+5 дауыс
707 көрілді
Кейбір қолданушылардан Модератор, Редактор деген белгілерді көрдім. Мен де қызығып отырмын. Жалпы дүркіретіп балл жинамай-ақ модератор болуға болады ма?
Сұрақтың жабылу себебі: Жақсы жауаптар айтылды!
Белсенділік көрсетіп жүрсең сайт админстраторы сенің дәрежеңді көтере алады.

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Редакторлықты админ ағай өзі тағайындайды,еңбек түбі-береке дегендей,сенің де біраз еңбектеніп,жақсы жауап беріп жүрсең болғаны әзірше.Редактор болсамда оның біраз шарттарымен танысып,соған орай қателерді өңдеп жүрмін.
+2 дауыс
Жоқ болмайды. Оған жету үшін саған әлі еңбектену керек!!!:D
+3 дауыс
модератор,редакторларды админ таңдайды


Редактор деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?

Редактор (өңдеуші) дәрежесіндегі қолданушылар қарапайым қолданушылардың және маман дәрежесіндегі қолданушының барлық мүмкіндіктеріне ие, және сонымен қоса кез келген сұрақты өңдей алады, кез келген жауапты өңдей алады, Кез келген хабарламаларды жасырып не жариялай алады. Яғни егер сіз Редактор дәрежесіндегі қолданушы болсаңыз сіздің жалпы атқаруға тиісті міндеттері: сіз сайттағы пікірталастарды, қолданушылар жазған жауапты қадағалап отырасыз. Сұрақтарды мағынасына байланысты сорттап, сайт ережесіне қайшы келетін сұрақтар мен жауаптарды өңдеп, жасырып, ескерту беріп отырасыз.


Редакторлар сайт әкімшілігімен тығыз байланыста болуы қажет. Кез келген Редактор супер модераторларға өзінің байланыс ақпараттырын қалдыру қажет. Сайтқа қатысты маңызды талқылауларда белсенді редакторлар да талқылауға шақырылады.


Сайтта белсенділік танытып, өз қызметін жақсы ақтарған Редактор дәрежесіндегі қолданушыны сайт әкімшілігі өзара дауыс беру арқылы, қолданушының келісімімен не қолданушының өтініші бойынша Модератор дәрежесіне жоғарылата алады.


Редактор дәрежесіндегі қолданушылар сайт әкімшілігіне өзінің деңгейін жоғарылатуына өтініш білдірмес бұрын қолданушы мына талаптарға сай келуі керек: Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 4 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кем дегенде 50дан аз болмауы тиіс. Жасы 17-ден (он жеті) жоғары болуы қажет. Егер барлық талаптарға сай келсеңіз сіздің деңгейіңізді Модератор дәрежесіне жоғарылатуы жөніндегі өтінішіңіз қарастырылады.


Ескерту: редактор дәрежесіндегі қолданушы сайтта белсенділігін азайтып, 1 ай ішінде сайтқа сұрақ не жауап жазбаған жағдайда және ешқандай сұрақ не жауаптарды өңдемеген жағдайда сайт әкімшілігі қолданушыны маман дәрежесіне төмендетуге құқылы. Және Редактор дәрежесіндегі қолданушы кез-келген уақытта өзінің дәрежесінен бас тарта алады.
Модератор деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?

Модератор дәрежесіндегі қолданушылар жоғарыда айтылып кеткен барлық мүмкіндіктерге ие, және сонымен қоса қойылған сұраққа жақсы жауап таңдай алады, және қолданушылардың IP-адресін көре алады. Модераторлардың жалпы атқаруға тиісті міндеттеріңіз: Сұрақтарды сайт ережесіне сай өңдеп, ережеге сайт келмейтіндерін жасырып отырады. Қолданушыға тиісінде ескертулер беріп отырады, нәтиже шығармаған қолданушыны сайттан белгілі бір уақыт аралығында құлыптауқа құқылы. Сонымен қоса қойылған сұраққа жақсы жауап таңдап отырады. Сайттағы сұрақтардың мағынасына үлкен мән беруі қажет.


Модераторлар сайт әкімшілігінің негізгі бөлімін құрайтын болғандықтан сайтқа байланысты маңызды шешім қабылданар алдында модераторлар өзара дауысқа салу арқылы қабылданады. Модераторлар қолданушыларды Редактор не модератор дәрежесіне ұсынар алдында өзара дауысқа салып, шешім қабылдау қажет.


Ескерту: модератор не супер модератор дәрежесіндегі қолданушы сайтта белсенділігін азайтып, 1 ай ішінде сайтқа сұрақ не жауап жазбаған жағдайда және ешқандай сұрақ не жауаптарды өңдемеген жағдайда сайт әкімшілігі қолданушыны редактор дәрежесіне төмендетуге құқылы. Және модератор дәрежесіндегі қолданушы кез-келген уақытта өзінің дәрежесінен бас тарта алады.
Қарапайым қолданушылар сайт әкімшілігіне өзінің деңгейін жоғарылатуына өтініш білдірмес бұрын қолданушы мына талаптарға сай келуі керек: Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 2 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кем дегенде 30-дан аз болмауы тиіс. Егер барлық талаптарға сай келсеңіз сіздің деңгейіңізді Маман дәрежесіне жоғарылатады. (қарапайым қолданушы бірден редактор не модератор бола алмайды, ондай өтініштер ескерусіз қалады) бірден

Өнімді жауап жазуға дағдыланыңыз.
Өнімді демекші Даниктің жауап өнімділігін де сайт ережесіне қосып қойған абзал болар.
https://surak.baribar.kz/87691/ Мында Данияр жауап беру өнімділігін анықтаудың формуласын жазыпты. Ендігіде жақсы жауаптар санына емес, жауап беру өнімділігіне қарап бағалаған дұрыс сияқты.
Бәленше баллдан асқандардың барлығының дәрежесі көтерілмейді. Тіпті сайт ережесіндегі барлық талаптарды қанағаттандырып, өтініш білдіргендердің де дәрежесі міндетті түрде көтерілетін болады дейтіндей гарантия жоқ. Барлығы админ мен модерлердің көзқарасына тіреледі ақыр аяғы. Ал балл деген ол не, кәдімгі балл. керек болса жинай берсін, нанға жағып жейтіндей балл емес қой. пайдасы тиіп қалар десе, не өзін өзі жақсы сезінуге әсер ететін болса жинай қойсын баллын.
Мен балл үшін тыпырлап қиналып жатқаным жоқ, қайта балл жинамай-ақ статусты көтеруге болады ма деп сұрақ қойдым! Сұрақты оқыңызшы!
Балл үшін,жауап беріп қажеті жоқ.Сайттағы атақ-дәрежеге бола олай істемес едім,ең бастысы ұтымды жауап беру емеспе?!
бірің біріңнін артынан шам алып жүрмейтін шығарсыңдар енді? сөз тергемекіл жоқ айтып қояйын. сайттың берекесін қашырмаңыздар.
пы/сы: "тыпырлап" деген біртүрлі естіледі екен.
ыхыхы)
Мамандар алғааааааааааааа))))
ыхыхы)
+3 дауыс
<font color='gray'> "Модератор, Редактор" болмай тұрып,МЕН сияқты "маман" бол бірінші!))</font>
Мен сен сияқты болам дегенім жоқ қой! Маман болсаң маман шығарсың, солай мақтануға бола ма? Мен модератор болайын, сол кезде сөйлесеміз, МАМАН! :)
Хее ) мақтанған жоқпын күрсіін )
Жәй сен маман боласың бірінші дегенім ғой ) Сосын редактОР))
Белгісіз
Сен модератор болғанда ол супермодератор болады. так что байқа :)
Ойын ғой! ;)
...