0 дауыс
1.2k көрілді
1.Қазақстанның ең ірі электр станцалары?
2.Шөл зонасына сипаттама?
3.Шығыс Еуропа жазығы?
4.Маңғыстау облысына сипаттама?
5.Қазақстанның қорықтары?
6.Көмір өнеркәсібі,электр қуаты?
7.Арал теңізіне сипаттама?
8.Шығыс Қазақстан ЭГЖ ерекшеліктері?
9.Маңғыстаудың аласа тауларына сипаттама?
10.Қазақстанның көлік кешені?

2 жауап

0 дауыс
2)  Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га, республика аумағының 44%-ына жуығын алады. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі. Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ . Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды. Шөлдің кейбір аудандарында жылдық жауын-шашын 100 мм-ге де жетпейді. Жазда жаңбыр өте сирек жауады. Жауын-шашынның көбі көктемде түседі.

Қысы суық. Аяз -40°С-қа дейін жетеді. Жазы өте ыстық, қапырық әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы солтүстігінде 24° -26°С, оңтүстігінде 28° -30°С. Құм бетінде температура жазда 70°С-қа дейін қызады. Осының бәрі буланудың көп болуына септігін тигізеді. Көктемде еріген қарсуымен толығатын қазаншұңқырлар мен ойыстар жазда кеуіп кетеді. Олардың түбінде қалың тұз қабыршақтары пайда болып, ондай жерлерде ешқандай өсімдіктер өспейді.
3) Шығыс Еуропа жазығы - Жер шарындағы аса ірі жазықтардың бірі. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығыс бөлігі енеді. Жазықтың казақстандық бөлігі Мұғалжар және Үстіртпен, оңтүстігінде Маңкыстаумен шектеседі. Республика аумағындағы Жалпы Сырт кыраты, Каспий маңы ойпаты және Орал алды (Жем) үстірті осы аймақтың құрамына енеді.
4) [Маңғыстау облысы][1]
5)[Қазақстан қорықтары][2]
7) [Арал теңізі][3]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%83_%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B
  [2]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D1%80%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80
  [3]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%80%D0%B0%D0%BB_%D1%82%D0%B5%D2%A3%D1%96%D0%B7%D1%96
0 дауыс
Шығыс Еуропа жазығына 25 сұрақтан тұратын тест керек жауабымен отнем тауып беріңіздерші
...