0 дауыс
20.1k көрілді
Телескоп дегеніміз не? Телескоп туралы мағлұмат тауып беріңіздерші?

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Телескоп, сыңардүрбі (теле
және грекше skopeo –
қараймын) – аспан
шырақтарын электр-
магниттік сәуле арқылы
бақылауға арналған
астрономиялық құрал.
Телескоп гаммалық телескоп,
рентген, ультракүлгін,
оптикалық, инфрақызыл және
радиотелескоп; оптикалық
сұлбасы бойынша айналы
( рефлектор), линзалы
(рефрактор) және айналы-
линзалы телескоп болып
бөлінеді. Телескоптардың
көмегімен фотографиялық,
теледидарлық, электронды-
оптикалық, т.б. сәуле
қабылдағыштарды пайдалану
арқылы фотографиялық,
спектрлік, т.б. бақылаулар
жүргізіледі. Телескоптар
пайдалану ретіне қарай:
астрофизикалық
( жұлдыздарды,
планеталарды,
тұмандықтарды зерттейтін)
телескоп, Күн телескопы,
астрометрикалық телескоп,
серіктік фотокамералар
( Жердің жасанды серіктерін
бақылайтын), сондай-ақ
метеорларды бақылайтын
метеор патрульдері мен
кометаларды бақылайтын
телескоп, т.б. болып бөлінеді.
Телескоптың (оптикалық
рефрактордың) көмегімен
алғашқы астрономиялық
бақылауды Г. Галилей жүргізді.
0 дауыс
Ол жугдыздарды карайды
...