0 дауыс
1.2k көрілді
Өмір бойы  жан досың мүлде жоқ  болуы мүмкін бе?Достарым көп!Әңгімелері де ұнамайды!Ал әңгімелері маған сәйкес келетін достарым да бар!Бірақ олар тым қызық!Мінездері ауа-райы сияқты құбылмалы болат та тұрады!Достық сенімділіктен басталады! Бірақ мен оларға сене алмаймын!Қандай кеңес бересіздер?

10 жауап

0 дауыс
жоқ әрине мүмкін емес доссыз жүру өмір бойы қиын ғой
0 дауыс
Әлі өміріңіз алда ғой. Жақсы достарды жолықтырасыз әлі. Адамға сене де білу керек, бірақ тым қатты емес.
Жақсы ниетіңізге рахмет!!!!!!!
0 дауыс
иа болуыда әбден мүмкін ғой жан досың болмау
0 дауыс
Меніңше өмірде жан достың мүлде болмауы мүмкін емес. Барлық нәрсе өз уақытымен емес пе? Сіз сенім артатындай жақсы дос әлі жолықпаса, алдағы күндерде міндетті түрде жолығатынына сенейік. Өйткені достықсыз бұл өмірді елестету қиын.
0 дауыс
Жақсы дос табу ол өзіңе байланысты. Егер өзің жақсы болсаң, айналаңды да жақсы адамдар қаптайды. Сенімді, адал болсаң, және өзгелерге де сене білсең сенің де сеніміңді басқалар ақтайды. Менің достарым өте көп. Әр түрлісінен бар. Тіпті, бірін-бірі жақтырмайды көбісі. Мен арқылы ғана бір-бірімен қарым-қатынастары үзілмей тұрғандары қаншама. Өзім адам талғамаймын, және барлық адамдарды өзімдей көремін, сенемін. Сондықтан ба менің де достарым ешбірі менің сенімімді ақтамай не қиын жағдайда жалғыз қалдырған кездері болағн емес. Ол жеңілтек пе, мінезі адам төзгісіз бе, сараң ба, іші тар ма, ол бірнеше байға тиіп, қайтып келген бе маған бәрбір. Ең бастысы ол мені жақсы көрсе, мен оны жақсы көрсем болды. Ешқандай кемшілігіне қарамастан қуанышы мен қайғысын бірге бөлісуге дайынмын. Ең бастысы сен оларға жақсы , адал, сенімді дос бола білесің бе? Міне, бар мәселе осында. Шын доссың ба, ол сені қиын жағдайда қалдырса да оған жаның ашып, қайта кешіруге, сенуге дайын тұруың керек. Кемшілігі үшін теріс айналуға болмайды, керісінше сол кемшілігін жөндеуге тырысу керек.
0 дауыс
Достығымыз достар арылмасын,
Пейіміз кеңейсін тарылмасын,
Жиі-жиі бас қосып сыр шерітсек
Жүрегіміз қалайша жарылмасын.

Куніміз күлкілі бола берсін,
қуанышқа көңіліміз тола берсін,
нұрлы аспан астында аясында,
басымызға бақ келіп қона берсін,

Зұлымдықты әрқашан жеренейік,
адалдықты сүйуді үйренейік,
бірлікпенен тірлікті ұштастырып,
бір әдемі ғажайып, күйге енейік.

берсе берді бермесе санаспайық,
болмайтынға ұрысып таласпайық,
арамызда алайақ бүреу болса                          
оны қатар ортадан аластайық

Жасамайық қианат кісі кетім
байлық мансап кісіні ісіретін
қанағатсыз ағайын ойласаңдар
абыройын кісінің түсіретін.                    демекші доссыз өмір сүру қиын
0 дауыс
Ең адал досың , мүмкін қағаз болар.
Қаламның ұшында найзаның сұсы бар .(с)
0 дауыс
Бәрі мүмкін доссыз жүретін де адамдарды мен көргем
0 дауыс
досттым айналана дурыстап карап кор мумкун жанында журген шыгар... брак казыр дос деп сенетін адамдарда калмапты балім бул заман талабы шыгар. Аркім оз кушіне сенетін заман осы шыгар.....
0 дауыс
досттым айналана дурыстап карап көр мумкун жанында журген шыгар... брак казыр дос деп сенетін адамдарда калмапты балім бул заман талабы шыгар. Аркім оз кушіне сенетін заман осы шыгар.....

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
3 жауап
+2 дауыс
30 жауап
...