+3 дауыс
5.0k көрілді
Қазақфильм кино 3 мамырдан бастап барлық кинотеатрлардан көрсетіледі деп отыр. Қалай ойлайсыздар жақсы фильмбе? Баруға тұратын фильм деп ойлайсыздарма? Көшпенділердің жолын қайталайды деп ойламайсыздарма? Сіз барасызба осы фильмді көруге? Барып көргендер боса, кино көңіліңізден шықтыма?


----------


----------

## Жаңару ##

*Кино қазір кейбір жерлерде орыс тілінде көрсетіліп жатыр екен. Неткен сорақы жағдай. Өз елімізде, өз жерімізде отырып,қазақтың төл туындысын ана тілімізде көре алмағанымызба? Қандай күйге түстік сонда???.... Достар бұл фильмнің ана тілімізде көрсетілуін талап етейік,  наразылығымызды білдірейік.... Орыс тілінде болып жатқан нұсқасына бармауға шақырамын......, қазаққа қатысты фильм ең алдымен қазақша көрсетілуі керек емеспе??... Қалтасын толтыруды ойлаған арамтамақтардың жолын бөгейік, жол бермейік!!.......*

22 жауап

+2 дауыс
Фильмнің атының өзі арқырап тұр емес па? Әрине барып көрер едім.
Негізі Көшпенділерден кейін Қазақфильмге сенім жоқ деп жүр едім. Көшпенділердіде жарнамалап жарнамалап, ақыры ешкімнің көңіліне жақпады ғой. Соның жолын қайталап жүрмейме дегенім ғой.
http://namba.kz/#!/video/3735481/
 көрініздер
+2 дауыс
неге екенін білмейм осы киноны көргенше асығып жүрмін |-)
+2 дауыс
Түсірген қазақ рижиссері, ойнаған да біздің актерлер екен, жақсы кино болып шыққан шығар деген үмітпен барып көреміз дағы
+2 дауыс
Трейлеріне қарағанда жақсы фильм сияқты және актерлерінің көпшілігі жастар
+2 дауыс
"Жау жүрек мың баладағы" басты рөлдеге бала Асыл Төлепов деген 92 жылғы бала екен...)) Жал, киноның сапасы жақсы шығады деп ойлаймын, әрине..
+1 дауыс
Қандай болса да кинотетрдан барып көру керек. Фильмның сапасы төмен болған жағдайдың өзінде, алға жылжу, прогресс ушін барып коруге тиіспіз. Сұраныс болса жаңа фильмдер де болады, үйде отырып казторкадан алып қарасақ даму болмайды. Киноға барайық...
дұрыс айттыңыз!
+3 дауыс
менің ойымша көруге тұрарлық кино, актерлардың өзі  көруге тартып тұрады екен:)
+3 дауыс
Қазақ батыры қалай болу керек екенін ұмытқан сияқты , құйтақандай баланы ойнатып қойғаны қазақ батырларын қорлауғо. кішкене батырға ұқсайтын адамды ойнату керекко. Көңілімнен шыққан жоқ
құйтағандай бала емес ғой, биыл міне 20ға толады екен, ал ол бала рөлде 15 жасар баланың рөлін сомдайды
Әңгіме жасында емес әңгіме түр тұлғасында
Сіздіңше, 15 жасар баланың түрі қандай болу керек сонда?
ну, өзіңіз біліңізші, әркімге арқалай, сіздің ойыңыз бөлек, менің ойым бөлек!
+2 дауыс
Жаужүрек мың бала фильмі жақсы кино сияқты,қазақстан кино түсіру жағынан күннен кунге жақсартып келе жатыр ҚАЗАҚТЫҢ қазақша кинолары коп бола берсін
+2 дауыс
Жақсы фильм-ау деймін. Бұл фильм қазақ пен жоңғар арасындағы шайқас. Қазақтың қаншама қиыншылық көріп, соғысқа қатысқанын айттады. Ішінде САРТАЙ деген бала бар-ау дейм.
+1 дауыс
Кеше ғана сағат 23-40 барып қарадым.

Плюсы(ұнағаны)

Аңырайқай шайқасы,Сартайдың ерлікпен қаза тапқаны,Жоңғарлардың тілі,Декорация,спец.эффект,адамдардың шайқасы,төбелесі(приемдары)Жоңғарлардың базасында бомбаның жарылуы,Сартай,Ілияс,Таймас,Қорланның технищні адамдарды өлтіруі

Минусы(ұнамағаны)

Қорланды ойнаған қыз ұл сияқты болып кеткен ба,әйтеуір нәзіктік байқалмайды.ОРЫСША озвучка,Жоңғарларда 30000 ал қазақтарда 15000-ға жуық сарбазы бар шайқаста,5 минут жетер-жетпестен туды құлатып қазақтардың жеңгені:дым зрелище байқалған жоқ.
Рахмет жауабыңызға.
+4 дауыс
бұл фильмді бүгін көрдім. Ұнады. Көңіл жібітерлік, адамды ойландыратын жағдайлар бар. әрине орысша нұсқасын ұсынғандары түсініксіз. оған да бір себептері болған шығар. жоғарыдағылар да ақымақ емес қой?! сапасы жағынан айта кетсем, былайша жақсы ғой, тек бір жерлері бар айта кететін, фильмнің соңғы жағында массоканы қатырып қойыпты, ар жағына шынайы емес жауынгерлерді толтырып, Сартай жоңғарлардың  қонтайшысына шабуылдағанда массовканың өтірік екені қатты көрінді. Ал фильмнің идеясы, актерлар ойнаған, киімдері бәрі керемет. Әжелеріміздің киім-кешектері көзіме бірден түсті. Қазағым, бауырларым, ата-бабаларымыз елім-жерім деп қан төккенде, біздің орысша сөйлеп, соған мұрынымызды көтергеніміз дұрыс емес.  өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте демекші. Көрші орыс елден аларымызды алып, білмегенімізді үйренейік, бірақ өз елімізде қазақша сөйлесек, қан төккен бабаларымыздан да ұят болмас еді!
+1 дауыс
Қатты көргім келіп жүр! Сондай тарихи киноларды жақсы көрем! Бір жарнамасын көріп,ғашық болып қалдым.
Жақсы ,мағыналы кино. Ең бастысы еліміздің төл туындысы.  Жастар болып еліміздің болашағы үшін, патриоттық рухты көтеру үшін туындыны көруіміз, қолдауымыз қажет. Әрине "біткен іске сыншы көп", "сын түзелмей мін түзелмейді деген тағы бар.
+3 дауыс
енді қазактың төл киносы ғой бұл 12 млрд қаржы жұмсалған тұңғыш қазақ киносы . Мен ойлаим осы киноны көріп қаншама қазақ баласының рухы көтеріліп қалды деп.
Жасай берсін қазақ режисерлері
600 млн доллардан аспайтын.Аватар,Титаник,Пираты Карибского море-лар артта қалды дейсің ғо...

Фффшық; 12 млрд емес 12 млн евро )
Көшпенділер бар:

34 млн евро)
+2 дауыс
Әзірге көрудің сәті түспеді,бірақ міндетті түрде көруге тырысамын. Атақ,дабырасына қарағанда жақсы кино болар деп үміттенемін, әдеттегідей мемлекет қаржысын талан-таражға салу болмаса.
...