0 дауыс
2.6k көрілді
1.Жалпы қыздың бұлай жасағаны дұрыс па...?
2.қандай кедергі,жаман жақтары бар?
білетінім,егер әйелі мен куйеуінің арасында келеңсіз жағдай болғанда,аздап уақытша тынығып алу ушін,қыздың барар жері жоқ.....тағы қосарыңыз?

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
"Қыз жат жұрттық". Мейлі ол алысқа, не жақын жерге тұрмысқа шықсын, бәрібір өз Отанына кетеді. Егер жүрегі қаласа, болашақ жарын сүйсе алыс қалаға  тұрмысқа шығуға ешқандай кедергісі, жаман жағы жоқ деп ойлаймын.  Меніңше қызда "Күйеуімнен уақытша тынығуым керек" деген ой болмауы керек. Ол келеңсіздіктерді туғызбай, керісінше оған күннен-күнге жақын болып, барған жеріне судай сіңіп, тастай батуы тиіс. "Төркіні жақынның төсегі жиылмас"  деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған болар...
...::::Пікіріңізге Рахмет::::::....
+1 дауыс
Қыз жақын түрған сайын төркініне барғыш болады ғой!
Басты мәселе келеңсіздігі ойландырса өз қаласына шыға берсін!
Төркіні жақынның төсегі жиналмас деп қойсаңызшы)
Белгісіз
+2 дауыс
Қыз бала жат жұрттық, қай жерге кетседе бағы жанса болар.
Кейде тіпті ойлаймын,қайта басқа қалаға кетсе,қызық сияқты...Басқа адамар,салт-дәстурлері басқа.....Қызық:::...
Көбісі ойлайды шыт жаққа (басқа қала, басқа ел) кетсе өз еліне анда-санда келіп тұрса сыйлы болады, әрі өз "кетем" деп қиғылық көп салмайды))) Но өзіне байланысты ғой бәрі қай жерге келің боп түссеңде салт-дәстүрдің көбісі бір. Сіз айтып тұрсыз қызық деп, бірақ қызықтан бұрың сәл қиындай. Менімше салт-дәстүрлері жақын қалаларға кеткен дұрыс. Көп шаршамайсыз)) Кеткелі отырсыз ау)) Бағын жансың !
Әрине,келеңсіз жақтары бар,сөзсііз....
Құдай-ау,11ден кейін басқа қалаға  оқуға кетейін деп журм,анам болса,"оқудан кейін бірден уйге кел "дейді,ИншаАллах барлығы жақсы болар!
...:::::Рахмет:::::.....
0 дауыс
әлгі бір мақал бар еді ғой. "төркіні жақынның төсегі жиналмас" деген. сол себепті алысқа шыққан дұрыс. меніңше.
"төркіні жақынның төсегі жиналмас" дегенге түсінбедім кім түсіндіріп берер екен
Төркіні жақын деген апайын жақын тартып, туыстары жиі келеді, қонақ көп келеді деген мағынада. Бұл мақалды негізге алып, төркіні жақын жердің қызы тура шаруаға олақ, төсек жинай алмайды деп қарастыруға болмайды!
...