0 дауыс
246k көрілді
Менің арманым тақырыбына шығарма тауып берініздерші?

19 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Арман алысқа жетелейді демекші менің де өз арманым бар.Менің арманым-әнші болу.Әншілікті жаным сүйеді.Бірақ бұл жай ғана ойым,болашақта басқа мамандық таңдап қалуым да ғажап емес.Жалпы өзім патриоттық,лирикалық,классикалық әндерді сүйіп тыңдаймын.«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші армансыз адам да болмайды.Қазіргі  арманым ата-анама үлгілі қыз болып,сабақты жақсы бітіру.Ата-ана баланың көз қуанышы,бірақ қыз бала үшін ананың орны өте зор,сондықтанда анамды қуантқым келеді.Жаман оқимын дей алмаймын,құдайға шүкір сабақты жақсы оқып жүрмін.Арманымыз биікте болсын!Әрқашанда арманымызға ұмтылып,талпынып,шарықтау шегіне жетейік достар!
Рахмет маған ұнады
+1 дауыс
Біз сіздің арманыңызды қайдан білеміз?
1ши сынып окушысы менин ойымша али армандаудын не екенин билмейди деп ойлайм сол ушин сиздерден комек сурап турмын
0 дауыс
Шығарма - әр адам өзінің ойынан шығарып жазатын "туынды" десек те болады.  Жарайды, тақырыбы басқа болса жазар едік, "арман" туралы шығарма... Сонда өзіңіздің арманыңызды парақ бетіне жаза алмасаңыз, тіпті сізді түсіне алмадық.
 Армансыз адам - қанатсыз құс болып тұрсыз ғой!
Бауырым дурыс айтасын шынымен арким оз арманын жаза алмаса уят.Мен сенин айтканына косылымын.
0 дауыс
Әр адамнын озинин арманы болады. Менин арманым ффутболшы болу. Мен футболды катты ойнай алмаймын бирак атакты футболшы болсан не жетсин алемнын ар каласына саяхат жасап конил котерип кайтасын
0 дауыс

Менің арманым...

Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – журналист болу.

Бала күндерімнен бастап, ойымдағының бәрін қаламның ұшымен ақ парақ бетіне түсірдім, көп кітап оқыдым. Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым.  Есейе келе, бұл арман – алға қойған мақсатыма айналды. 

Журналист – қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы көпір секілді. Тек шындықты айтатын, тек шындықты жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Ол – сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен сөз табыса алатын, қарапайым, білімді адам.

Мен де, жоғарғы білім алып, халқыма қызмет еткім келеді. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болғым келеді!

Кім біледі, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?! Мен бұл арманымды міндетті түрде орындаймын!

0 дауыс

Әр адамның өмірінде өз арманы болады.

Сол себепті әр адам арманының жүзеге асуына ықпал жасайды.Сол адамдардың бірі мен. Менің арманым ата-анамды бойжетіп,өскен кезімде,перзеттік парызымды орындағым келеді.

Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – дәрігер болу.

Мен де, жоғарғы білім алып, халқыма қызмет еткім келеді. ауырып жанына шипа іздеген жандарға көмектескім келеді.

Кім біледі, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?! Мен бұл арманымды міндетті түрде орындаймын деп ойлаймын.

Анам да кезінде армандаған екен. Компьютер меңгерсем, интернет арқылы түрлі өзіме керекті деректерді алсам деп ойлатынмын. Аллаға шүкір менің арманыма қазір балаларым сендер жетіп келесіндер дейді. Өзім қатарлас балалардың арманы қазіргі заман талабына сай. Бәрі электроника, техникаға әуес. Есейе келе, бұл армандардың бәрі - алға қойған мақсатымызға айналарына сенемін. Мен сабағымды тек 5 –ке оқып үлкейгенде мұғалімдерімің, ата-анамның үмітін ақтағым келеді. Ешбір адамда арман болмауы,мақсат, міндет болмауы мүмкін емес.

КСЕНИЯ КАЛЯГИНА,
С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің оқушысы

0 дауыс

Менің арманым

Дәрігер болу ұнайды

Менің арманым өте көп. Соның бірі бала күнгі арманым, қазіргі кездегі арманым — дәрігер болу.

Себебі, маған дәрігер болу ұнайды және менің кіндігімді кескен анам да, апам да дәрігер, мен соларға еліктеп дәрігер болуды армандадым.

Маған дәрігер болу қатты ұнайды. Болашақта жаны ауырған адамға көмегімді тигізсем, өзімді өте бақытты жан деп бағалар едім.

Және тағы бір арманым, Қазақстан жерін көркейтуге атсалысып, өз үлесімді қосқым келеді.

Осы армандарыма сүрінбей жетіп, халқыма қалаулы, еліме елеулі азаматша болғым келді.

Арманы жоқ адам болмайды, әрине.Әркімнің өз арманы бар. «Сол арманым орындалса екен, соған жетсем екен, қателеспесем екен» деп тілейді. Соған жетуге, қателеспеуге ұмтылады. Ол үшін мектеп қабырғасында жақсы оқып, парасаттылықты, әдептілікті, мәдениетті, мейірімділікті, ақылдылықты, шыншылдықты үйренуі керек. Және тағы да нашақорлықтан, шылым шегуден, алкогольден сақ болуы қажет. Адам өміріне алкоголь, есірткінің қаншалықты зиян екенін білеміз. Сондықтан адамдар, жасөспірімдер, жағымсыз әрекеттерден аулақ болайық. Арманымызды кірлетіп алмайық.

Гүлжібек КЕНЖЕҒАЛИЕВА

0 дауыс
Өнерлі болу оңай ма деген такырыпка эссе керек тауып беріңіздерші
0 дауыс
Менің бала қиялым атты эссе қажет болып тұр
0 дауыс
менин арманым жок
0 дауыс
Оте  керемет  бирак  дал  осынын  агышыншасы  жокпа?
0 дауыс
Менин арманым оскенде актриса болу ол мен ушин алемдеги оте танымал ерекше жумыс болып табылады мен бул арманымды миндетти турде орындаймын баскада актер актрисаларга карап осетин боламын,
0 дауыс
Менің бір ғана арманым бар. Ол көп ар андарым орындалса деген
0 дауыс
əскер туралы эссе тауып беріңдер өтініші
0 дауыс
Менің арманым футболист болу деген тақырыпта шығарма керек
...