+2 дауыс
Сіз патриотсыз ба?Патриоттық сезімді тұлға бойында қалыптастырудың маңызы зор екенін жақсы білеміз. Бірақ ол үшін қалай тәрбиелейміз?(Патриот сөзінің аудармасы ретінде ұлтжандылық пен ұлтшылдықтың бірін алсам,әркім әртүрлі пікірде болар деп ойладым,себебі бірде достарымыздың арасында осы сөздерді қолдануға қатысты әңгімелескенімізде  түрлі пікір естіген едім.Бірақ өзім ұлтжандылықты қолданғанды дұрыс көремін. )
24.05.2012 1.5k қаралым

4 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Кейде күйлерді, қазақты мадақтайтын жыр- термелерді, өлеңдерді естігенде, оқығанда   бір түрлі балқып, ерекше бір сезімге бөленіп, денем (терім) бүртік - бүртік болып кетеді. Патриоттық сезім деген осы шығар деп қоям ішімнен.
24.05.2012
Осыны айтқым келген. ЖАрайсың, Патриот.)
0 дауыс
Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты - Қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем -Қазақ, шешем-Қазақ,
Мен неге Қазақтықтан сақтанамын!
24.05.2012
Мен- қазақ, «қазақпын» деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім- қазақ өмірі, өзім -қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!
С.Торайғыров
Ия дұрыс.
Сіз жазған нұсқа Міржақып Дулатовтың өлеңі екен.
0 дауыс
менг өзімді патриотпын деп те  айта алмаймын
26.05.2012
сіздің ойыңызша патриот қандай адам?
–1 дауыс
Мен патриот емеспін!Мақтана айтам (40 әріптен кем болмасын)
30.05.2012
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы