+7 дауыс
476 көрілді
Осы сұрақ соңғы кезде мода болып кетті. Қазақ интернеті неге дамымай жатыр? Сіздің жауабыңыз қандай?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
ия, сәнге айналды. Сұрақтарға кереметтей жауаптар беріледі, ұсыныстар айтылады, бірақ даму жоқ. Неге? Өйткені құры сөзбен ғана шектелеміз. Ісімізден бұрын тіліміз жүгіреді.

Дамып жатыр дегенмен келісу қиын. Дамып емес, тұрып қалған көлшіктің бетіндегі тербелген тұйық толқындарша әрлі-берлі ағылуда. Қазір жаңа сайттар ашылғанымен, бұған дейінгі жақсы сайттар құрдымға кетті. Дамып емес, толқындарша орын ауыстырып отырмыз.

Аззз ғана алға жылжу бар, бірақ бұл даму емес. даму деп орыс тіліндегі қазақстандық сайттардың аяқалысын айтады. Жаңашылдық бар, қарқында алға жылжу бар.

Қазақ — барға қанағат ететін қарапайым халық. Сондықтан "барға қанағат, дамып жатырмыз" деп өзімізді-өзіміз жұбатып қоятын секілдіміз. Дамып жатырмыз десек, соңғы үлгідегі, тұрақты түрде қызмет етіп келе жатқан, соңғы бір жылда жасалған қандай керемет сайттарды атай аласыздар? Саусақпен ойланып тұрып санарлықтай ғана болар.
+4 дауыс
Қазақ Интернеті біртіндеп дамып келеді. Қазақ Интернеті дамымай жатса, сіз бен біз мынадай таза қазақша сайттарда сұрақ қойып , жауап жазып отырмас ек...
+1 дауыс
ия дамып келеді Ковчег был сооружен любителем. Профессионалы построили 'Титаник'. демекші. бәрі осыдан басталады.
+1 дауыс
Меніңше, дамып жатыр.Сіз секілді, біз секілді жастар болсақ, дами береді.Барлығымыз да шамамызға қарай пайдалы ақпаратымызды интернетке тыға берейік қазақша  .
...