бұл фильмді бүгін көрдім. Ұнады. Көңіл жібітерлік, адамды ойландыратын жағдайлар бар. әрине орысша нұсқасын ұсынғандары түсініксіз. оған да бір себептері болған шығар. жоғарыдағылар да ақымақ емес қой?! сапасы жағынан айта кетсем, былайша жақсы ғой, тек бір жерлері бар айта кететін, фильмнің соңғы жағында массоканы қатырып қойыпты, ар жағына шынайы емес жауынгерлерді толтырып, Сартай жоңғарлардың қонтайшысына шабуылдағанда массовканың өтірік екені қатты көрінді. Ал фильмнің идеясы, актерлар ойнаған, киімдері бәрі керемет. Әжелеріміздің киім-кешектері көзіме бірден түсті. Қазағым, бауырларым, ата-бабаларымыз елім-жерім деп қан төккенде, біздің орысша сөйлеп, соған мұрынымызды көтергеніміз дұрыс емес. өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте демекші. Көрші орыс елден аларымызды алып, білмегенімізді үйренейік, бірақ өз елімізде қазақша сөйлесек, қан төккен бабаларымыздан да ұят болмас еді!