0 дауыс
2.4k көрілді
Төсек орынның әсері бар деп жатады,сонда төсек орынын қандай болуы керек?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Адамдардың көпшілігі таңғы ұйқының тәтті шырынын бұзғысы келмей жата тұрғанды жөн көреді. «Тағы бір бес минут, тағы бір он минут» деп ұйқысын соза береді. Ақыры, мең-зең боп, бәрі бір ұйқысы қанбай, ұйысып тұрады. Сөйтсе, көп адам осылайша денсаулығына дерт жамап алатын көрінеді.Сенесіз бе, адам өз еркімен, табиғи түрде оянар кезде ағзасы бір сағат бұрын дайындала бастайды екен: дене қызуы көтеріліп, қалың ұйқының құшағынан ажырай бастайды. Бұған қоса, күні бойы сергек жүруіңізге көмектесетін ағзаңыздағы дофамин белсенділік танытып, «іске қосылады».   Оятқышын қайта-қайта кейінге ысыра берген адамда бұл процесс үзіліп-үзіліп, табиғи ырғақ бұзылатын көрінеді. Ұйқыдан жай тұрған адамның мең-зең болып, ашушаң келетіні осыдан. Мұның сыры – қайта жастыққа бас қойған адам ағзасы қалың ұйқының құшағына шым батуға тырысады екен. Сол себепті, ғалымдар ерте тұрудың пайдалы екенін айтып отыр. Бір оянып, бір ұйықтап, өң мен түстің арасында жатқан адам төсектен тұрғанда тез шаршап, тез шалдығатын көрінеді. Таңғы ұйқыдан оятқыштың уақыт аралығын 10 минутқа қойып, үш мәрте оянып, қайта ұйқыға кеткеннің орнына тастай қатып, жарты сағат ұйықтағаныңыз денсаулығыңызға әлдеқайда пайдалы. Ғалымдар бұдан құтылу үшін кестеден ауытқымай, уақытында жатып, уақытында ұйқыдан тұруға кеңес береді. Бір уақытта жастыққа бас қойып, бір уақытта оянған адам өзін әлдеқайда сергек сезінеді. Тек ерік-жігеріңізді жанып, өз-өзіңізді қолға алып, ынта танытсаңыз болды: ағзаңыз сонда ғана белгілі бір уақытқа бейімделіп, әдетінен жаңылмайтын болады. Уақыт жағынан ұтып қана қоймай, күш-қуатыңыз артады.Таңғы намазын ұдайы оқып, құлшылығын қаза қылмаған мұсылмандар жүрек ауруынан аман болады әрі ұмытшақтық секілді дертке де бой алдырмайтын көрінеді. Ғалымдардың тұжырымы осындай. Иорданиядағы Кардиологтар қауымдастығы қан-тамыр ауруларының басты себептерінің біріне ұзақ ұйқыны (сегіз сағаттан көп) жатқызып отыр. Ұзақ ұйықтаған адамның жүрек қағысының жиілігі минутына 50 қағысқа дейін төмендейді екен. Ал бұл өз кезегінде қан айналымына кедергі келтіріп, жүрек бұлшық етінің әлсіреуіне алып келеді. Нәтижесінде адамның инфаркт немесе инсульт алу қатері жоғарылайды. Бұған жол бермес үшін, ғалымдардың пікірі бойынша адам аз уақытқа ұйқысын қиып, жиі оянғаны жөн. Төрт сағаттық ұйқыдан кейін кем дегенде 15 минутқа ұйқыдан тұрып, лажы болса, қандай да бір дене қозғалысын жасағаныңыз дұрыс. Таң намазына тұратын мұсылмандардың басындағы жағдай иорданиялық ғалымдардың осы пікірін растай түседі.Зерттеуден белгілі болғандай, намазын қаза қылмау үшін таңғы ұйқысынан тұратын мұсылмандардың арасында жүрек-қан тамыры аурулары өте сирек кездеседі. 
+1 дауыс
[мына жерді бір оқып шықсай][1]


  [1]: http://aitaber.kz/blog/kenester/266.html
+2 дауыс
Жататын жерің салқындау, жамылатын көрпең жұқалау болғаны жөн!!! (биология айтат)
+2 дауыс
Жақсы ұйықтаудың 12шарты: 1)Ұйықтар алдында тағам жеуден тартыну жөн. Одан ең алдымен дене мүсіні өзгереді, артық май жиналып, салмақ көбейеді. Оған қоса асқазан түнімен жұмыс істейтіндіктен біртіндеп қызметі әлсірейді. Кешкі асты ұйқыға жатардан бұрын кемі 2сағат бұрын ішіп-жеген оң, және олар көкөніс, жеміс сүт тағамдары болсын. (қазақтарға қатысы жоқ.))) Құнарлы ауыр тағамдарды таңертең, түс мезгілдерінде ішіп-жеген оң. 2.Ұйқыға кешкі сағат 22:00-23:00де жатыңыз. Әдетте түнгі 5-6сағаттық ұйқы қалыпты деп саналады. Биологиялық ырғақ тұрғысынан алғанда ұйықтауға ең тиімді уақыт 11мен таңғы 5сағат аралығы екен. Қалай дегенде де түнгі сағат 2мен 4аралығында ұйықтау лазым. Бұл кездегі ұйқы өте қатты шырын болады. Күндіз ұйықтаған тиімсіз, әсіресе күн батар алдында ұйықтамау керек. Ұйқының ұзақтығы күндіз жеген тамаққа да байланысты. Неғұрлым аз тамақ жесеңіз, соғұрлым аз ұйықтайсыз. Ұзақ жасаған адамдар өте аз ұйықтаған тәулігіне 4-6сағаттан артпайды. 3.Басты солтүстікке (не шығысқа қаратып ұйықтау керек) Бұл жер магнит өрісінің бағыттаушы күшіне лайық жасалған байлам. Таңертең сергек, жақсы көңіл күйде ояну үшін адам жатарында басын солтүстікке бағыттап ұйықтау керек екен. Сомнологтардың (ұйқының бұзылуын және қорылдауды емдейтін дәрігер) — айтуы бойыша басты солтүстікке қаратып ұйықтағанда ғана адам жердің электромагниттік өрісімен сәйкес келеді екен. Егер жататын бөлмеңіз солтүстікке сай келмесе, керуетіңіздің басын шығысқа қаратып қоюға болады. Ал оңтүстік пен батысқа қарату қауіпті көрінеді. Болгария елінің ғалымдары зерттей келе мынадай тұжырым жасапты: адам ұйықтағанда қатты қорылға басса онда оның керуетінің бағытын солтүстікке бұру керек. Жердің электромагниттің өрісімен сай келмесе, адам бойындағы қуат оған қарсы келеді. Ол жердің электромагниттік өрісін жеңе алмасы анық, сол себептен адам қатерлі ісік ауруларына шалдығу қаупі де жоғарылайды екен. 4.Қытай оқымыстысы Фэн Шуийдің ілімі бойынша жақсы ұйықтау үшін әр адамда өзіне ұнамды төсекте жату үрдісі болуы шарт. Кереуетіңізді кіреберіс есікке қарсы қоймаңыз. Жатар алдында айнаға көп қарамаңыз. 5.Біртегіс қатты төсекте ұйықтаған падалы. Көбіміз жұмсақ төсекте жатып ұйықтағанды ұнатамыз. Бұл жақсы емес. Төсектің қаттылау болғаны жөн. Жұмсақ төсекте дене еріксіз бүгіліп, соның әсерінен жұлын басқа да ағзаларда қан айналымы бұзылуы ықтимал. Дәрігерлердің омыртқасы зақымданған немесе құяңмен ауыратындарды тек қатты төсекте (тақтай) жатқызатыны тегін емес. Сондай-ақ жастық неғұрлым кішкентай болса, соғұрлым пайдалы. Ұйқы кезінде бастың төмен жатуы мойын омыртқа қызметінің қалыпты болуына септеседі, мидың қан айналымын жақсартады, бас сүйек ішіндегі қысымның қалыпты болуына көмектесіп, тіпті бет пен мойынға әжім түсуден сақтайды. 5. Жалаңаш ұйықтаған дұрыс. Құлаққа ерсілеу естілсе де, ұйқ кезінде денеңіздің еркін тыныстауы үшін, шама келсе жұқа ішкиіммен жалаңаш ұйықтаған дұрыс. Тоңатындай болсаңыз көрпе жамылыңыз. 7. Бетті көрпемен немесе жастықпен жабуға болмайды және де өте жылы жатуға болмайды. 8.Етпетіңізден жатып ұйықтамаңыз. Ең тиімдісі бір қырыңмен жатып ұйықтау немесе шалқадан жатып ұйықтауға да болады. 9.Төсек жылы бөлме ауасы салқын болсын. Көрпе мен көрпеше табиғи мақтадан болғаны дұрыс. Ұйқысыздықтан арылуға көрпе-төсек пен бөлме қабырғалары түсінің қандай екенінің де маңызы бар. Қызыл түс ұйқысыздықты одан әрі дендетеді, ал көк түс пен жасыл түс жүйкені тыныштандырады. Қара қошқыл түс ұйқысыздықтан арылтып қана қоймай, ұзақ әрі қалыпты ұйықтауға себі мол. 10.Сағаттың шырылымен ояну зиян, бұл ұйқысыздықты одан әрі дендетеді, себебі ұйқының түрліше деңгейдегі тез және баяу фазалары бар. Әдетте ондай циклдер 90-60минутқа дейін созылады, денсаулығы жақсы адамдарда одан да кемдеу болады. Жақы тынығу үшін 4биоцикл жеткілікті. Ұйқы 60биоциклге созылса да қалыпты саналады, әйтпесе адам дел-сал мең-зең күй кешеді. Сондықтан сағат шырылы емес ішкі сағаттың көмегімен ояну керек. Егер де сағат шырылы өте-мөте қажет болса онда тұтас бірнеше циклдық ұйқыдан соң оятатындай ету керек. 11.Оянған соң төсекте созылып жатпаңыз аяқ-қолды созып көрпені ысырып тастаңыз да ұшып тұрыңыз. 12. Ұйықтар алдында өзіңізді еркін ұстаңыз сергек жатып уайым-қайғыны ойламаңыз. Ғалымдар ұйқы табиғатын соңына дейін анықтап болған жоқ. Келешекте ұйқы құпиясын ашудың әлі де көптеген проблемалары бар.
...