0 дауыс
Фариза Оңғарсынова Қанат туралы хикая толық нұсқасы керек
22.05.2018 6.1k қаралым

1 жауап

0 дауыс

Бір балапан құлады

Ұясынан домалап

Ата-анасы жылады

Шырыл қағып, Обал-ақ!

Бір қанаты сыныпты

Дәрі жақтым, орадым.

Күш жинады, шынықты

Жалғыз қанат қонағым

Ауырсынып қанатын

Жүгіреді  сенделе.

Бар екен –ауқағатын

Екі қанат менде де

Оң қанатым-әкем де,

Сол қанатым-анашым.

Бірі түссе қатерге,

Мәңгі ұша алмай қаласың.

Қос қанатың болғанда

Табар өмір жарасым,

Бреуінсіз ор-жарда

Бір мүгедек  боласың

Қарап тұрып шекені

Шымшылады сан күдік

Қанатымның екеуі

Сау болса екен мәңгілік!

Мәлімет ашық ақпарат көзінен алынды

23.05.2018

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы