+3 дауыс
1.4k көрілді

Қазақ футболы неге дамымай жатыр? Ауылдардағы талантты қарадомалақтар Ұлттық құрамаға неге алынбайды? Балаларды жастайынан футболға баулу үшін не істемек керек? Спорт комментаторлары қалай дайындалады?

11 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақ футболы дамып жатыр, оған мысал Қазақстан клубтарының Еуропадағы ойындары. "ойнай алмайды" дей бермей шүкіршілік ету керек, бұрынғыға қарағанда алға жылжу бар. Алла қаласа, бұдан да жақсы жетістіктерге жетеміз.. Ауылда жүрген адамды ешкім қалаға әкеліп құрамаға ойнатып қоя салмайды, нағыз футболшы болатын бала жас кезінен қалаға келіп футбол клубтардың академиялары мен мектептеріне жазылып, қатысып, футболдың дәмін сезіп өсуі керек, "жағдай жоқ" деген сылтау ғана, барлық нәрсенің амалын табуға болады.. Спорт комментаторлары ойын басталмай тұрып, екі команданы жақсылап зерттеп, оларға қатысты жан-жақты мәліметті жинауы керек, алдыңғы ойындарын көріп, спортшылардың есімдерінің дұрыс айтылуын үйреніп, жаттау керек. Бірақ, біздің кейбір комментаторлар олардың біреуін де жасамайтын сияқты, тіпті команданың атын да дұрыс айтпайтындар кездеседі. Менің ойымша, Қазақстанда арнайы комментаторлар мектебін ашу керек және әр ойыннан алдың федерация мүшелері комментаторлардың дайындығын тексеру керек сияқты. Айту оңай ғой, жазу одан да оңай))
+3 дауыс
Біздің егемендік алғанымызға 20 жыл енді болды. Мүлдем жетістік жоқ емес кішкене болсада бар. Дамушы мемлекетпіз. Сондықтан шыдамдылық керек. Бәрі бірден болып кетпейді
+2 дауыс
Алла қаласа Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде ойнайтын боламыз,бұйырса сәл ақ қалды.Ол дегенің қазақ  футболының  дамығаны емей немене?!
+2 дауыс
Футбол секциясына қатысатын балдардан гөрі көшеде доп тебетін балалар жақсы ойнайды, соларды теріп алатын тренерлер жоқ болып тұрғой) Өмірге қайта келсем футболшы болар едім ех)
олар екінші тайм соңына дейні шыдамайды, бесіктен бастау керек кім болсада
0 дауыс
Футбол далбаса нәрсе.
+1 дауыс
Ақшаны жас футболшыларды дайындауға жұмсау қажет! Ол үшін қалаға барып керек емес, ақша бөлінсе салынады футбол алаңдары ауылды жерлерге.
алаң жоқтығынан дамымай тұр деп кім айтты?Доп болса,алаңды 4 тастан да жасап алатынбыз
Алаң жоқ емес бар, аса қатты мақтайтындай алаңдар емес, шетелде ешкім 4 тастан алаң жасамайды.Жаттықтырушы жетіспейді және соған ақшаның бөлінуі. Баланы жастайынан спортқа тәрбиелеу керек.
Жаттықтырушы бар,ақшада мол бөлініп тұр,сен сияқты жас буындарда таланттан гөрі сылтау басым
+2 дауыс
Жәй ғана бір мысал: Сборныйға ауылдан емесбайдың балаларын алады. Себеі молодежныйға түсу үшін спортивный клубта болу керек ал оған түсу үшін әрине ақша! Бірақ қазақстандық футбол клубтары лига чемпион мен уропаның топтық кезеңіне шығады бұл Сборный Казахстанға алға әлі даму керек деген сөз! Қараңыз ұлттық құрамада кіл орыстар ал қазақтың балалары ше??? Оларды іздеу керек жинау керек міне сонда ғана нағыз құрама жасақталады! Шпана фильмін қараңыз сонда менің не айтқанымды түсінесіз
0 дауыс
Европа сияқты футболға қаржы бөлінбесе, қалай дамиды
0 дауыс
Меніңше таланттарды таба алмайды немесе таланттарын аша алмайды.
0 дауыс
Фудболға сенің еліңнің дамуының дамымауының не қатысы бар? Мәселе фудболшының шеберлігінде ғой!
0 дауыс
Нағыз футболшылар - көше де шығады.Ауыл аймақтағы көрінбей жүрген мықтыларды алып келуі керек.Қалына 50 000 мың берші, керемет ойнайды.Өз ұлттық ойыншылары қасында шаңында қалады.Қайдағы жоқ өз ұлттық ойыншыларын алып келгенше, ауылдағы жас таланттарды шығарса деймін.Ауылда тегін доп теуіп жүрген жігіттерғой :)
...