0 дауыс
159k көрілді
Маған Апке тақырыбына шығарма керек. Тауып берулеріңізді өтінемін

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Әпке – бірге туған, туысқан қыздардың жас жағынан үлкеніне катысты туыстық атау. Дәстүрлі ортада қыздар туыстық жағынан іні-сіңлісіне әпке болады. Кейбір жергілікті тілдік ерекшеліктерге байланысты әпке сөзінің орнына әпеке, әпше, тәте, aпa деген атаулар да колданылады. Сонымен қатар әпке сөзі ауызекі тілде өзінен жасы үлкен қыздар мен әйелдердің, туыстық қатынасы ескерілмей-ақ, назарын аударту үшін құрметпен айтылатын қаратпа сөз ретінде де жиі қолданылады. 

Әпке образын сомдаған бірден-бір үздік шығарма жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің «Әпкесі» болып табылады. Шиеленісті түрде жазылған әрі терең философиялық мағынаға ие болғандықтан, әлі күнге дейін осы кітап көп адамның сұранысын тудыратыны анық. «Әпке» – 1970 жылдардың оқиғасы, 1977 жылы жазылып, 1978 жылы М.Әуезов атындағы театрда қойылды. Содан бері сахнадан түспей келе жатыр. Әпкенің еңбегі, өз бақытынан бас тартуы, бауырларына адал болуы, соңында жалғыз қалуы сияқты негізгі оқиғалары қамтылған.
Басты кейіпкер – Қамажай алдынан шыққан қиыншылықтарды көтере білген, бауырларына қамқор болғандығы туралы айтылады.  Ата-анасынан жастай айырылған ол – өз өмірін тек бауырларына арнаймын деп, жеке өмірі жайлы ойлауды қояды, оны Қабен атты жігітке: «Қабен ол…ол қиын сияқты, бауырларымды қиып тастай алмаймын, олар әлі мен үшін бала, өздігінен өмір сүретініне күмәнім бар…» деп ұсынысына кері жауап қайтарғанынан білеміз.

Туындыда ата-анасынан ерте айырылған бір отбасындағы бес баланың басқа түскен қиындықтарға мойымай, өмірден өз орындарын тапқаны баяндалады. Бір ата, бір анадан туса да, мінездері әрқилы ұл-қыздарды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, бағып-қаққан шаңырақтың үлкені Қамажай – бауырларының бақыты үшін өмірлік қызығынан бас тартып, артынан ерген іні-сіңлілерінің жолына барлығын құрбан етуге даяр мейірімді жан. Өрімдей ұл-қызға әке мен шешені жоқтатпаған әпкенің еңбегі еш кетпейді. Өмірге құштар бола тұра соңынан ерген қаралары үшін өз өмірін құрбан еткен жандар бүгінгі таңда да арамызда кездесіп жатады. Барлық адамдар секілді әпкелер де сан қилы. Елгезек, ырымшыл, күдікшіл әрі кіді мінез иелері, кейде жөнсіз шашпа-төкпелікке, асқақтыққа әуестері де болады. Бауыры үшін қолда барын беруге әзір мәрттері де көп. Отбасындағы баланың үлкені болғандары ешкімнен рақым-шапқат күтіп, жәрдем сұрамайды. Нендей жақсылыққа да тек өз күшімен жетуді қалайды. Сана-сезімі, ақыл-ойы жетік, сезімі нәзік осындай байқампаз да білімді әпкелердің талайы жоғары білім беру және медицина саласында еңбек етіп жүр. Біз білетін талай әпкелердің тындырымдылығы мен күш-жігеріне таңдай қақпасқа шара жоқ. Ұсақ-түйекке назар аудармайтын, пенделік күйкіліктің қандайынан болса да биік тұратындарға кез келген жауапты тапсырманы жүктеуге болады. Сонымен бірге отбасын құрған әпкелеріміз ұқыптылық пен жауапкершілікті қатар ұстай отырып шаңырақтағы құт-берекені, тыныштық пен мамыра-жайлықты сақтай біледі. Сонымен қатар ептеп аңғалдау, бала мінезділеу болып келетін әпкелеріміз де жеткілікті. Қалай дегенде де, әпкелер әрдайым сіңлілері мен інілері үшін жақсы үлгі-өнеге көрсете біледі. Мәселен, іскер әйелдер қауымдастығы саясат, мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және басқа да салалардағы іскер әпкелеріміздің басын біріктіріп отырғанына күмәніміз жоқ. Олардың қызметі қоғамдағы әйелдің жоғары дәрежесін қалыптастырып, әйелдердің әлеуметтік және өмірлік бағдарын айқындап, өмірлік жар табуға жәрдемдесетінін де айта кеткеніміз жөн.

Бүгінгі таңда әпкелерді «тәте», кей кезде тіпті «әпше» деп атайтын жағдайлар жиі кездеседі. «Әпке» дегеннің өзі «апа-еке» деген екі сөздің қосындысы екенін естен шығарып алған сияқтымыз. «Тәтенің» орнығып алғаны сонша, алпысты алқымдаған әйелдерге апа десең, атынан құлап қалғандай ашуланатындары  бар. «Апа деме, мен саған апа бола қойған жоқпын» деп жер тепкілеп шыға келеді. Бұл көп жағдайда немерелері әжесін апа дегендіктен, өз шешелерін тәте деп амалсыз ауыстырғанынан шыққан үрдіс екені байқалады. Енді не дейін десең, «тәте де» дейді. «Тәтесі» «апаға» қарағанда жастау адамға арналған атау екен. Тәрбиелі адам әр жас ерекшелігін сол жасқа сай қабылдай білуі керек, кейбір сары қарын бәйбішелердің санасын еуропалықтардың бір-біріне «қыздай болып кетіпсің» деп өтірік мүләйімситін жәдігөй сөздері әбден жаулап алған секілді.  Егер тек әпкелерін ғана «тәте» десе, мақұл дер едік, бірақ шешесін, жеңгесін, әпкесін барлығын бір тәтемен атайтын адамдарды әлі күнге дейін түсінбей қалдық қой.

Ана сәбиі дүниеге келгеннен жігіт болып ат жалын тартып мінгенше баласының қасында болады, баланың тілі де, тәрбиесі де сол анасына қарап қалыптасады. М.Әуезовтің «Ел боламын десең, алдымен бесігіңді түзе» дегенінің жаны бар сөз екенін осыдан-ақ ұғуға болады. Сондықтан балаға анасы қалай үйретсе, ол солай қабылдайды.  «Тәте» деп айт десе, ол анасын да тәте деп атап жүре береді. Ал баяғы апа, жеңге, әпке деген қазақы асыл атаулардың бәрі тәтенің тегеурініне шыдамай, түте-түте болып, ұмытылып барады. Бұлай кете берсе, енді бір қырық-елу жылда қазақ барлық әйел атаулыны «тәте» деп қана атайтын шығар. Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы таныстарыммен әңгімелесіп отырып: «Осы «тәте» деген сөз сіздерге қайдан келген?» десем, «ол бізде баяғыдан бар сөз, «тәте» деп еркекті атайтын сендер ғой» деп  бір ақсақал сөзге белсене араласты. Мен онда Үмбетәлі ақын неге Жамбылды «Жамбыл тәтем» деп атаған десем, ол кісі оны білмейтін болып шықты. Үмбетәлі ғана емес, Кенен ақын да, сол қатарлылардың барлығы Жәкеңді «тәте» деп атаған. Олар ұлы ақынды, өздерінің ағаларын солай құрметтеген. Сонда «тәтенің» пайда болғанына көп уақыт бола қоймаған болып тұр ғой. Абай шығармаларын оқып отырып әйел баласына қарата айтылатын «тәтені» кездестіре алмадық, «Абай жолы» эпопеясында да «тәте» жоқ, ХІХ ғасырда өмір сүрген ақындардың ешқайсысынан өздерінің әпкелерін «тәте» дегендерін оқи алмадық. Халқымыздың басқа жұртқа ұқсамайтын айрықша қасиеті – бауырмалдылық. Өкінішке орай, кейінгі жылдары біз өзімізге ғана табиғи тән осы қасиетімізден де ажырап бара жатқандаймыз.

Жалпы әдебиет әлемінде өкінішке орай әпке бейнесін сомдаған шығарма жоқтың қасы. Тіптен әпке тақырыбындағы әндерді де естімейміз. Тек мерзімді басылым беттерінен әпкеге арналған жоқтауларды оқып қалатынымыз бар. Олардың бәрінде де өң мен түстей күй кешкен жандар әпкелерінің жасаған жақсылықтарын, отбасында бас болып, азамат атанулары үшін шыр-пыр болып жүргендігін, төккен терін баяндап жатады.
Әпекем-ай,
Ардағым-ай.
Теңдесі жоқ
Жайнап тұршы,
Күндей жарқын, – деп соңғы кезде әншілер Жұбаныш Жексенұлы пен Мақпал Жүнісова әпкенің асыл қасиеттерін, қамқорлығын әнге қосып әуелете шырқап жүр.

Сара ЕСЖАНОВА, үй шаруасындағы әйел:
– Менің әпкем анамызға қолғанат бола білумен қатар үш інім мен мені өгіздей өрге сүйрегенін бүгінде жасым алпыстан асқанда жаңа түсінгендеймін. Әпкем Дана біз ес біліп, тәй-тәй басқан кезімізде қасымызда болды, үнемі бауырмалдық танытты. Тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуі жол апатынан көз жұмған кезде де шыдамдылық танытты. Өзі бақилық болғанға дейін қайтыс болған күйеуінің туыстарымен де байланысын үзген емес. Барлығына көңіл бөліп, той-жиындарынан қалмады. Қазіргі күні ол кісі көрсетіп кеткен үлгі-өнегесін асқан сағынышпен, қимастық көңілмен еске аламыз. Ойлап отырсам ең жақын, басымызды сүйеген анық жанашырымызға көзі тірісінде бауырлары болып бір жылы сөз де айтпаған екенбіз. Енді соған қатты өкінемін.

Хамит ҚҰДАЙБЕРГЕН, кәсіпкер:
– «Адамға ашу мен төзім қатар берілсе, қайсысын дамытатынын сол адамның өзі шешеді» деген сөздің жаны бар. Біздің әпкеміз Халимаш көркем мінезді, аса сабырлы адам. Үй шаруасында қандай істі қолға алса да тиянақты етіп атқаратын. Ата-анасының тәлім-тәрбиесін көрген оның бойынан табандылық та, қайсарлық та табылатын еді. Біз оның кез келген іске икемі мен қабілетін көріп өстік. Қадір-қасиетін тани білдік. Басқа елге ұзатылып кеткеннен кейін де туыстық байланысымыз үзілген емес. Екі сіңлісін қолына алып оқытып, жетілдіріп, қолынан ұзатты. Кейін менің және інімнің отбасына материалдық көмек қолын да созды. Әпкеміздің жақсылығын өзіміз қырықтың қырқасына шыққанда ғана біліп жатырмыз.

Сұлушаш ЕРҚАНАТҚЫЗЫ, тігінші:
– Менің әпкем Бағила жаратылысынан жұртқа жақсылық жасаудан әсте жалықпайды. Өмірінің басты өлшеміне айналдырған осы бір қасиетінің арқасында жұртқа берген қарызын қайтара алмай дағдарған сәттеріне өзім куә болғаным бар. Бірде қалада тұратын екі інісі бала-шағасымен еңбек демалысына келіп, бір апта үйде аунап-қунап жатты. Әпкем оларға төрін ұсынып қонақжайлық танытты. Қымбат сыйлықтар тарту етті. Дәл інілері қалаға қайтар кезде ақшасы азайып қалды. Содан бір жыл бойы алған қаражатын сылтауратып қайтармай жүрген Д. есімді әйелді көшеден кездестіріп қалады. «Былтыр 50 мың теңгеге бірнеше киімдерді алып кетіп едің ғой. Тым болмаса жартысын тауып бересің бе?» деп қиылды әпкем. Сонда әлгі әйел: «Немене сен сол 50 мыңға күнің қарап қалды ма» деп өзіне қарсы дүрсе қоя бергені. Содан әпкем ауыр сөздерді естіп үйге көңілсіз оралды. Мен арқа сүйеп жүрген жанның соншалықты аңғал, нәзік екенін сол жолы алғаш рет аңғарғанмын.
Әсіресе, әке орнына да, шеше орнына да қалған әпкелердің отбасындағы орны ерекше. Олардың мейірімді жүрегі, қайсарлығы мен төзімділігі қандай мақтауға да тұрарлықтай ғой. Бүкіл адамгершілік тәлімді өмірдің нақ өзінен жинақтай отырып бауырларын жетілдіріп, жетектеп, аяғынан тік тұрғызып жарқын күнге жеткізу үшін аянбай тер төгетін, қажет кезінде айналып-толғанатын, қажет кезінде ақыл-кеңесін аямайтын әпкелер қай ауылдан да табылады. Әттең, сондай ең жақын адамдарымызды дер кезінде бағалай алмай жататынымыз-ай!

+1 дауыс
Менің әпкем өте керемет жан менен 3 жас улкен әрі әдемі ақылды улгі тұтарлықтай сабақты да өте керемет оқиды мен өз әпкеме қарап сол сияқты болып өскім келеді Әпке ол сенің екінші анаң болуга дайын менің әпкем ана орнына ана ага орнына ага болады себебі менің анам бір жерге кетіп қалса маган дәл анам секілді әпкем қарайды ал мектепте біреу тиіссе мені қорғайтын әпкем менде өскен соң өз сіңліме немесе ініме дәл солай қараймын әпкем алыс жаққа кетіп қалса өте қатты сағынамын мен өз әпкеме  сырларымды айтатынмын кейбір адамдардың әпкелері болмауы мумукін  бірақ ол үшін жасқанбау керек неге десеңіз сіздің сырларыңызды айтатаын туған анаңыз бар өмірде тек жақсы көретін екі адам ол анам мен әпкем әпке ол асыл жан миірімді қамқор кішіге ізіеттілік көрсетіп улкен қызметін көрсете біледі менде дәл сол секілді болғым келеді
0 дауыс

Дулат Исабековтың "Әпке" шығармасында ата-аналарынан ерте айырылған жетімдер туралы айтылады.Бірақ оларды жетімдер деуге келмес .Себебі, бауырларына ата-ана да,әпке де бола білген үйдің үлкені Қамажай атты әпкелері бар.Қанша бастарынан қиындық өткедерімен әке шешесінің орнын жоқтатпай бауырларының аяқтарынан тік тұрғызып,қатарынан қалдырмауға тырысты.Олардың бәрін оқытып, тоқытып тіпті кіші інісін үйлендіріп бөлек үйге шығарып берді.

Бұл шығармадан үлкен тәлім-тәрбие алуға болады.Әпкесінің Бауырларына деген махаббаты қамқорлығы туралы айтылады.Тіпті қазіргі кезде әпке болмақ түгілі өз балаларын тастап кете баратын көкек аналар қаншама.
Менде Қамажай секілді үйдің үлкенімін. Артымда еріп келе жатқан үш бауырым бар. Оларға өз бойымдағы бар жақсы қасиетімді көрсетіп, дұрыс тәлім-тәрбие беру менің әпкелік парызым деп білемін.

0 дауыс

Әпке-ол сен үшін ең сүйікті де шырайлы қамқар жан. Менің әпкембар,мен оны өте қатты жақсы көремін.Ол өте сұлу, көрікті, ақылды. Мен оны әлемде жалғыз ғана деп ойлаймын. Анам алыс жерег кеткенде маған қамқор болатын да ол, әпкем. Менің қанша туықан деген жақын әпкелерім болса да,менің туған әпкеме жетпейді гой шіркін. Әпкем алысқа кеткенде мен оны бәрінен де қатты сағынамын. Әпкең-ол сенің анаңнан кейінгі екінші анаң...

0 дауыс
Ой әпке деген кереметкой иәә деп айталмайм потому что у меня нет сестра
...