+1 дауыс
138k көрілді
«Кітап» туралы жұмбақ керек едi. Кем дегенде 3 жұмбақ?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді.

Қабат-қабат қаптама.
Ақылың болса аттама.

Бір нәрсе білмегенді     білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап  күлгізеді,
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.

Бір су бар Шыршық деген қалқып аққан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қарайсың міне соған тамашалап,
Сол судың кете алмайды  дәмін татқан
0 дауыс
Қабат-қабат қаптама,ақылың болса таптама.

Ұзын-ұзын ұсқауын,
Ұзынына кім жетер?
Шұбар ала күйкентай,
Шұбарына кім жетер?
Кітап

Бір қобди дүние жүзін бағалаған,
Әсемдеп, талай адам қамалаған.
Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,
Ашылса табылар еді не қалаған.
Білім, кітап

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде баурын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайданалар тамам халық.
Кітап, оқу

Ұзын-ұзын,ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың
Қанып ішкен бар ма екен?
Оқу

Қабат-қабат қаптама.
Ақылың болса аттама.
Кітап

Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді.
Кітап

Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді,
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.
Кітап

Бір су бар Шыршық деген қалқып аққан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қарайсың міне соған тамашалап,
Сол судың кете алмайды дәмін татқан.
Кітап

Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін.
Кітап

Дүниеде бір дария беті қайтқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.
Оқу, білім

Сай бойында сары алтын.
Білім

Ауыр-ақ,бірақ түсер салмағы жоқ,
Артқанның арып кейін қалғаны жоқ.
Арқалап бірін қоймай көтергеннің
Аяғы ешуақытта талғаны жоқ.
Білім

Теңіздей түбі терең ,
Сүңгіген жетер әрең.
Білім

Бір басты,екі тілді бір мақұлық,
Жүреді айдалада ырғатылып,
Менсініп ешбір жанмен тілдеспейді,
Өзінің сөйлеспесе досты барып.
Жиһанда қанша ділмар болсаң-дағы
Тұрасың сөйлесе алмай болып ғарып,
Онымен тілдесе алсаң сөз шығарып,
Кісіге пайдасы көп, залалы жоқ,
Дос болсаң бар мұқтажың бітер анық.
Қалам

Қаралаяқ ат міндім қаздаңдатып,
Су ішпесе жүрмейді қырсау тартып,
Бір аяғын шалшыққа малып алып,
Тар көшеге салдым табандатып.
Қалам

Жаны жоқ қаршыға қолға қонар,
Жем алып қиын жерден аузы толар,
Мен өзім қаршығамнан баһра алдым,
Шешуі осы сөздің қиын болар.
Қалам

Ат міндім қарала аяқ қаздақтатып,
Жүргенде жол салады табандатып.
Қалам

Астында төсегі бар салған тағы,
Адамша сөз сөйлейді тілі жоқ, жағы,
Теңізден салған жолы сайрап жатыр,
Мүдірмей ойлап тапшы мұны-дағы.
Қалам

Бір ат бар бесеу ара,өзі жорға,
Саламын жорғалатып жолдан-жолға.
Найзамен қар үстіне суды құйып,
Ғажайып бір іс қылдым осы жолда.
Қалам

Қара-дүр қасы,
Жарық-дүр басы,
Тұқаң-тұқаң еткенде,
Келеді көздің жасы.
Дәуіт,қаламсап

Атыңнан айналайын Әбдіхалық,
Дымдыға дымсыз кірер басы жарық.
Дәуіт,қаламсап

Жаны жоқ, бірақ ізі бар,
Жетектеп өзің жүресің.
Сол ізді қайта зерттеп кеп,
Көп нәрсені білесің.
Қалам,жазу

Бір бөлек көріп жүрмін жайма базар,
Өн бойы бір азамат қағаз жазар.
Қасында құдығы бар тастан соққан,
Суарып қолда сайман пайдаланар.
Дәуіт

Жапанда бір құдық бар суы тәтті,
Қшінде бір бәйтерек бек айбатты.
Жаралған десең болар, қандай шебер,
Адамзат не бол десе,сол болыпты.
Қалам,дәуіт

Бір нәрсе құмырсқа бел,сүйрік тұмсық,
Екі бүйірі шығыңқы, көзі қисық.
Жансызда жалықпайтын соны көрдім,
Жорғалап қызмет етер құстай ұшып.
Қаламұш

Секіріп жүріп сырғиды,
Тетігі бірақ адамда,
Ақылмен, бимен жылжиды.
Қаламұш


Екі басты айдаһар,
Қара суды ішеді,
Қайта құсып ақ жерге,
Өрнектері түседі,
Онсыз жаңа іс болмас,
Адамның қылар ісі еді.
Қаламсап

Бір жорға бар шабысты,
Ақ қағазға жабысты.
Жорғаласа тайпалап,
Келтірер көп табысты.
Қарындаш

Бір нәрсе ала шұбар,қара тұмсық,
Қарасаң басқан ізі қисық-қисық.
Өзі жансыз, жандының күшіменен
Борайды ат үстінде желдей есіп.
Қарындаш

Өзгені бақытты етем деп,
Өзі қажалып кетеді.
Қарындаш

Тамға таяқ сүйедім,
Отыз екі сыр-сырлап.
Сауыт қалам

Бір құс бар екі тілді сайрап тұрған,
Үстінде мәуесі бар жайнап тұрған.
Ішетін суы да көп, ішу де көп,
Құдығы тасбұлақтан қайнап тұрған.
Қалам,сия

Бір құс бар дарияда тұмсығы ұзын,
Жаны жоқ жанды малдан жүрер бұрын.
Бұл жұмбақ талай жерде айтылып жүр,
Еш адам шеше алмайды бұдан бұрын.
Қалам

Үшкір ғана бір нәрсе айыр басты,
Құдықтан көзге сулап төкті жасты.
Кеппейтін мәңгі бақи жастың ізі,
Дүниенің бәріменен араласты.
Қалам

Үш адам мініп алып жалғыз жорға,
Үшеуі тәуекел деп түсті жолға.
Ізінен жорғасының тәлім қалып,
Кетіпті жаппай тарап қолдан-қолға.
Қарындаш

Бір ыдыс әркімдерге болған аян,
Бір жерде сабыр етіп, қылмас баян.
Әркімнің қолында жүр оның суы,
Ол судан ақыл табар барлық адам.
Сия

Дүниеде бір құдық бар қайнап жатқан,
Ішінен су шығады мың сан батпан,
Сол құдық сондай-ақ көп болса-дағы,
Бетіне бетегесі шығып жатқан.
Сия

Ағартуға жоқ,
Қарайтуға әйдік-ақ.
Сия

Бір құс бар бұлбұл деген ұзын мұрын,
Сөйлесе келтіреді сөздің нұрын,
Үстіне көкше мұздың жорғалаған,
Құс жоқта сөйлейтұғын одан бұрын.
Қағаз

Ата тегі ағаштан болды,
Ақылын тауып, әсем жанды.
Теңіз беті шимайланды,
Бірақ ойым симай қалды.
Қағаз, дәптер

Бір жанды бір жансызға мінгеседі,
Жүгіріп әр жерлерден із кеседі,
Тоқтамай жолдан жолды іздеп жүріп,
Ойлаған бір орынға кездеседі.
Қағаз, жазу

Ақ тақырда қара дән,
Қолмен сеуіп, сөзбен көр.
Жазу

Ақ тақырда қара тұқым себілген,
О тұқымнан білім дәні егілген.
Жазу

Ақ жерде қара тары,
Кім шашса сол орады.
Жазу

Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр,
Өзінің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.
Глобус

Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін.
Көп көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін.
Карта

Бір сирағы біз,
Бір сирағы салады із.
Циркуль


Болғанда айналасы, түсі қара,
Ілулі көпшілікке тұрған жаңа.
Бірде бар, бірде жоқ боп құбылып тұр,
Ақылым жете алмай жүр буған жаңа.
Карта, тақта

Болғанда айналасы, түсі қара,
Ілулі көпшілікке тұрған жаңа.
Бірде бар, бірде жоқ боп құбылып тұр,
Туа салып анадан соны қуған.
29 әріп

Алыстан үйде отырып, алдым хабар,
Формалап әрбір жерді бояу жағар,
Айлықпен анда-санда барған деп,
Тоқтамастан тана тағар.
Хат

Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді.
Хат

Бір мақұлық бар тілі жоқ,
Сөйлегенде міні жоқ.
Хат

Әкеміз Ормамбет хан, біз немере,
Ойласаң ойға түсер әрбір неме.
Адамға тілсіз, жайсыз сөйлеседі,
Қолы жоқ, аяғы жоқ ол немене?
Хат

Келеді сапар тартып алуан жолдан,
Тамаша қызығы көп түспес қолдан.
Қызығын оқысаңыз тамашалап,
Қаласаң хабарласып барлық жайдан.
Газет

Үйіне мәңгі қайтпайтын,
Қонақтар түнде келеді.
Іздесе адам таппайтын,
Жаңалық айтып беретін.
Газет-журнал

Бiлiмнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.    (Мектеп)

Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулiм көктей шынары.
Биiгiне бойлаған,
Қанбайды адам құмары.  (Бiлiм)

Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы.  (Мұғалiм)

Шәкiртке жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл?   (Ұстаз)

Бiлiмнiң дәнiн тередi,
Балаға тәлiм бередi.   (Ұстаз)

Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып.   (Дәптер)

Кiшкене құдықтан,
Найза ұшты шыбығым,
Су iшiп құныққан.    (Сиясауыт)

Қабы сояу,
Дiнi – бояу.    (Қарындаш)

Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар.   (Қарындаш)

Ойларынды аңсаған,
Асыл сөздi ақ алаңға,
Түсiруден шаршаған,
Мен емеспiн әмәнда.   (Қалам)

Тiл жоқ өзiнде,
Сөзi бар iзiнде.   (Қаламсап)

Бар ойынды жиямын,
Ақ қағазға құямын.   (Сия)

Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады.   (Қоңырау)

Күмiс алмұрт тiлi бар,
Сыңғырлаған үнi бар.
Шақыратын бiлiмге,
Сағаты бар, күнi бар.   (Қоңырау)

Денесi бар шыбықтан,
Темiр тұмсық құдықтан,
Сусын алып iшедi,
Ойы iз боп түседi.   (Қаламсап)

Бөлiнгендi табыстырып,
Бiрiктiрсе қабыстырып.
Жымдастырған жiгiт де,
Байқамайсың түгiн де.   (Желiм)

Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi.   (Сызғыш)

Бiр санға өсiрдi,
Өзi қалып орнында,
Бiздi алға көшiрдi.   (Класс)

Доп сынды келбетi,
Онда бар түп-түгел,
Әлемнiң әлпетi.    (Глобус)

Оқу-бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы.   (Сөмке)

Көкқұтанша ақ айдында,
Бiр аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.   (Циркуль)

Бiрiн-бiрi қоштаған,
Бiр үйден көрдiм,
Қырық екi дос-жаран.   (42 әрiп)

Елдерi мен қаласы,
Ойпаты мен даласы.
Теп-тегiс тақтай-ды,
Өзенi де ақпайды,
Тоғайы мен тауы бар,
Бұл не, өзiң тауып ал.   (Карта)

Қаласы бар, елi жоқ,
Даласы бар, шөбi жоқ.
Мұхиты бар, суы жоқ,
Орманы бар, нуы жоқ.
Шыңдары да теп-тегiс,
Кең жазықтан әр түстi,
Шығыс пенен батысты –
Бар әлемдi табасың,
Өзiң таң боп қаласың!   (Географиялық карта)

Бiр санға өсiрдi,
Өзi қалып орнында,
Бiздi алға көшiрдi.   (Класс)

Доп сынды келбетi,
Онда бар түп-түгел,
Әлемнiң әлпетi.    (Глобус)

Оқу-бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы.   (Сөмке)

Қырық екi жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бұлдiршiндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады.  (Алфавит)

Бiлiм менен тәлiм,
Парақты ашқанда
Беттерiнен мәлiм.   (Күнделiк)

Оқушыға күнде ерiп,
Жүретiн не?   (Күнделiк)

Кепкен жарғақ,
Шеңберге керiлген,
Соқсаң сарнап,
Үн шығады төгiлген.   (Барабан)

Былғанышты жақтырмайды,
Ол бар жерде дақ тұрмайды.
Бiрақ тағы өз үстiнен,
Таза бiр жер таптырмайды.    (Сорғыш)

Әңгiме, аңыз, ертегi,
Нотасы мен әнi бар.
Суретiн де көр тегi,
Қандай журнал бәрi бар?   («Балдырған»)

Үстiнде есiгi,
Өзi орындық, әрi үстел,
Оқушылар бесiгi.    (Парта)

Iлулi тұр кең алаң,
Керегiмдi мен одан.
Жазып алам көшiрiп,
Сүртем сосын өшiрiп.   (Тақта)

Оқуыма төрешi,
Тоқуыма төрешi.
Парақтасам байқалар.
Бiлiмiмнiң өресi,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесi.   (Күнделiк)

Иiр-иiр құбыр,
Үрлесең бұлбұл.   (Керней)

Төрт қырлы, өзi аппақ,
Тақтадағы iзi аппақ.   (Бор)

Кең алаң – тақырдан,
Шиырлап қайтады.
Ақ қант қатырған.    (Бор)

Сансыз ойлар бетiнде,
Сайрап жатыр бар тiлде.
Қажетпiн мен әр күнде,
Өшпейдi бiр әрпiм де.    (Қағаз)

Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтiн,
Ол қазына өлмейтiн.    (Кiтап)

Бар бiлiмнiң бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кiтап тiл ашқан?    (Әлiппе)

Шәкiрт кездегi,
Бiлiмнiң безбенi.   (Баға)

Басында аздың ақылы,
Селқостардың жақыны.   (Бiрлiк)

Жалқаумен бiр жүретiн,
Құдды қармақ iлетiн.
Жоламайды зерекке,
Сабақтарын бiлетiн.   (Екiлiк)

Жалғас жатқан қос шеңбер,
Бұйiрiнде қақпасы.
Көрсең де оны дос сендер,
Жақсы, жаман ортасы.    (Үштiк)

Жақсыменен тең көрген,
Ата-ана да жөн көрген.
Орындықпын төңкерген.   (Төрттiк)

Мектептiң алтын орағы,
Зейiндiлер одағы.
Жақсы көрер бар бала,
Зерекке дос ол дағы.     (Бестiк)

Ойды аяқтап қорытады,
Соңында доп тұрады.    (Сөйлем)

Сөздi құрап, доп тiземiн,
Қоя салсаң бiр тары,
Жаңалықты жеткiземiн.   (Хабарлы сөйлем)

Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.   (Сұраулы сөйлем)

Ұранды, шаттықты,
Өкiнiш, аптықты,
Бiлдiрiп ойын талайдың,
Шарға ине қадаймын.     (Лептi сөйлем)
...