+1 дауыс
51.9k көрілді
Мағжан Жұмабаевтың Мен кім? деген өлеңін тауып беріңіздерші. Тек толығымен болса жақсы болар еді. Интернеттен толығымен жазылғанын таба алмадым. Мүмкін сіздер білерсіздер қай жерде бар екенін. Сілтемесі болса...

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
 Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
 Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген,
 Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?
 Көкте - Күнмін, көпке нұрым шашамын,
 Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.
 Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,
 Ерігемін - толқып, шалқып, тасамын.
 Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың,
 Түлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
 Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
 Көз қырымен күліп қана қарармын.
 Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
 Надан адам өлім жоғын білмейді.
 Өзім - патша, өзім - қазы, өзім - би,
 Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
 Мейірленсем - сегіз жұмақ қолымда,
 Қаһарлансам - тамұқ даяр жолымда.
 Жоқ жақыным, Жасағандай жалғызбын!
 Мен бе иілер әлсіз адам ұлына?!
 Өзім - тәңірі, табынамын өзіме,
 Сөзім - құран, бағынамын сөзіме!
 Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,
 Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе!
Көп рахмет!
0 дауыс
Көп рахмет Алла разы болсын
0 дауыс
Қай жылы шықты?
0 дауыс
Арс арс арс арс арыстан
...