0 дауыс
55.6k көрілді
Орман - қағаз өнеркәсібі. 1. География ғылымы нені зерттейді, қандай бөлімдерден тұрады? Қоғамдағы шешуші рөлі не? Орман - қағаз өнеркәсібі

4 жауап

0 дауыс

География ғылымы және оның салалары

География - жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым.

География ертеден дамыған табиғатты зерттейтін жаралыстану ғылымдарының біріне жатады. Зерттеу нысанына, әдістері мен мақсаттарына қарай география ғылымы физикалық және әлеуметтік-экономикалық салаларға бөлінеді.

Физикалық география табиғат нысандар мен құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейді. Физикалық география жалпы және аймақтық географияға бөлінеді. Жалпы физикалық география жердің географиялық қабығының құрылысын, құрамын, дамуын, территориялық бөлшектенуі мен олардың сыртқы және ішкі байланыстарын зерттейді, ал аймақтық физикалық география табиғи бөлек территориядағы жоғарғы аталған заңдылықтардың жергілікті ерекшеліктерін зерттейді.

Физикалық география дамуына байланысты көптеген ғылымдар салаларына бөлінеді: геоморфология, климатология, океанология, гидрология, топырақ географиясы, геоботаника, зоогеография, гляциология, геокриология және палеогеография.

Әлеуметтік-экономикалық география өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы түрлерінің, көліктің, халықтардың орналасу заңдылықтарын зерттейді. Әлеуметтік-экономикалық география экономикалық география, әлеуметтік география, халық географиясы, демография ғылыми салаларына бөлінеді.

+1 дауыс
1. География (грек. ge — Жер және graphо — жазу) — Жердің географиялық қабығындағы табиғи-аумақтық және аумақтық-өндірістік кешендерін және олардың құраушыларын зерттейтін жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар жүйесі.
Г-лық ғылымдар негізінен 2 топқа бөлінеді. Физикалық географиялық ғылымдарға: физикалық география (өз кезегінде жертану, ландшафттану, палеогеография, елтану, т.б. салаларынан тұрады), геоморфология, климатология, құрлық гидрологиясы, мұхиттар гидрологиясы, гляциология, геокриология, топырақ географиясы, биогеография; қоғамдық географиялық ғылымдарға: экономикалық география, әлеуметтік география, өнеркәсіп географиясы, ауыл шаруашылық географиясы, транспорт географиясы, халықтар географиясы, мәдениет географиясы, саяси география, т.б. кіреді
Қоғамдық геогр. ғылымдар Қазақстанда табиғи қорларды, шикізат ресурстарын, халықтың өсуін, әл-ахуалын, шаруашылық жағдайын, ірі аумақтық-өндірістік кешендерді тиімді орналастыруға, т.б. байланысты дами бастады.
0 дауыс
Негізі Өнеркәсіпті зерттейді
0 дауыс
География ғылымы нені зерттейді,оның қандай салалары бар?

Ұқсас сұрақтар

...