0 дауыс
828 көрілді
Қайрат Нұртас жайлы кино түсіріліп жатыр деген рас па?

2 жауап

+2 дауыс
Журналист:
– Демек, әншілікпен қатар
актерлік қырыңыздан
көрінуге де тырысып жүрсіз
ғой? Қандай кейіпкердің рөлін
сом-дадыңыз?
Қайрат:
– Мен Ж.Елебеков атындағы
эстрада-цирк колледжінде
білім алғанмын. Ол жерде
актерлік мамандық бойынша
да білім береді. Бұл менің кино
әлеміндегі алғашқы қадамым
болғандықтан, көңіліме үлкен
әсер қалдырды. Өзіме қатты
ұнады. Бір қызығы, ол фильмде
бұзақы кейіпкердің яғни,
рэкетирдің рөлін сомдадым.
Негізі бұл рөлге тақырбас,
денелі адамдарды қояды ғой.
Ал, мен кәріс
киноларындағыдай, шашын
артқа қайырып тастаған бұзақы
адамның рөлін сомдадым.
Оооо рахмет! бірақ мен Қайтар Нұртас өзі басты рөлде ойнайтын кино түсіріліп жатыр деп естігем. Ғашық жүрекке ұқсайтын.
0 дауыс
– Сен туралы кино түсіріледі деген ақпар тараған болатын...
– Киноға түсірейік деген ұсыныстар көп. Бауыржан Есебаев ағамыз менің өміріме арнап сценарий жазып, өзім түсіремін деп отыр. Сценарий жазылып біткен кезде «Ғашық жүрек» экранға жол тартқан болатын. Екеуміз де әншіміз. Ұқсап кетпес пе екен деген ой да болды. Содан түнгі төртте жолдан қалып, кинозалға барып, әлгі киноны көрдік. Ұқсас жерлері көп екен. Содан басқаша етіп, сценарийді басынан бастап жазатын болды. Түркиялық азаматтар да біз түсірейік деген ұсыныс жасаған болатын. Келешекте міндетті түрде түсіріліп қалар. 

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
6 жауап
+1 дауыс
1 жауап
–1 дауыс
5 жауап
...