Тұлға, Адам | 2.2k қаралды
2.2k қаралды
Чарльз Дарвин адам маймылдан жаралған деп тұжырымдаған,ал дiни түсiнik бойынша адамды Алла Тағаламыз балшықтан сүр үрлеп жаратқан делiнедi.Сiз осы екi түсiнiктiң қайссы дұрыс деп ойлайсыз?

8 жауап

Біз ешкімнен жаралмағанбыз
Біреу бізді жаратты
ол Алла !
Жақсы Жауап
келіспекпін_)
Адам Адам Ата мен Хауа анадан жаралған. Әрине Алланың қалауымен.
Белгісіз
Топырақтан жаратылдық
Адам ата мен Хауа анадан жаралған !!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Топырақтан жаралған шығар. Адам өмір сүру үшін, барлығын топырақтан өсіп шыққан өніммен қоректенеді ғой, барлық тірі организмдер де топырақтан өнген өніммен қоректеніп өмір сүреді. Маймыл да сөйтеді)))
Сонда адам маймылдан жаралса, маймыл неден жаралыпты?))) Адам мен маймыл екеуі екі түрлі тіршілік иесі екені анық қой. Және қатып қалған қағида жоқ, Дарвинизм ол дәлелденбеген, жәй ғана теория ғана!)
Дарвинге сенбеймін, бірақ эволюцияға сенгім келеді, эволюция десе болды бәрінің көзіне маймыл елестейді ау деймін, сонда әкең маймыл ма шешең маймыл ма деп шулайды, зашым так? маймыл жайлы әңгіме емес, эволюция жайлы айтып отырмын, маймылды ұмытыңдар. сонымен не айтайындеп жатыр еді. а ия бір түрдің мыңдаған, миллиондаған жылдар бойы өмір сүру барысында қоршаған ортаға, анау мынау факторларға адаптацияланудың әсерінен екінші бір түрге (сәпсем басқа түр емес, ағайын) өзгеруі логично емес па? Ереке саған тіреліп әңгіме айтып жатқаныма без обид, мынау сұраққа жауап емес, жәй пікірім еді, сондықтан пікір ретінде жазып жатырмын
білмейтінің жоқ.
Біз-ақ Ереке болайық))) Эволюция деген пікіріңе қосыламын. Маған соңғы эволюция, ІІ ДЖ соғыс сияқты көрінеді. Ғылыми техникалық жаңару
ұжс Ереке дедім ба ))) Нұреке )))
Аналық & Аталық пикчерс) ) )(rofl))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
Алла Тағала адамзатты балшықтан жаратты дегенге сенем өз басым! Басқасын білмейм, маймылдан жаралған деген түкте қисынға келмейді! Маймылды адам қылғысы келгендер бар, бірақ одан еш нәрсе шықпады және шықпайды да!
Адам ата тарихы

Аса мейірімді, өте рақымшыл Аллаһтың атымен (бастаймын).

) هُوَ ٱلَّذِي خَلَقَكُمْ مِّن طِينٍ ثُمَّ قَضَىۤ أَجَلاً وَأَجَلٌ مُّسمًّى عِندَهُ ثُمَّ أَنتُمْ تَمْتَرُونَ )*(2) Ол - сондай (аса құдіретті) Алла, сендерді (сендердің атаң - Адамды жер жүзінің түрлі жерінен алынған топырақтардан тұратын) балшықтан жаратты. Сонан соң, ажалды (әрбір жан-жануардың өлім мезгілін) белгіледі (сондықтан, әрбір жанның ажалы Ол белгілеген тағдырға байланысты). Сондай-ақ, белгілі мерзім (қыяметтің басталатын уақыты) де Оның құзырында (қыяметтің қашан басталатынын Одан өзге ешкім білмейді). (Ей, кәпірлер, осындай ашық дәлелдер келгеннен) кейін (де) сендер (шайтанға еріп) күдіктеніп тұрсыңдар.

Түсінік: Алла тағала алдымен Адам атамызды жаратты. Міне сол атамыздан бері қарай оның ұрпақтары тарады. Сондықтан, «сендерді балшықтан жаратты» дегендегі әңгіме негізінде Адам атамыз туралы айтылған. Мұнда Адамды деудің орнына "сендерді" дегеннің хикметі туралы ғұламалар былай деген:  Құранда зікір етілген «Адам» негізінде бүкіл адамзатты «тамсил» етеді, яғни, мысалдап бейнелейді. Демек, Адамның (а.с.) жаратылуы да, оның қиссасы да оның тек бір өзіне ғана емес, барша адамзаттың мінезіне, табиғатына қатысты ғибрат болатын оқиғалардың жиынтығынан тұрады. «Нұх» сүресінің 17-18- аяттарында:

«Алла сендерді (адамзатты) жерден өндірді (жаратты). Сосын сендерді (қайтыс болғандарыңда) оған (жерге) қайтарады, (сөйтіп, қыямет күні) сендерді қайта шығарады» деді. Осыған байланысты адамзаттың бүкіл өмірі осы жер мен оның топырағына байланысты.
Бизди Алла жараткан
118,378 сұрақ
305,269 жауап
153,296 пікір
67,628 қолданушы