+4 дауыс
2.2k көрілді
Әуенімен болса тіпті жаксы? Кімнің компютерінде бар маған жіберсін? Мұқағали Мақатаевтің өлеңдерін тауып беріңіздерші? Білген шумақтарын жазса екен?

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Керек осы адамға
Керек осы адамға?
Бүгін бе, болашақ па?!
Ақылгөй кәрілік пе, бала шақ па?!
Қиын-ау, өзің жатып жерошақта,
Жансыз тән, жанарсыз көз - болашақта.
Әлде өмір сүрмекпісің бүгініңмен?!
Бүгіндік тірлік қуып, жүгірумен,
Өтпекпісің?!
Қолыңды бір-ақ сілтеп,
Ұмытып болашақты түңілумен?!
Күн кешіп жығылумен, сүрінумен?!
О, өмір!
О, неғылған сиқыр едің,
Қалай-қалай соғады құйты желің?!
Діңкелеп, шаршап келіп жантайғанда,
Тәтті бір түс көрсеткен ұйқы ма едің?!
 
Егер де айта алмасам айтарымды
Егер де айта алмасам айтарымды,
Алжыдым,ақылымды сайтан ұрды.
Қынына қылышымды салам онда,
Ақ жүзі алмасымның қайтарылды.
Егер де айтып кетсем айтарымды,
Ақылым арнасына қайта кірді.
Қынынан қылышымды алам онда
Қағамын албастымды, сайтаныңды!
Бітті серт, кегім менің қайтарылды!
...Ырқыңа сенің деген көнігі келдім,
Енді сен ерік бергін, ерік бергін!
Сөзден өлген атамды тірілтпесем,
Қос мені қатарына өліктердің.
Бәріміздің бабамыз сөзден өлген,
Өнердің кереметін сөзбен өрген.
Мен тынбаймын солардың кегін алмай,
Сен мені салыстырма өзгелермен!
Қалай да айтарымды айтып өлем,
Айта алмасам, жасайды қайтіп өлең?
Тәңірім мені қоңсы қондырмағай,
Тіл білмес дуанамен. шайлыменен.
 
He деген керемет күн
He деген керемет күн!
Жаныда бәрі даяр не керектің:
Көрінеді гүлдерің бүр жарғаны,
Естіледі ұшқаны көбелектің.
He деген керемет күн!
Естіледі бал-ара нәр сорғаны,
Бармақтай балапан құс ән салғаны.
Бәрін де кеудесіне қондырып ап,
Дала бір рахатта,
Дел-сал жаны.
Таулардың самал ессе балағынан,
Гүлдер тұр үзілердей сабағынан.
Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ
Шашырап күңнің алтын табағынан.
Сусындап көк аспанның шанатынан,
Шарықтап шыңырауда ана-қыран;
Ару-жер өз дидарын қарап жатыр,
Мөп-мөлдір, тұнық көктің жанарынан.
He деген керемет күн!
Кейпіне елітесің төңіректің.
Қаласа мына жатқан сәби-дүние.
Келеді өміріңді бере кеткің...
 
Жұмбақ
Келісетін мемлекеттер елшісіне ұсаған,
Қабақ бағып, қыл үстінде біз отырмыз - үш адам.
Үшеу ара жоқтан бар қып, бір әңгіме бастаймыз,
Бастаймыз да, жалғай алмай, жібін үзіп тастаймыз.
Жараспайды әзіліміз, жараспайды күлкіміз,
Үшеуміз де ашылмайтын кілтсіз қара құлпымыз.
Жабығады жас келіншек, қарамайды жарына,
Сүле-сопа жігіт отыр қолын тақап жағына.
Дастарқанның бір шетінде мен де отырмын еш үнсіз,<
+5 дауыс

 

Сабағы әлсіз сары гүл…

Сабағы әлсіз сары гүл

Жартаста жалғыз тұр өсіп.

Жауын ба, жел ме – бәрі бір,

Өзінше ол да күресіп,

Жартаста жалғыз тұр өсіп.

 

Дәнеңе де атпай желігіп,

Олжасыз қалған бір мерген

Отырған сәтте ерігіп,

Жартастан жалғыз гүл көрген.

 

Паналап төсін көненің,

Жыл сайын осы гүл өсер.

Көрсетпек болып өнерін,

Көздеді оны бір есер.

 

Бір есер отыр сүйініп,

Есерді қостап жаңағы.

Үкілі қыздай иіліп,

Қйылды гүлдің сабағы.

 

Тамыры терең көмілген,

Жартасқа жаңа гүл өсер.

Өткінші мынау өмірмен

Өзінше ол да күресер.

 

Махаббат па?

Махаббат болган менде.

Жиі баргам аккулар конган колге,

Ал казір тонган журек, солган кеуде.

 

Гашыктык па?

Гашык та бола білгем.

Бір-ак жанга гашыкпын бала куннен,

Жанымменен суйемін, жанарыммен.

 

Сагыныш па?

Калай оны тауыса аламын.

Сагынганмын, шолдегем,

Акыры шаршаганым, шаршаганым.

 

Суйгенім бе?

Суйгенім ?мірде емес

Уйыктасам, тунде тусім, конілде елес,

Олгенше кетер емес конілден еш...              

 

 

Бір үмітке бір үмітті жалғадым,

Көп-ақ екен бергенімнен алғаным.

Заңғар көкке самғағаным не керек,

Саған ұшып бармаған соң, арманым.

 

Әнмен айтып балаңдығын, пәктігін,

Көктем де өтті зорға басып аптығын.

Күнде баққа қыдырғаным не керек,

Сен қасымда болмаған соң, шаттығым

 

Сен мына-жанарымның ішіндесің,

Жанардың білесің ғой кішірмесін.

Ішіне жанарыңның сақта мені,

Біреулер көлеңкесін түсірмесін.

 

Сен менің-мына тылсым кеудемдесің,

Білесің,кеудеме ешкім тең келмесін.

Кеудеңе зынданыңа салып сақта

Біреулер көкпар қылып өңгермесін!

 

Сен мына тілімдесің,үнімдесің,

Білесің ғой тілімнің бүлінбесін.

Сен мені үніңе қос,тіліңе тұт

Үнім өшіп, үшкір тіл тілінбесін!

 

Сен мына-менің алып басымдасың,

Білесің ешкім де оны басынбасын,

Сен мені өз басыңмен бірге қорға

Біреулер зұлымдығын асырмасын!

 

                           

+5 дауыс

                 Арулар

Арулар- асыл жандар!

Шуақ боп шашылғандар,

Қуат боп тасығандар,

Құшақ боп ашылғандар,

Арулар - асыл жандар!

Арулар - асыл  жарлар!

Аулар - әрбір үйдің шаңырағы,

Әрбір үйге от болып жағылады.

Әрбір үйге таң болып атты-дағы,

Әрбір үйге сәуле боп жамырады.

Жимайды-ау бір шашылған шуақтарын,

Сиясына келеді-ау, шуақтағың.

Жамандыққа қиярсың қалай ғана,

Жайнаған бір-бір үйдің шырақтарын.

Арулар - асыл жарлар, сағыныштар,

Өтініштер, құшақтар, жалыныштар...

Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,

Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар.

Арулар - аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар - тіршілікке күре тамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.

 

Ұят болды-ау!

Сен де кеттің,

Мен де кеттім,

Ол да кетті ауылдан.

Осынымыз ұят болды-ау,

Ұят болды -ау қауымнан!

Ұят болды-ау,

Ұят боды-ау,

Ұят болды-ау бауырлар.

Момын жұрттың, арқа сүйер,

Азаматы біз едік.

Тұлпарлардан, тұғырлардан,

Қалған бір-бір із едік.

Біз де кеттік,

Басқа жаққа бетімізді түзедік.

 

+1 дауыс
Маған осы өлеңі жақын,ұнайды,мектепте жаттадым да ...
*Мұқағали Мақатаев*
> ҮШ БАҚЫТЫМ
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
...