз басым өмірі көргем жоқ! Негізі сондай жарнама орнататын және таратын сервис болса, қазақ тілді сайттардың көбейетіні анық. Себебі Ресейде интернет жарнама индустриясы бізге қарағанда әлдеқайда дамыған, солардың арқасында оларда көптеген сайттар ашылып жатады және сол арқылы ақша сайт веб мастерлер ақша табады. Бірақ та орыстардыкындей жарнама ''КАК УВЕЛИЧИТЬ ГРУДЬ'' , "УЗНАЙ ДАТУ СВОЕЙ СМЕРТИ" сияқты нәрселер әрине бізге келмейді. Сондықтанда қазақша жарнама сервистері болмай, қазақ тілді сайттардың өсу потенциалы төмен болады және де онымен ақша табу өте қиынға соғады. Менімен барлығы келісетін шығар.
0 дауыс
Жалғыз адамға қиынға соғады, кем дегенде 3-4 адам болса, табыс табуға болады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 14.04.2020 Физика сұрақ қойды
0 дауыс
5 жауап
Белгісіз 13.08.2013 Тұлға, Адам сұрақ қойды
...