0 дауыс
37.2k көрілді
Тұрмыс салт жырлары ұлттық дәстүр бастауы деген тақырыпта шығарма жазып беріңіздерші,өтінемін,

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.

Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:

- тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),
- дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),
- үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),
- мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау),
- өтірік өлеңдер, т.б.

Тұрмыс-салт жырлырында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Жылқышы”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Бозінген”, т.б.

Түркі халықтарының тұрмыс-салт жылы тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді.

Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (А.Байтұрсынов), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Б.Уахатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады.
0 дауыс

Қазақ халқының бүкіл тұрмыс-тіршілігін, қуанышы мен қайғысын сөзге сыйғызған әдеби бай мұраларды Ә.Қоңыратбаевтың зерттеуі заңды құбылыс. Өйткені, ғалым саналы ғұмырында ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға, зерттеуге ерекше көңіл бөлген. Ғалымның фольклористика саласында жазған ғылыми еңбектерінің бір саласы — тұрмыс-салт жырларына арналған. Басқа халықтар сияқты, қазақ халқының да көп заманнан бері келе жатқан тұрмыс-тіршілігі, еңбек-кәсібі, әдет-ғұрпы, салты бар. Бұлардың бәрі адамдардың қоғамдық-әлеуметтік өміріне, экономикалық жағдайларына байланысты туып қалыптасқан және сол негізде дамып отырған. Халқымыз көп ғасыр бойына жасаған тұрмысы, еңбек-кәсібі, әдет-ғұрпы, салты жайында неше түрлі шығармалар шығарған. Бұл шығармалар «тұрмыс-салт жырлары» деп аталады [1,б. 14]. Орыстың ұлы жазушысы М.Горький тұрмыс-салт жырларын халық ауыз әдебиетінен бастау алатынын айта келіп, «халықтың өткендегі тарихын, тұрмыс-күйін, әдет-ғұрпын жақсылап зерттейміз десек, оны дұрыстап түсінеміз десек, ауыз әдебиетін білуге тиістіміз. Бұл жөнінде ауыз әдебиеті бізге өте көп мәлімет береді», — дейді М.Горький [2,б. 14]. Ә.Қоңыратбаев сюжетсіз өлеңдерге қатысты: «Елдің тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпы, түрлі наным-сенімдерге байланысты туған сюжетсіз ұсақ өлеңдерді тұрмыс-салт жырлары дейміз», — деп [3,б. 44] анықтама береді-де, содан кейін барып жырларды мазмұны мен тақырыбына қарай былайша бөліп қарастырады. Олар: 1) Бақташылық жырлары, яғни төрт түлік мал туралы жырлар; 2) Діни-әдет ғұрыптар тудырған жырлар (жарапазан, бәдік); 3) Үйлену жырлары (той бастар, жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар); 4) Ұлыс жырлары, бөбек жырлары; 5) Жаназалау жырлары (естірту, қоштасу, жоқтау) т.б. Алайда, қазақ фольклористикасында басқа да ғалымдар тұрмыс-салт жырларын зерттеумен айналысқан. Олардың бірі — М.Ғабдуллин. Ол өз кезегінде, тұрмыс-салт жырларын зерттей келе, оны үлкен екі топқа бөледі: 1) Төрт түлік мал, еңбек, кәсіп жайындағы шығармалар; 2) Әдет-ғұрыпқа байланысты туған шығармалар [4, б. 14]. Сол сияқты ғалым Б. Кенжебаев тұрмыс-салт жырларын арнайы бір салт шартын орындау ретінде айтылып қолданылатын өлеңдер» — дей келе, оларды өз кезегінде 4 түрге бөледі: 1) Мал шаруашылығы жайлы өлеңдер; 2) Діни-салт өлеңдер; 3) Үйлену өлеңдері; 4) Мұң-шер өлеңдер. Осы жіктелестерге қарап отырып, біз Ә.Қоңыратбаевтың төрт түлік малға байланысты туған жырларды «бақташылық жырлары» деп бөлекше атағанын байқаймыз. Оны ғалым былайша түсіндіреді: «Бір кездері жабайы, аңдарды ұстап, үй түлігіне айналдырған шаруаларды халық төрт түлік малдың „пірі“ деп ұғынып, солар жайында түрліше, аңыздар тудырып отырған. Сол кезеңнен бастап бақташылық жырлары туса керек», — дейді-де, өз ойын: «бұрын жабайы, аңдарға сыйынған халық енді төрт түлік малды құт санап, олардың Шопан ата, Шекшек ата, Жылқышы ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба деген иелеріне табынған», — деп жалғастырады. Демек, ғалым бұл атауды көшпелі мал шаруашылығымен, яғни мал бағумен айналысқан халқының тұрмысымен байланысты таңдап алғанға ұқсайды. Ал, діни-әдет ғұрыптарға байланысты туған жырлар жайлы ғалым: «Қазақ фольклорынан көшпелі тайпалардың ежелгі наным-сенімдері басты орын алады. Оның көріністері — бәдік, жарапазан, алғыс-қарғыс, арбау, бақсылық сарындары», — деп айта келіп, әрі қарай Шоқанның «қазақ арасындағы шаманизм нанымдарының қалдықтары» деген еңбегіне кең көлемде талдау жасайды. Атап айтсақ, зерттеуші шамандық ұғымына, оның негізгі белгілеріне ерекше тоқталады. Сөйтіп, одан әрі бәдік айтысы, жарапазан жырлары жайлы сөз етеді». Бәдік айтысы туралы Ә.Қоңыратбаев: «бәдік жырларында магия, тотемизм, мифологиялық сарындар бар. Оны дуализм дейді. Дуализмнің арғы тегі жақсылық пен жамандық тартысы түрінде келеді. Бәдікті бір ғана адам кеселі емес, мал емдеуге-де қолданған», — деп тұжырымдайды. Ал, М.Ғабдуллин болса, діни ұғымдарға байланысты туған шығармаларды сөз еткенде, біз оларды ертеде қараңғылық жағдайда болған адамдардың ой-өрісі, дүниетану дәрежесі қандай болғанын және ол қазақ ауыз әдебиетінде қай түрде суреттелгенін білу жайын көздейміз, — дей келе, оған бәдік, арбау, жалбарыну өлеңдері, бақсы сарыны, жарапазанды жатқызады. Ә.Қоңыратбаев жарапазанды: «бір кезеңде діни әдет-ғұрыпқа байланысты айтылған өлеңдер», — деп атап, «жарапазан жырларынан ислам дініне байланысты әдет-ғұрып көбірек орын алған. Бақсылық сарынында «тәңірі» сөзі басым болса, жарапазанда «алла», «құдай», «пайғамбар» дейтін сөздер үстем, — дейді. Сондықтан жарапазанды діни әдет-ғұрыпқа байланысты туған жыр деп қабылдайды. Осылайша Ә. Қоңыратбаев өз тұжырымын нақты мысалдармен дәлелдейді. Ал, М.Ғабдуллин: «бесік жыры, шілдехана сияқты балаларға арналған жырларды әдет-ғұрыпқа байланысты туған шығармалардың қатарында қарастырса, Ә.Қоңыратбаев «бөбек» жыры, — деп бөлек алып зерттейді. Оған шілдехананы, жаңылтпаш, өтірік өлең, бесік жырын жатқызады. М.Ғабдуллин: «Қазақ халқының өткендегі тұрмыс-салтына байланысты туған шығармалардың енді бір түрі — адамның көңіл-күйін, қуанышы мен қайғысын, іштей тартқан мұң-шерін, ауыр қазаға душар болғандағы күйініш-күйіктерін білдіруге арналған лирикалық өлең-жырлар. Бұл өлең жырлар арқылы өткендегі адамдар ауыр қаза күйігін серпіп тастауды, оны жеңілдетуді көздеген», — дей келе, әдеп-ғұрыпқа байланысты туған шығармалардың өзін «көңіл-күйін білдіретін шығармалар»[5,б.69] деп бөлектеп, оған қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтауды жатқызады. Сол сияқты Ә.Қоңыратбаев: «отбасының тағдырына, жас буынның өсіп жетілуіне байланысты туған жырларды „үйлену жырлары“ деп, олардың өзін жар-жар, сыңсыма, қоштасу, жұбату, беташар, тойбастар деп бөліп қарастырады. Мұндағы бір ерекшелік жаназалау жырларындағы қоштасу мен жұбату мұнда да бар. Бірақ оларға ғалым жаназалау жырларының қатарында арнайы тоқталып өтеді. Яғни, тарихи оқиғаларға, адам қазасына байланысты туып, ел аузында сақталған естірту, көңіл айту, қоштасу, жоқтау сияқты салт жырларын жаназалау жырлары дейміз» [6,б.169] деп, әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, өзіндік белгілері мен ерекшеліктерін саралап көрсетіп, халық арасында сақталған, кең тараған кейбір үлгілеріне талдау жасайды. Мұнда жеке адам, қала берді бүтін бір халықтың көңіл күйлерінің сан алуан толқыны бар. Жерімен, елімен, жарық дүниемен қоштасу өлеңдері ел басына түскен ауыр күндерде туған. Оның өлген адамның тірі күнінде айтқан өсиеті түрінде кездесетін үлгілері-де болады. Халық өмірінің осындай сәттері-де поэзия тілінде өрнектеліп отырған. Мұң-шер өлеңдерінің бірнеше түрлері бар. Оларға қоштасу, естірту, жоқтау өлеңдері жатады. Тұрмыс-салт жырларының бұл арнасын біз мұң-шер өлеңдері деп те атаймыз. Қазақ әдебиетінде мұң-шер өлеңдері деп аталып жүрген жырларды М.О.Әуезов «Әдебиет тарихы» (1927) деген еңбегінде сыршылдық салт өлеңдері қатарына жатқызып, оларды ретіне қарай 2 түрге бөледі: 1) Жалпақ елдің салтымен байланысқан шер өлеңдері (наурыз, жарапазан, бата беру өлеңдері, бақсы сарыны); 2) Қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдері (жар-жар, сыңсу, беташар, тойбастар). Бұлай тұрмыс-салт жырларын екіге бөлу үлгісі М. Әуезовке дейін А.Байтұрсыновта кездеседі. Тек А.Байтұрсыновта тұрмыс-салт жыры орнына «сарындама» ұғымы қолданылады да, оны іштей «салт сөзі», «ғұрып сөзі», «қалып сөзі» болып өзгеше бөлген (Әдебиет танытқыш. 1926.) Мәселен, А.Байтұрсынов «салт сөзіне» мақал-мәтелмен қатар, әдебиет жанрына жататын мысал түрін-де жатқызған. Бұл арада фольклор мен әдебиет жанрларының ара-жігі ажыратылмағаны көрінеді. Ал, С.Сейфуллин фольклордың ауызекі даму ерекшелігін дұрыс айқындаған. Жалпы С.Сейфуллин фольклорды: эпос, ертегі, тұрмыс-салт жырлары т.б. деп жүйелеген. Егер қазақтың тұрмыс-салт жырларын М.Әуезов сыршылдық салт өлеңдері деп қарастырса, С.Сейфуллин салт өлең-жырлар ұғымында алған. Мұндағы қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдеріне М.Әуезов (Әдебиет тарихы, 1927) жар-жар, қоштасу-танысу, беташар үлгілерін жатқызса, С.Сейфуллин зерттеуінде бұлардың қатары, сондай-ақ тойбастар, сыңсыма, жұбату-үгіт, айт келін түрлерімен толықтырады. Ал, дінмен байланысты өлеңдер деп М.Әуезов бақсы сарынын, жарапазанды атаса, С.Сейфуллин бұларды ескілікті дін салтынан туған дей отырып, олардың қатарына, сондай-ақ шақыру, арбау, байлау, күн жайлату, бұлт пен жауын шақыру, бәдік т.с.с. түрлерін жатқызған. Ал, мұндағы фольклордың шақыру, арбау, бәдік түрлері Х. Досмұхамедұлы еңбегінде (Қазақ халық әдебиеті, 1928) ғана кездеседі. С.Сейфуллин еңбегінде фольклордың алғаш рет күн жайлату, бұлт пен жауын шақыру түрлерінің ажыратылуы, сөз жоқ, фольклортану ғылымының жетістігі болып табылады. Сондай-ақ С.Сейфуллин ажыратқан Шопан атаға, Жылқышы атаға, Ойсыл қараға, Зеңгі бабаға, Сексек атаға арналған жануарлар турасындағы жыр үлгілері-де — алғаш зерттеушілер назарына ұсынылғаны, сөз жоқ, ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы қазақ фольклортану ғылымының жеткен жетістігі болды. Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер-де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбек кәсібі түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, «Жылқышы ата» (кейде Қамбар ата деп те айтылады), «Шопан ата», «Зеңгі баба», «Ойсыл қара», «Бозінген», т.б. Төрт түлік мал жайындағы жырлардан тұрмыс-тіршілігі мал шаруашылығымен байланысты болған шаруа адамының көп заман бойына төрт түліктің иелеріне: «Малымызға ауру, індет жіберме, одан сақтай гөр, малымызды өсімтал ет», — деп, жыр арқылы тіл қатады, әрқайсысына арнайы тілек айтады. Әрине, төрт түлік жайындағы шығармалардың бәрі бірдей ескі наным, ескі ұғымдарды жырламайды. Олардың көпшілігі төрт түлік малдың адам баласына келтіретін пайдасын, атқаратын қызметін әңгіме етеді. Түркі халықтарының тұрмыс-салт жырлары тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді. Қазақтың тұрмыс-салт жырлары да жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Ә.Қоңыратбаевтан басқа қазақ зерттеушілері-де тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (А.Байтұрсынов), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Б.Уахатов), т.б. Б.Уахатовтың «Қазақтың халық өлеңдері» (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу-де өзгеріске ұшырап отырады. Қорыта айтқанда, Ә.Қоңыратбаевтың тұрмыс-салт жырларына байланысты ғылыми тұжырымдары мен қазақ фольклористика ғылымының дамуына, зерттеуіне қосқан үлесі мол. Ә.Қоңыратбаев әрбір жырдың шығу тегіне, өзіндік ерекшеліктеріне жіті мән беріп қарап, толымды да тұшымды пікірлер айтты. Десек те, ғалым еңбектерінің зерттелмеген қырлары да жетерлік. К.Т. Құдайбергенова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері. С.У. Төлегенов, Агроинженерия және көлікті пайдалану кафедрасының оқытушысы Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Ғабдуллин М., Ысқақов Б. Халық ауыз әдебиеті. — Алматы: Мектеп,1974. -14б. 2. Бұл да сонда. -14 б. 3. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. -Алматы: Ана тілі, 1991. 4. Ғабдуллин М. Халық ауыз әдебиеті. -Алматы: Мектеп, 1984. 5. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. -Алматы: Мектеп, 1974. 6. Қоңыратбаев Ә. Шығармалары. -Алматы: МерСал 2004. -Т.1. Пікірлер Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз Қазақ хандығына 550 жыл Ұлы Жеңіске 70 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ҚР Конституциясына 20 жыл © 2013-2016 жж., «Қазақстан тарихы» веб-порталы Жоба туралы Пайдалы сілтемелер «Бала тәрбиесі, білім және ғылым» аталымы бойынша 2013 жылдың үздік сайты kaznetmedia жасаған Қолдау көрсеткен: "Самұрық-Қазына" АҚ және Орталық Коммуникациялар Қызметі Кері байланыс 

Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/2694
© e-history.kz

0 дауыс

Тұрмыс-салт жырларындағы халық дәстүрі

...Көне көшпелі түркілер мал өсіру, егіншілік, аң аулау істерімен айналысқан. Л. Н. Гумилев

Жоспар.

І Кіріспе

Руханияттың бастау бұлағы – тұрмыс-салт жырлары

ІІ Негізгі бөлім

Халықтық дәстүрге тән өнеге ордасы

1.Текті халықтың рухты әдет-ғұрып жырлары

2.Қазақ халқы қадір тұтқан төрт-түлікке арқау болған өлең-жырлар

ІІІ Қорытынды

Салт-дәстүрің – тарихи болмысың

Қарап тұрсаң, адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың шындығы мен қайшылығын ой-сана қуатымен танып біледі. Соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізудің сан алуан көркемдік еркшеліктерінің бір парасы – тұрмыс-салт жырларында өзіне тән тұрмыс-тіршілігі суреттеледі дейді ғой. Онысы – шындықтың шарықтау белгісі. Адам баласының алға басуы, ой, сана-сезімінің өсуі, қоғамның экономикалық, тіршілік жағдайларына байланысты рухани мәдениеті – жан дүниенің табиғаты қаншалықты әсем болса, үлгісі де соншалықты жүйелі болып келетінінің көрінісі емес пе?! Өз жанын пида етсе де, Отанымызды қарсылас қатыгез жау қолынан қабырғасын қайыстырып қорғауға барлық жан-тәнімен ат салысқан батыр бабалардың, он саусағынан өнер тамған ұста-шеберлердің, “айтылған сөзі атылған оқпен тең” халық көкейіндегісін ашып айтар зерек те әділ би-шешендердің, терең ойлы, жүйрік шешімді, жылы жүректі жарқын мінезді, мейірімді жүзінен от шашқан, жалынға толы көз жанарынан өмірге көз қарасы мен дүниетанымы байқалатын, “келген адамға кет демейтін” қонақжай халықтың қолынан өтіп, ісімен дәлелдеген, көзімен көрініп, жүрегімен сезілген асыл да қымбат қазына келешек жас ұрпаққа өнеге-үлгі екенін жүректің суықтығын жылытып сезінген неткен ғанибет десеңізші! Оның қазақтың әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, күллі этнографиялық құндылықтарының біо парасы іспетті болғаны Жағда Бабалықұлы сынды көрген-білгенін ақылға тоқып, соларды өмір бойына насихаттап, дәріптеген абыз қарияның соңында қалған асыл мұрасы – өте көлемді дүние екенінен байқаймыз. Баяғы бағзы замандағы жан-дүниесі бай, көрген-түйгені мол, өткен өмірінде елге еңбек еткен даналар, тарихы тереңде жатқан еліміздің бұл күндері ұмыт бола бастаған әдеп-тәрбиесі және болашағы жайындағы мақсат-мұратын пайымдап қағаз бетіне түсірді. Сондықтан тұрмыс-салт жырларын руханияттың бастау бұлағы деуге мол негіз бар.

Ауыз әдебиетінен кең орын алатын адам өмірінің үш кезеңінің, дүние парағын жаңадан ашып, қолына қалам алып өмірдің белестерін алғаш жаза бастаған кезінің, бас қосып үй болған, кейбіреуге шаттық әкелсе, енді біреулерге шерлі мұң сыйлаған отау құруының, асарын асап, жасарын жасаған, осы дүниеде сүрер ғұмыры аяғына тақап қалған жанның дүниеден өту кезеңінің әр бунағына сәйкес халықтың әр түрлі салты, әр елдің өзіне тән дәстүрі болатынына ешкімнің де таласы жоқ. Сол себепті еліміздің біртуар тұлғасы А. Байтұрсыновтың ғылымға енгізуімен дүниеге келген әдет-ғұрып фольклоры ұлы Абай ақынның рухани әрі түбіне үңіліп байқасаңыз ой мазмұнына толы:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойынына кірер денең, - деген өлеңнің аз да болса әдет-ғұрыптың бір ұйытқысы болған үзіндісінде көтерілген мәселе тұрмыс жырларықазанның құлағы болса, адам өмірі – қазанның өзі екенінің бүкпесіз дәлелі. Ғасырлар бойғы тәрбие-тағылыммен, тіл және дінімізбен, көңілге қонымды өткір тілімізбен, әр ғұмыр жолында ұрпақтан келесі өренге жалғасқан өшпес мұра, әрі қайталанбас шежіремен өрнектеліп өрілген халықтың жоғары рухына толы әдет-ғұрып жырлары бар халық текті де теңдессіз болып саналады. Ендеше, М. Әуезовтің “Қазақ халқының эпосы” атты еңбектер жинағындағы: “Жалпы мағынасы, тұрақты образдар жүйесі, ортақ қайғылы сарыны, ой-түйіні орайлас болғанымен, “тұрмыс-салт жырларының” әр саласының, әр өлеңінің өзіндік ерекшелігі болады. Өйткені олар белгілі жағдайда, белгілі оқиғаға байланысты шығарылады” деп қосылған пікір оның мазмұн тереңдігі көркемдік ерекшелігіне сай екенін білдіреді.

Еліміздің әдет-ғұрып жырларымен егіз болып айырылмай жүретін, халықтың аса қадірлеп, барынша бейнелеп отыратын, қазақтың күн көрісінің, шаруашылығының негізгі саласы болған, сонау ескі заман елесі суреттелген, адамның тылсым табиғат сырын түсінбеген кезінде, сауса – сүт, сойса – ет, кисе – киім, мінсе – көлік тәрізді халықтың ғұмыр кешу мүмкіншілігінің негізіне айналған төрт-түлік малдың әрқайсысының өз иесі, мәселен,, жуастық пен момындықтың символы болған қой малының:

Шағаладай құрты бар,

Шопан ата баласы –

Қойлар бассын үйіңді!..

Қоймай бассын үйіңді! – дегендей Шопан ата тәрізді, ер қанаты және жеті қазынаның бірі – жылқының:

Ұзара берсін желісі,

Кеңи берсін өрісі...

Қамбар ата баласы –

Жылқы бассын үйіңді! – демекші Қамбар ата сияқты, күллі әлемді ақпен қамтыған сиыр төрт-түлігінің:

Зеңгі баба баласы –

Сыймай бассын үйіңді! – деген тұрмыс-салт жырларының бір парасында айтылғандай зеңгі баба секілді, күй талғамайтын, төзімділік қасиетімен бүкіл елді бас идірген түйе төренің Ойсылқара деген атасы болатыны бізге мәлім. Қай тұсынан алып қарамасақ та, ұшан-теңіз, сан қырлы, бір сырлы мәнге толған Л. Н. Гумилевтің “Көне түркілер” баспасындағы: “...Түркілердің ұлан-ғайыр жерлерге ие болуы олардың қисапсыз көп мал өсіруіне мүмкіндік туғызған. Малдың өнімінен түрлі тағамдар даярлап, терісі мен жүнінен киім-кешек жасаған. Көрші елдерге жылқы, қой малдарын, сүт, ет тағамдарын, аң терілерін сататын” деген пікір, бір жағанан, баяғы кездегі адамдардың өмірі мал атаулысымен тығыз байланысты болғаны, екіншіден, сауду-саттық кәсібімен айналысқан екендігі– осы ойымның айғағы.

Төрт-түлік мал өмір сүру үшін маңызды болып қана қоймай, сонымен бірге мейірімділік пен сүйіспеншілікте де алатын орыны ерекше. Кішіге әрқашан ізет көрсетіп жүретін, көпті көрген қарт жандар өмір өткелінен, жолынан өтетін ойы әлі алдында жүрген, үлкенге құрмет көрсететін жастарды немесе жүрегі аққудай пәк, риясыз, күнәсіз періштедей сәбилерді төрт-түліктің төлдеріне сыпайылық мағынасында теңеумен өзінің оған деген жақсы көру сезімін білдіруі – қазақ халқының бұрыннан келе жатқан баланы еркелетудің дәстүрлік жолы екенін ескерсек, “қоңыр қозым”, “лағым”, “ботақаным”, “құлыншағым” және сол тәріздес мал төлдерін атайтын сөздерде алып бір тылсым күш пен мағыналы сыр жатқаны айдан анық.

Дүниеде сан – алуан оқиғалар ғасырлар шеруінен өтіп, өзгерістерге ұшырағанымен, кейбір саусақпен санарлық нәрселер, соның ішінде, шаруашылықтың шығар көзінің қолданысы еш уақытта жойылмайтындықтан және “қой өсірсең өнімі көл-көсір” болатын, “тоқтышақтың терісі тоғыз қабат торқадан артық” болатын тәрізді әрқайсысының ерекшеліктеріне сипаттама бере алатынстөрт-түліктер бұрынғы ықылым заманда қанша керекті болса, бүгінгі таңда да сонша маңызы зор болғандықтан, оның негізінде пайда болған өлең-жырлар бір айдың емес, тіпті, бір жылдың емес, талай-талай ғасырлар жемісі екенін ескеру қиыншылық етпейді. Олай болса, “тоқсан ауыз сөздің тобықтай” түйінін Сұлтанғали Садырбаев сынды ауызымен айтылған әрбір сөзі балдай болған ақын-жазушыларымыздың: “Көптеген түркі тілдес халықтар сияқты ертеде қазақ халқының да негізгі кәсібі – мал шаруашылығы болған” деген ойынан аңғаруға болады.

Өнері өрге жүзген дарын иелерінен шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре орындайтын және еліміздің әрбір азаматының рухани жан-дүниесінің негізінде туындайтын, әрқашан жақсылығы мен жамандығы, ащысы мен тұщысы егіздес жүретін өміріне қажетті үгіт-насихат алатын, болашағының қандай жағдай болмасын қол жеткізуге ұмтылатын алға қойған арман-мақсатының тірегі болған салт-дәстүрі адамның патриотизмдік сезімін білдіріп, оны іспен дәлелдеуіне мүмкіндік етеді. Қазақ еліндегі “мен – қазақпын” деп айта алатын ұлтжанды жанның осы белгісінен оның ішкі дүниесінің қыр-сырын, тарихи бітім-болмысын бұлақтың мөлдірінен, сүттің ақтығанан, айдың жарықтығынан анық аңғара аламыз.        

11 "Б" сынып оқушысы Тұрархан Қымбат

0 дауыс

Кез келген халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы болады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге байланысты туған шығармалар тұрмыс-салт жырлары деп аталған. Тұрмыс-салт жырлары мазмұны жағынан бірнеше түрге бөлінген. Олардың негізгілері:

1. Төрт түлік малға, еңбекке, аңшылық кәсіпке байланысты туған шығармалар. Наурыз жыры.

2. Баланың дүниеге келуіне, есейіп ержетуіне байланысты туған шығармалар.

3. Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлар.

4. Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар.

5. Бата-тілектер.

Тұрмыс-салт жырларының ең бай және кең тараған түрі – төрт түлік малға байланысты туған өлең-жырлар. Төрт түлік туралы өлең-жырлар ерте заманнан бері халықпен бірге жасасып келеді. Ерте кезде адамдарда әр түліктің иесі бар деген түсінік болған, оларға ат қойған, әрқайсысының жаратушы иесі бар деп түсініп, оларға жалбарынған. Мысалы; Қой атасы – Шопаната, Сиыр атасы – Зеңгібаба, Жылқы атасы – Қамбарата, Түйе атасы – Ойсылқара, Ешкі атасы – Шекшеката. Шопанатадан «Тегене құйрық қошқар бер, малды берсең, қойды бер», Қамбаратадан «Айғыр берсең үйірі толған байталды, өңкей мама бие бер», Зеңгібабадан «Сиыр берсең, өңкей сүттісін бер», Ойсылқарадан «Маң-маң басқан, маң басқан, шудаларын шаң басқан, жүнді, сүтті, күшті түйе бер», – деп жалбарынады. Тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысты болған қазақ халқы әр түліктің ерекшелігін де тани білген және оған байланысты көптеген өлеңдер туғызған. Соның бірі – «Малдың баласын сүюі» өлеңі.

Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
«Ештеңені білмеген момыным» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
«Қараңғыда баспаған қорқағым» деп.
Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,

«Жаудыраған көзіңнен тоташым» деп.

Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
«Тастан-тасқа секірген шұнағым» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
«Тұлпар болар жүгірген жұрыным» деп.

Халық ауыз әдебиетінде аңшы-мергендермен қатар алғыр қыран құстар мен жүйрік тазылар да өлеңге қосылған. Өлеңдерде олардың адам баласына пайдасы, көмегі, атқарған қызметі баяндалған. Халық арасына кең тараған әннің бірі – «Көкжендет».

Көкжендет, тұғырың алтын, жібек баулы,

Бар ма екен Көкжендеттей қыран шәулі?!

Күніне отыз үйрек, қырық қаз іліп

Кеш болса отырушы ең тояттаулы, –

деген жолдарда Көкжендеттің алғырлығы, тигізген пайдасы туралы айтылған.

Ертеден келе жатқан тұрмыс-салт жырларының бір түрі – Наурыз жыры. Қыстың ызғары кетіп, елдің ауыр еңбектен қолы босап, аққа аузы тиеді. Оны кәрі-жастың «құшақтасып көріскен, жаңа ағытқан қозыдай жамырасып өріскен Ұлыстың ұлы күні» дейді. Наурыз күні

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар..

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Бәле-жала жерге енсін!..–

деген өлең жолдарымен үлкен-кіші, кәрі-жас бір-біріне игі тілек тілеген.

Тұрмыс-салт жырларының бір түрі – сәбидің дүниеге келуіне байланысты туған өлең-жырларға шілдехана жыры, бесік жыры, тұсаукесер жыры, атқамінер жыры жатады.

Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Шілдеханаға жиналған көпшілік домбыра тартып, ән салып, айтысып, таң атқанша көңіл көтереді. Ән-жырмен жас анаға, өмірге келген сәбиге жақсы тілек тілейді.

Бесік жыры – ананың балаға деген ыстық мейірімі мен аналық махаббатын көрсететін тұрмыс-салт жырының бір түрі. Ана сәбиінің бесігін тербетіп отырып:

Әлди, бөпем, әлди-ай!

Айналайын, шырағым,

Көлге біткен құрағым,

Жағамдағы құндызым,

Аспандағы жұлдызым,

Әлди, бөпем, әлди-ай.!

Құрығыңды майырып,

Түнде жылқы қайырып,

Жаудан жылқы айырып,

Жігіт болар ма екенсің?–

деп, баласына деген аналық сезімін, одан күтер үмітін, артар сенімін өлең арқылы білдіреді.

Бала қаз тұрып жүре бастағанда, аяғын ала жіппен күрмеп, тұсауын кесу салтында айтылатын өлең-жыр – тұсаукесер жыры. Тұсау кесуші адам:

Қаз-қаз, балам, қаз, балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз-қаз, балам, жүре ғой,

Балтырыңды түре ғой.

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

Құтты болсын қадамың

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер, –

деп өлеңдете отырып, баланың өмірге аттаған қадамына сәттілік тілейді.

Бала төрт-бес жасқа толғанда өзіне арнаған тай немесе құнанына мінгізіп, қуаныш қылған тойында тілек, бата түрінде айтылатын жыр – атқамінер жыры. Тойға жиналғандар:

Ақ тілек, ақ тілек,

Атқа тоқым сал, тілек.

Жасыңнан малды баға біл,

Атқа жақсы шаба біл.

Өнеге, өнер таба біл,

Аймағыңа жаға біл.

Мінеки, атқа міндің – ашылды жол, –

деп, балаға үлкен жауапкершілік артып, сана-сезімінің оянуына, тез есеюіне әсер еткен.

Тұрмыс-салт жырларының келесі түрі – үйлену салтына байланысты туған өлең-жырларға жар-жар, тойбастар, беташар, сыңсу, т. б. жатады.

Ұзатылатын қыздың тойында айтылатын тұрмыс-салт өлеңінің бірі – тойбастар. Тойбастар өлеңінде:

Құнан қойын шайлатып сойдырған үй,

Табақ-табақ ет тартып, тойдырған үй,

Сәтті күні сәрсенбі той қылыпсыз,

Құтты болсын тойыңыз, той қылған үй! –

деп той бастаушы той иесіне игі тілек білдіре өлеңмен той бастайды. Тойбастар өлеңінде той иесіне жақсы тілек, ұзатылған қызының тойына «құтты болсын» айтылады.

Ұзатылатын қыздың тойында айтылатын тұрмыс-салт өлеңінің тағы бір түрі – жар-жар. Жар-жарды қыздар жағы, жігіттер жағы немесе қыз алушымен қыз ұзатушы құдалар жағы болып екіге бөлініп айтысады.

Жігіттер немесе қыз алушы жақ:

Алып келген базардан қара насар, жар-жар-ау,

Қара мақпал сәукеле бетің басар, жар-жар-ау,

Мұнда әкем қалды деп, қам жемеңіз, жар-жар-ау,

Жақсы болса, қайын атаң орнын басар, жар-жар-ау,–

десе, қыздар немесе қыз ұзатушы жақ:

Есік алды қара су майдан болсын, жар-жар-ау,

Ақ жүзімді көргендей айнам болсын, жар-жар-ау.

Қайын атасы бар дейді осы қазақ, жар-жар-ау,

Айналайын әкемдей қайдан болсын, жар-жар-ау, –

деп жауап береді.

Жар-жар осылайша екі жақтың ата-ана, аға-жеңге, апа-қарындас, аға-іні, т. б. туыстарын салыстыру арқылы бауырмалдықты, қайырымдылықты, мейірімділікті сипаттау үлгісімен жалғаса береді.

Жаңа түскен келінді жаңа жұртымен таныстыру мақсатында айтылатын тұрмыс-салт жырының бір түрі – беташар.

Келін, келін келіп тұр,

Иіліп сәлем беріп тұр, –

деп, жаңа түскен келінге ауылдың үлкендерін таныстырады.

Беташардың екінші бөлімі «Айт келін» деп басталып, жаңа түскен келінге тәрбие беру мақсаты көзделеді. Онда отбасы мүшелерін сыйлау, құрметтеу, еңбекке бейімділік, үй шаруасына икемділік, т. б. тәлім-тәрбие, өнеге айтылады.

Ұзатылатын қыздың ағайын-туыс, ел-жұрт, әке-шешесімен қоштасып айтатын өте ертеден келе жатқан тұрмыс-салт жырының бір түрі – сыңсу.Ұзатылып бара жатқан қыз:

Ата-анам еді – дәулетім,

Мен жұртыма жау ма едім.

Жатжұрттық болып кеткен соң,

Кетер-ау бастан сәулетім, –

деп, ел-жұрт, ағайын-туыс, құрбы-құрдасқа көңіл шерін толғайды.

Тұрмыс-салт жырларының бір түрі – көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар қоштасу, естірту, жоқтау болып үшке бөлінеді.

Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлардың бірі – қоштасу. Қоштасу жақын адамынан айырылғанда айтылатын көңіл күй жыры болып табылады.Қоштасу өлеңдері сонымен бірге кір жуып, кіндік кескен атамекенмен, туған жермен қоштасу түрінде де айтылған. Мысалы, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Ай мен Таңсық туған жерімен:

Балталы, Бағаналы ел аман бол,

Бақалы, балдырғанды көл аман бол.

Теруші ем еріккенде ермек етіп,

Екпе жиде, алма ағаш, гүл аман бол, –

деген өлең арқылы қоштасқан. Қоштасу өлеңдерінде туған жерге, ғашық жарына, ата-анасына, туған-туысқанына деген қимастық сезім білдірілген.

Қазақ халқының ертеден келе жатқан көңіл күй өлеңінің бірі – естірту және көңіл айту. Естірту бір адамның немесе бүкіл елдің басына түскен ауыр халді, қайғылы қазаны өлеңмен, тұспал сөзбен не күймен жайлап естірткен. Мысалы:

Ақсұңқар ұшты ұядан,

Қол жетпейтін қиядан, –

деп, қазаны естіртуші адам айтайын деген ойын жұмбақтап, ишаратпен, тұспалмен бастап, әр түрлі салыстырулар арқылы тыңдаушыларды алдын ала даярлаған. Сондай-ақ,

Қанаты бүтін сұңқар жоқ,

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ

не болмаса «Жетпесті қума, келмеске жылама» деген сөздермен басу, жұбату айтқан. Мұндай өлең түрлері естірту деп аталған. Естірту өлең-жырмен де, қарасөзбен де, күймен де жеткізілген. Естіртудің қарасөз түріне «Жиренше шешенге Қарашаш сұлудың өлгенін естірту», «Шыңғыс төреге Шоқан өлімін естіру», «Қанжығалы қарт Бөгенбай өлімін естірту», т.б. жатады. Ауыз әдебиетінде естірту күй түрінде де кездеседі. Мысалы, Жошы ханның жалғыз ұлының өлімін күймен естірткен.

Көңіл күйге байланысты туған өлең-жырдың көне түрі – жоқтау біреудің жақын адамы, ел қамқоры болған батыр қайтыс болғанда айтылған. Халық үшін жаулармен шайқасып, қол бастаған, ел қорғаған Қанжығалы Бөгенбай батыр өлгенде Үмбетей ақын:

Уа, Алатаудай Ақшадан

Асып тудың, Бөгенбай,

Болмашыдай анадан

Болат тудың, Бөгенбай, –

деп жоқтаған.

Көңіл күйді білдіретін өлеңдерді ғалым, әдебиетші М.О. Әуезов «мұң-шер өлеңдері» деп те атаған.

Тұрмыс-салт жырларының бірі – бата-тілек. Бата – қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани қазынасы. Халық «Жаңбырмен жер көгереді, Батамен ер көгереді» деп бата сөздерге аса үлкен мән берген. Этнограф-фольклорист В.В. Васильев «Бата – қазақ поэзиясының ерекше түрі» деп аса жоғары бағалаған. Батаның көптеген түрлері бар.

1. Жол батасы.

Жолыңды Алла қолдасын,

Сапарыңды оңдасын.

Пырақ болып мінгенің

Жорытқанда жаныңда

Қызыр болсын жолдасың...

2. Дастарқан батасы:

Заман тыныш болсын,

Дастарқанға ырыс толсын.

Орындарың төр болсын,

Нәсіптерің мол болсын!

3. Тұсаукесер батасы:

Тұсауыңды кесейін,

Салып ата салтына

Жалтақтамай аяқ бас.

4. Шілдехана батасы:

Құтты болсын бесігің,

Аштың өмір есігін.

Батамды оңдап берейін,

Азамат бол мерейлі!

5. Көш батасы:

Көшің көлікті болсын,

Көлігің сенікті болсын!

Көшбасшың білікті болсын,

Сапарың сенікті болсын!

Конспект сұрақтар

Төмендегі ауыз әдебиетінің үлгісі түліктің қай түріне арналғанын табыңыз. Шібегелер шігесі, Қатпа келер шекесі, Сойса, саны қалақтай, Сауса, сүті бұлақтай.
«Айт, келін» деп басталатын жыр ауыз әдебиетінің қай түрі екенін белгілеңіз.
«Бата – қазақ поэзиясының ерекше түрі...» деген пікірді айтқан фольклорист-ғалымды көрсетіңіз.
«Жетпесті қума, келмеске жылама», «Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ» деген сөздер ауыз әдебиетінің қай түрі екенін көрсетіңіз.
Аңшылық кәсібіне байланысты туған өлең-жырды көрсетіңіз.
Берілген үзінді ауыз әдебиетінің қай түріне жататынын көрсетіңіз. ...Ақсұңқар ұшты ұядан, Қол жетпейтін қиядан...
Берілген өлең жолдары тұрмыс-салт жырының қай түріне жататынын көрсетіңіз. Жағамдағы құндызым, Аспандағы жұлдызым. Әлди, бөпем, әлди-ай!
Бос орынға мақал-мәтелге қажет сөздерді көрсетіңіз. «________жер көгерер, ________ер көгерер».
Бос орынға қажет сөзді көрсетіңіз. Төрт түлік ақты болсын, __________оң болсын!
Бос орынға қажетті сөздерді көрсетіңіз. Түйе сүйеді баласын «___________» деп, Жаудыраған көзіңнен «__________» деп.
Жігіт жағы, қыз жағы болып бөлініп айтaтын ауыз әдебиетінің түрін көрсетіңіз.
Жар-жар қандай жағдайда айтылады және кім айтатынын белгілеңіз
Жошы ханның баласының өлімін кім, не арқылы естірткенін көрсетіңіз.
Көңіл күйді білдіретін өлеңдерді «мұң-шер өлеңдері» деп атаған ғалымды көрсетіңіз.
Сәбидің дүниеге келуіне байланысты туған өлең-жыр түрін көрсетіңіз.
Туған жермен қоштасу өлеңі қай лиро-эпостық жырда кездесетінін көрсетіңіз.
Төрт түліктің бірі түйе атасы қалай аталатынын табыңыз.
Халық ауыз әдебиетіне жатпайтын қатарды көрсетіңіз.
Үзінді ауыз әдебиетінің қай түрі екенін көрсетіңіз. Көшің көлікті болсын, Көлігің сенікті болсын!
Үзінді ауыз әдебиетінің қай түріне жататынын белгілеңіз. Уа, Алатаудай Ақшадан Асып тудың Бөгенбай...
Үзінді ауыз әдебиетінің қай түріне жататынын көрсетіңіз. Сәрсенбі сәтті күні той қылыпсыз, Тойыңыз тойға ұлассын берекелі.
Үзінді ауыз әдебиетінің қай түріне жататынын көрсетіңіз. ...Қаз-қаз, балам, қаз балам, Тақымыңды жаз, балам Қадамыңа қарайық, Басқаныңды санайық...
Үзінді батаның қай түріне жататынын белгілеңіз. Жолыңды Алла қолдасын, Сапарыңды оңдасын. Пырақ болып мінгенің Қызыр болсын жолдасың...
Үйлену салтына байланысты туған өлең түрін белгілеңіз.
Ұзатылатын қыздың ағайын-туыс, ел-жұрт, әке-шешесімен қоштасып айтатын жыры қалай аталатынын көрсетіңіз.

0 дауыс

...Көне көшпелі түркілер мал өсіру, егіншілік, аң аулау істерімен айналысқан.

Л. Н. Гумилев

...