0 дауыс
14.2k көрілді

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Мұқағали МАҚАТАЕВ


Фаризаға

Фариза!

Фаризажан, Фариза қыз!

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.

Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,

Бірімізден-біріміз арылармыз.

Біздерді де іздейтін жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз.

Сен мені білесің бе, білесің бе?

Жаралмаған жан екем күресуге.

Жылай жүріп, өтірік күлесің де.

Жүресің де қоясың, жүресің де.

Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып

Тастағысы келеді күресінге,

Фаризажан, сен соны білесің бе?..

Жанарымды тұманмен тұмшаладым,

Серіппесі үзіліп, тұр садағым.

Жігітінен қазақтың дос таба алмай,

Қыз да болсаң, мен саған мұң шағамын.

Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім…

Ақын болып несіне жаратылдым,

Арасында қап қоймай қара түннің.

Қасиетін сезем деп Ана тілдің,

Қауырсыны қалмады қанатымның.

Қу тірлікке құл болып, аяқ басып,

Құлашымды жая алмай баратырмын.

…Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,

Аттап өттім олардың қия белін.

Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,

Жия бергім келеді, жия бергім.

Мандайымнан сипаған бір жан болса,

Енді қалған өмірімді қияр едім.

Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?

Кеп тұрады телігім мұңды-мұңға.

Енді қалған өмірдің құрдымында,

Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!

Нөл болады деп айтам, жалтармаймын,

Көбейтсеңде қаншама мыңды-мыңға.

Айналаға қарайық анық барлап,

(Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ).

Не туралы жазсақ та, Фариза ақын,

Бағыштайық бәрін де халыққа арнап…

Фариза!

Фариза ақын, Фариза қыз!

Бірімізден-біріміз арылармыз.

Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,

Подвалдағы архивтен табылармыз…

               *Емхана. Түн. Алматы 15.XII. 1974 жыл*
Үлкен рахмет)))
0 дауыс
Фаризаға деген бе? одан өзге керек еді..
0 дауыс


Арманымның мүгедек боп қалғаны-ай!

Бұл өмірдің, сұм өмірдің жалғаны-ай,
Ешкімнің де басына мұны салмағай,
Асқақ биік алтын арманым бар еді,
Арманымның мүгедек боп қалғаны-ай...

Тағдыр жолы тарам-тарам, тармағай,
Ақ арманым адастырып алдады-ай...
Өмір мәні - арманымды жүректен
Іліп әкетті қараң тағдыр қармағы-ай...

...Ұлы ақынның батасы еді арманым!
Қара болды бүгінгі күн жан-жағым!
Ұлы ақыным тастап кетті өмірді,
Бұл дегенің - жарым жан боп қалғаным...

Өнеріне, өлеңіне тәнтімін,
Оқушы едім сырып тастап бәлкімін,
Шабыт алып, үлгі алып өзінен -
Арналған-ды ұлы ақынға ән-жырым!

Қалай ғана, қалай кетті ұлы адам?
Мен үшін ол жыр тұнығы, бұлақ ән!
Жаңа жырын күтуменен жүр ем ғой -
Енді кімнен жыр жазуын сұранам?

Тағдыр деген ұлыларға қатал ақ,
Бұдан кейін кімдер ұлы атанад?
Бата алам деп ұлы ақыннан жүр ем ғой,
Арай қызың енді кімнен бата алад?

Фариза ақын, жан-шабытым, жыр төбем!
Енді кімге сырласым деп сыр төгем?!
Арманда қалдым кездесе алмай ақыры,
Арманымды мұңлы сұрақ бүркеген...

Қалай енді жырым от боп жанады...?
Қайдан енді жүрек шабыт алады...?
Қаңтар айының жиырма үші деген күн -
Қаралы күн боп жыр майданында қалады..!

Фариза апам! Ұлы ақыным! Бал кісім!
Жеңдің ғой талай тағдырдың түрлі талқысын!
Біз үшін бейнең көз алдымызда мәңгілік!
Рухың жәннатта, бейіш төрінде шалқысын!!!
Арайлым Нилдибай

 


Т А Б Ы Н А Р Ы М – Ф А Р И З А

Фариза – жас ақындар табынары
Фариза – қазағымның ары, нары.
Мұқаңның сыр шертетін нәзік досы
Фариза, жырлай берші, тағы, тағы

Фариза деп биік тау әуелеткен,
Фариза деп кең дала әуендеткен.
Фариза жалғыз емес, серігі - өлең.
Өлең оны аспанға жетелеткен!

Фариза, шыдамдысың, қайсарсың сен.
Жастарға талай ақыл айтарсың сен.
Сенім артып жас буын, ақындарға
Болашақтың еншісін байқарсың сен.

Өзіңді біздерге сен үлгі етесің,
Жылай жүріп, күлуді үйретесің.
Сағы сынған, шаршаған жан болса егер,
Биікке сен өлеңіңмен сүйретесің.

Құдірет бар бір жойқын өлеңіңде,
Таң қаламын, мен сені көремін де.
Сендей ақын өмірде бар екенін,
Мақтан тұтам, жымиып күлемін де.

Жырлайсың махаббатты, сұлулықты.
Пәктікті, адалдықты, ұлылықты.
Фаризадай ақын бар, деп мақтанам,
Қазағымның нәзік те, қызы мықты.

Табиғатпен тілдескен алып тұлға.
Шығып көрген өлеңмен биік тауға.
Фаризадай жан бар ма бұл өмірде?
Өлеңімен бақ тілеген тіпті жауға.

Фаризадай мен биікке талпынамын!
Фариза – табынарым, алтын әнім!
Өзіңнен үлгі алып, ақын болам
Жырлайтын шындық пенен халқым әнін.

Өзіңдей ұмтыламын тек биікке,
Теңеймін мен өзіңді жезкиікке
Асылсың, бағалысың, теңдесі жоқ!
Ешкім жоқ сенен асқан өр биікте.

Фариза, мен өзіңнен үлгі аламын,
Ақын боп өсіп жатқан бір баламын.
Өзіңдей қайсар қызбын, нәзік жанмын.
Елігімін еркін өскен, ен даланың!

Ендігі арман асқар болу өзіңдей.
Қырағы боп жану халық көзіндей.
Мөлдір болу, тұнық болу, лайланбау
Биік болу тұншықпайтын сезімдей.

Сен сияқты дос боламын бәрімен.
Сусындаймын ақындықтың нәрімен.
Сол кездері еске аламын өзіңді,
Өстім деймін Фаризаның әнімен!

Ақ көңілім бұл күндері елге алаң,
Дем беріп тұр бүгіндері кең далам.
Енді өзіңмен жүздесіп бір, тілдессем,
Берсең деймін ақ батаңды сен маған.

Фаризаның ізбасары атансам,
Фаризадан ақ ниетпен бата алсам,
Менен бақытты жан бола ма өмірде?
Содан кейін кірбің бар ма көңілде?

Ел сусындап, алғыс айтса жырыма,
Үлгі болсам қазақтың қыз-ұлына,
Фаризаның шәкірті едім деп жүрсем,
Фариза атын бүкіл әлем, Жер білсе,
Әуезовтай Абай атын танытқан,
Фариза атын мен әлемге танытсам,
Сонда менен бақытты адам болмайды!
Жүрегімді шын қуаныш толғайды!
Ал, әзірше Фаризаға ән арнап,
Фариза деп өлеңдетем, толғаймын!
Ақындардың намысын мен қорғаймын.
Қорғаймын да ақын қыздың өлеңдерін қолдаймын!
Егер осы айтқандарым болмаса,
Тірі емеспін, өлік болып сорлаймын!
Уәде етем, Фаризадай боламын!
Аспаннан әлі-ақ Ай мен Жұлдыз аламын!
Арайлым Нілдібай

...