0 дауыс
2.7k көрілді
Географиядан қызықты сұрақ жауап немесе мәліметтер керек еді. Тауып бере алсаңыздар жақсы болар еді. Тек өтініш ең ең керек емес өзімде бар

1 жауап

0 дауыс

Жаһандық ысыну нәтижесінде су деңгейінің көтерілуінен ең көп қорқатын ел Мальдив Республикасы. Теңіз деңгейінен тек 1,8 метр биіктікте орналасқан Мальдив халқы жер бетіндегі ең төмен деңгейде қоныс тепкен ел болып саналады.

300 адам өмір сүретін Фолкленд аралдарында жарты миллонға жуық қой бар. Аралдың негізгі кәсібінің мал шаруашылығы және ең саудалы тауарының жүн екендігі айтпай-ақ түсінікті болар.

Канададағы 3 миллионнан астам көлдер, Канаданың 9% алып жатыр. Сондай-ақ жер бетіндегі көлдердің 60 пайызы осы елдің аумағында орын алуда.

Моңғолия тығыздығы жағынан халқы ең аз мемлекет. 3 000 000 халқымен 1 шаршы километрге 1,9 адамнан тура келеді. Халқы ең тығыз аймақтардың қатарына Гонконг жатады 1 шаршы километрге 6544 адамнан тура келеді.

Нигерия жалпылама алғанда әлемдегі ең жас мемлекет. Яғни халқының жартысы (49%) балиғат жаста.

Балта тимеген дерлік ормандармен толы ел Суринам. Жерінің 91% балта кірмеген орманды алқап. 500 мыңдық тұрғындары жағалау бойларында мекендейді. 5 пайыз дерлік бөлігі ішкі жақта мекендейді.

Ағашқа кедей ел Гаити. Орманды алқаптары орынсыз кескінге ұшырағаны соншалық, ғарыштан түсірілген суреттерге қаралғанда Доминикан елімен шекарасын оңай ажыратуға болады.

Егін шаруашылығы жоқ дерлік ең үлкен ел Сингапур. Жер бетінде экономикалық мағынада егіншілікпен айналыспайтын кіші елдер (мәселен Ватикан) бар әрине. Сингапур бұлардың ішіндегі ең үлкені.  

Шөл елі Либия. Елдің 99% шөл алып жатқан Либия әлемдегі ең құрғақ жерлердің бірі. Елдің кейбір бөліктеріне 10 жылдан бері жауын түспеген.

Жер бетіндегі ормандардың 25% Ресейдің сібір аймақтарында орналасқан. Осы ормандарымен Ресейді дүниенің ең үлкен оттегі өндіруші елі деуге келеді.

Мәліметтер ашық ақпарат көздерінен алынды.

...