+1 дауыс
9.1k көрілді
СЕНІҢ КӨЗІҢ...

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған,
Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман.
Сенің жүзін көкте күннен, жерде гүлден нәр алған,
Шашың сенің — жан баспаған жапандағы қара орман.

Қас-кірпігін қарлығаштың қанатындай қап-қара,
Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?!
Әсем басың әп-әдемі, мүсініне шақ қана,
Шиедейін еріндерін қызарып тұр шоқтана.

Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен,
Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен,
Күлкін сенің шашылған нұр, сөзін кәусар, бал ма екен,
Бұл ғаламда сенен артқан сірә, біреу бар ма екен!?

Бұл ғаламда сенен артқан жан бар деуге сенбеймін,
Сен солайсың, Ләйлім менің, сенбе маған, сен мейлің.
Бұл ғаламда сенен артқан бір жан болса егерде,
Өз көзімді өзім оям, оны мәңгі көрмеймін.

Зәмзәм суы сенен арзан, тата алмаған кәусарым,
Сенің әсем мүсінінді сөзбен қалай тауысамын?!
Мың Мәжнүн мендей, сірә, тебіренбеген шығар-ау,
Аппақ құсым, қайдасың сен?
Аңсадым-ау, аңсадым...

осы әнді тауып бересіндерма  Музартта айтат ол керек емес әйел адам айтатын түрүн
Бірдей болса не болыпты?! Сен көрсеткен сілтемеде жауабы жоққой !
Менің телефонымда бар еді. Саған қалай жібіре аламын?
Самат! Бұл сұрақ іздеу виджетімен іздесе табылады! Жауабы болмаса білгендер жазсың! Бірдей сұрақтың қажеті жоқ деп ойлаймын. Файлобменник rghost.ru-ға салда сілтемесін қалдыр жауап ретінде. ЖЖ басайын. Іздегеніме өте көп болды Самат!
Белгісіз
http://www.fayloobmennik.net/3012173
мынау жақсы http://download.files.namba.net/files/50771312   үстінгісі көшіргенба қатат
сосын Кенженің тағы бір өлеңі http://download.files.namba.net/files/50771012
https://vk.com/audios87258267
контактта бар. кенже деген әнші айтады
...