0 дауыс
400 көрілді
1. Дулат Исабеков туралы не білдіңдер?
2. «Әпке» драмасының кейіпкерлерін атаңдар.
3. Қамажай іні-сіңлілерін бағып-қағуда қандай қиындықтардан өтті?
4. Қамажай анасының аманатын орындады ма, арманы орындалды ма?
5. Қамажай бауырларына аналық жылу бере алды ма?

1 жауап

0 дауыс
1. Дулат Исабеков (20.12.1942 ж., "Ленин жолы" ауылы, Арыс ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1992).

2. Қамажай - басты кейіпкер. Омардың, Темірбек пен Ермектің әпкесі. Мінезі жағынан қамқор, қарапайым, бауырмал, әрі мейірімді кейіпкер.

Омар - Қамажайдың інісі. Мамандығы жағынан ғалым, философ, көбіне ғылыми тілде сөйлейді, бірақ жаны ізгі жандардың бірі, сыпайы, адамгершілігі мол, көзілдірік тағады, бойын ашуға билетпейді, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді, жаны ғылымды сүйеді, лақап аты - Ом.

Темірбек (Тимур) - Қамажайдың інісі. КамАЗ-да бригадир болып жұмыс істейді. Тікмінезді,бұрама тілді,бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналадағыларына қамқор.

Ермек - Қамажайдың інісі. Өте сүйкімді кейіпкер, үйінің кенжесі болып табылады.

Нәзила - Қамажайдың сіңлісі. Мұғалім болып жұмыс істейді. Мінезі - ерке, тікмінезді, тура сөзді.

Гауһар - Нәзиланың құрбысы. Омарға ғашық. Ойын көтеретін ақкөніл,адамгершілігі мол жан.

Кәмила (Кама) - Темірбектің сүйген қызы, кейіннен әйелі, темекі тартады, тілінің уы бар қыз. Өте өжет жан, жүрген жерінде ұрыс-керіске ұшырап жағымсыз кейіпкер ретінде көрінеді.

Сұлтан - Темірбектің (Тимур) досы. Білімді, зерек, сыпайы, сөзі құлаққа жағымды.

Сұлухан (Светлана) - Сұлтанның жанындағы қыз.

Қабен - өте ақылды адам. Бақытқа ұмтылған жан.

Көрші әйел - Адам жанын түсіне білетін,жаны ашып көмектесуге дайын тұратын жағымды кейіпкер.

Дулат Исабековтың "Әпке" шығармасында ата-аналарынан ерте айырылған жетімдер туралы айтылады. Бірақ оларды жетімдер деуге келмес? Себебі, бауырларына ата-ана да,әпке де бола білген қамқор да жалғыз әпкелері. Бауырларынның өзгелермен терезесі тең болуы үшін өз өмірін сыртқа шығарып, бауырларының амандығы үшін өзін қиған әпшенің бейнесін көреміз. Қанша бастарынан қиындық өткергендерімен әке шешесінің орнын жоқтатпай бауырларының аяқтарынан тік тұрғызып, қатарынан қалдырмауға тырысты. Олардың бәрін оқытып, тоқытып тіпті кіші інісін үйлендіріп бөлек үйге шығарып берді.

Бұл шығармадан үлкен тәлім-тәрбие алуға болады. Әпкесінің Бауырларына деген махаббаты қамқорлығы туралы айтылады. Оларды өмірден апшесінен сырт айналып оның жалғыз қалуыда шығарманы шиеленістіріп жібереді. Адамды терең ойға шомылдырып, өмірге деген тәлім тәрбие береді. Тіпті қазіргі кезде әпке болмақ түгілі өз балаларын тастап кете баратын көкек құс секілді аналар жетіп артылады. Елімізде төрт ұйқысын төрт бөлген асыл аналары мен күні түні олар үшін еңбек еткен асқар тау әкелерін қарттар үйіне апаруға асығып тұратын жастар бейнесін де байқауға болады.

Осы Қамажай секілді өзі өмір сүрген дәуірді қысы на да жазына да төтеп беріп, өмір сыйлаған қуаныштыда қиындықтарды да жылы лебіз бен қарсы ала алатын жандар сау сақ санарлы. Бұл шығармадан жай ғана драма болғанмен тұнып тұрған нағыз өмір бейнесі.
...