0 дауыс
73.2k көрілді

География ғылымы нені зерттейді?

1. География ғылымы қандай салаларға бөлінеді?

2. Физикалық география нені зерттейді?

3. Физикалық география қандай бөлімдерге бөлінеді? Физикалық бөлімдерінің зерттеу айырмашылықтары неде?

4. Физикалық география қандай ғылымдарға бөлінеді?

5. Әлеуметтік-экономикалық география нені зерттейді?

6. Әлеуметтік-экономикалық география қандай ғылымдарға бөлінеді?

География ғылымы және оның салалары

География - жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым.

География ертеден дамыған табиғатты зерттейтін жаралыстану ғылымдарының біріне жатады. Зерттеу нысанына, әдістері мен мақсаттарына қарай география ғылымы физикалық және әлеуметтік-экономикалық салаларға бөлінеді.

Физикалық география табиғат нысандар мен құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейді. Физикалық география жалпы және аймақтық географияға бөлінеді. Жалпы физикалық география жердің географиялық қабығының құрылысын, құрамын, дамуын, территориялық бөлшектенуі мен олардың сыртқы және ішкі байланыстарын зерттейді, ал аймақтық физикалық география табиғи бөлек территориядағы жоғарғы аталған заңдылықтардың жергілікті ерекшеліктерін зерттейді.

Физикалық география дамуына байланысты көптеген ғылымдар салаларына бөлінеді: геоморфология, климатология, океанология, гидрология, топырақ географиясы, геоботаника, зоогеография, гляциология, геокриология және палеогеография.

Әлеуметтік-экономикалық география өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы түрлерінің, көліктің, халықтардың орналасу заңдылықтарын зерттейді. Әлеуметтік-экономикалық география экономикалық география, әлеуметтік география, халық географиясы, демография ғылыми салаларына бөлінеді.

Сұрақтың жабылу себебі: Жақсы жауап алынды

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
География: (гр. γεωγραφία, сөзі жерді сипаттау деген мағына береді, Ол келесі екі сөзден тұрады гр. γαία — Жер және гр. γράφειν — сипаттап жазу, суреттеу). Жалпы, жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттері туралы зерттейтін ғылым.
+1 дауыс
география ғылымы жерді зерттейді.
0 дауыс
География кітабін Эратосфен алғашқы жазды
0 дауыс
география жерді зерттейтін ғылым
0 дауыс
Қазіргі қалалардын өсу процесінің ерекшеліктерын зертейтын география ғылымы қандай?
0 дауыс
География ғылымы, жер бетін және оның табиғи жағдайларымен, ондағы халықтың таралуымен және шаруашылық ресурстарымен зерттейтін ғылым, жалпы айтқанда жерді зерттейтін ғылым.

Ұқсас сұрақтар

...