Үй жағдайында ма? ммм суретте сұмдық болып кетіпті. Жоғардағылардың жауаптарын қолданарсыз-ау, ал мен алдын алу мен болдырмау үшін қолданылатын емдерді айтайын.
Біріншіден, аяқ киіміңіз қажамау үшін оны аларда жұмсағын таңдаңыз, болмаса оны жұмсартып киюге болады. Жұмсарту үшін: Аяқ киіміңіздің қажайтын жеріне киер алдын кір сабын жағып киіңіз, сонда қажамайды, немесе спир жағып қойыңыз жұп-жұмсақ болып жұмсарып тұрады.
Ал енді екіншіден, сіздің аяқ теріңіз қатты, құрғақ шығар . Оның да амалын табуға болады. Жатар алдын аяғыңызды жуған кезде ыстық суға жуғайсыз, одан кейін құрғатып сүртіп дәріханаларда сатылатын "Джонсон беби" сәбилер майын жағыңыз және жағып жүріңіз де. Теріңізді жас сәбидің терісіндей жұмсартып береді. Бұдан кейін аяғыңыз сізді мазаламайды. Тек аяғым тағы қажайды-ау деп ойласаңыз аяқ киімді киер алды қажалған теріге жоғарыдан аталған майды жағып қойыңыз, бимарал жүресіз. Өзім қолданғандықтан, кепілдік бере аламын.
Саулығыңызды тілеймін!