Сабағы әлсіз сары гүл…
Сабағы әлсіз сары гүл
Жартаста жалғыз тұр өсіп.
Жауын ба, жел ме – бәрі бір,
Өзінше ол да күресіп,
Жартаста жалғыз тұр өсіп.
Дәнеңе де атпай желігіп,
Олжасыз қалған бір мерген
Отырған сәтте ерігіп,
Жартастан жалғыз гүл көрген.
Паналап төсін көненің,
Жыл сайын осы гүл өсер.
Көрсетпек болып өнерін,
Көздеді оны бір есер.
Бір есер отыр сүйініп,
Есерді қостап жаңағы.
Үкілі қыздай иіліп,
Қйылды гүлдің сабағы.
Тамыры терең көмілген,
Жартасқа жаңа гүл өсер.
Өткінші мынау өмірмен
Өзінше ол да күресер.
Махаббат па?
Махаббат болган менде.
Жиі баргам аккулар конган колге,
Ал казір тонган журек, солган кеуде.
Гашыктык па?
Гашык та бола білгем.
Бір-ак жанга гашыкпын бала куннен,
Жанымменен суйемін, жанарыммен.
Сагыныш па?
Калай оны тауыса аламын.
Сагынганмын, шолдегем,
Акыры шаршаганым, шаршаганым.
Суйгенім бе?
Суйгенім ?мірде емес
Уйыктасам, тунде тусім, конілде елес,
Олгенше кетер емес конілден еш...
Бір үмітке бір үмітті жалғадым,
Көп-ақ екен бергенімнен алғаным.
Заңғар көкке самғағаным не керек,
Саған ұшып бармаған соң, арманым.
Әнмен айтып балаңдығын, пәктігін,
Көктем де өтті зорға басып аптығын.
Күнде баққа қыдырғаным не керек,
Сен қасымда болмаған соң, шаттығым
Сен мына-жанарымның ішіндесің,
Жанардың білесің ғой кішірмесін.
Ішіне жанарыңның сақта мені,
Біреулер көлеңкесін түсірмесін.
Сен менің-мына тылсым кеудемдесің,
Білесің,кеудеме ешкім тең келмесін.
Кеудеңе зынданыңа салып сақта
Біреулер көкпар қылып өңгермесін!
Сен мына тілімдесің,үнімдесің,
Білесің ғой тілімнің бүлінбесін.
Сен мені үніңе қос,тіліңе тұт
Үнім өшіп, үшкір тіл тілінбесін!
Сен мына-менің алып басымдасың,
Білесің ешкім де оны басынбасын,
Сен мені өз басыңмен бірге қорға
Біреулер зұлымдығын асырмасын!