Жасыл көл, жасыл бел, жасыл теңіз, жасыл орман, жасыл жағалау... жасылдың жақсылыққа жетелейтіні анық.
Тайгада, жалпы шырша ормандарында өсетін шөптердің гүлі ақ болып келеді. Құдды жасыл шыршаның ерекшеленуіне табиғаттың өзі көмектесіп тұрған сияқты.
Шырша ағашының қыста да, жазда да, тіпті жылдың төрт мезгілінде жап-жасыл болып тұруы ойландырады. Рас, ағаштардың жыл бойы көгеріп тұруы ыстық елдерге тән. Ол жақта жапыратардың жерге түсіп, сарғаюы екіталай.
Шырша неге жыл бойы жап-жасыл?