0 дауыс
23.6k көрілді
Трапецияның табандары 4 және 12 см. Оның 6 ға тең  болатын бүйір қабырғасы үлкен табанымен 30 градус бұрыш жасайды. Трапецияның ауданын табыңыз. Осы есептің  жауабына көмектесуіңізді  сұраймын?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бұл жерде ең бастысы биіктікті тапсақ жеткілікті. Бұл жерде 30 градустың тікбұрышты үшбұрыштағы қасиетін пайдаланамыз сөйтіп биіктікті табамыз

0 дауыс
қаншасыншы есеп?
Бақылаудан келген есеп .
0 дауыс
Жауабы 24 болады деп ойлаймын.
мхм  жаубыңызға рахмет .
Формула бойынша Аудан тең а+в бөлінген 2 көбейтілген биіктік. Осыдан келе 24 шығады.
Бірақ бұл жерде биіктік пен градусы да бар ғой
Мен осыдан келе деп қысқартып айттым. Биіктікті гипотенуза мен катеттердің формуласы бойынша есептеп 3 деп айтып тұрмын. қабырғасы 6 ал градус 30. синус 30 градуста 1/2 -ге тең. Яғни қабырғаның жартысына 3 ке тең.
0 дауыс
[Мына][1] жерден трапецияның ауданын аласың да, орнына қойып шығарасың, ал биіктікті 30 градусқа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең деген формуламен шығарасың, сосын орнына апарып қоясың, түгін қалдырмай шайнап бердім...


  [1]: http://www.webmath.ru/poleznoe/formules14.php
жауабыңызға  көп -көп рахмет
...