+1 дауыс
75.8k көрілді
Шылауларға байланысты сөйлемдер жазуға көмектесіңіздерші. Керекті сөздер олар сөйлемнің арасында кездесу керек; сияқты, кейін, бұрын, туралы, сайын, мен, бен, дейін, сайын, бері, бірге, соң, тәрізді, жайлы

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

ШЫЛАУ:

Сұраққа жауап бермейді

Жеке тұрып сөйлем мүшесі болмайды, шылаулар түрленбейді

Өз алдына толық мағынасы жоқ

Сөзден бөлек жазылады

Біріңғай қолданыста екі сын есім арасында келгенде тыныс белгі қойылмайды

Біріңғай сөздермен қайталанып келсе үтір қойылады

Сөзбен сөзді байланыстырады

Өзі тірк.сөзге үстеме мағына береді

Септеулік шылаулар туралы түсінік

Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарау: Септеулік, демеулік, жалғаулық болып үшке бөлінеді.

Септеулік шылау Атау, барыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады, сөздерді сабақтастыра байланыстырады.

Атау: туралы, сияқты, Үшін, сайын т.б.

Мысалы: Біз сабақ туралы сөйлестік.

Отан үшін отқа түс –күймесің.

Жұма сайын үйге қайтамыз.

Барыс: дейін, қарай, тарта, жуық т.б.

Мысалы: Түске дейін жүзге жуық хат жібердік.

Шығыс: кейін, соң, әрі, гөрі, бері т.б.


Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым.


Сабақтан соң үйге үйірме жұмысымен айналысамыз

Көмектес:бірге, қабат, қатар


Мен әкеммен бірге кешке дейін жұмыс істедім.

Жалғаулық шылау.

Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады. /сөз бен сөзді, сөйлем сен сөйлемді салаластыра байланыстырады/

Жалғалық шылауларды жалғаулықтар деп атайды.

Жалғаулық шылаулар:

-және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде, бірде, біресе, егер т.б.

Мағыналық қатынастары:

Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі /Мысалдар келтіру/

Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да т.б.

Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар немесе кезектес мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде

Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан т.б.

+4 дауыс
Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазып жүрген кім? (Ә. Әбішев); Қыстауға қонғаннан бері, кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана әжесімен оңаша қалады. Екі күн өткен соң, ауыл Көкқайнардан Шығысқа қарай кетті.Содан он жылдықты онымен бірге бітірдік. Сен туралы естідім.Мал емес, адам сияқты еңкеңдеп келе жатыр. Асықпаған арба(мен) қоянға жетеді.Тек апасы түннен бері қатты мазасызданып, тынышы кетіп жүр. Сенен кейін барамын. Әнмен бірге көңілді күлкілер де естілді.Біраз жер жүргеннен кейін демалдық. Бұдан кейін қарсыласудан ештеңе өнбейді. Бұрын көрген таныс тәрізді жаныңды билеп әкетеді. Тибалық мұз астынан сыртқа шыққан соң, жағаға ұмтылды.Полк командирі кеткен соң пулеметшінің қасына барды.  Жұмыстан бұрын сенімен кездесу қиын боп кетті. Шығысқа дейін жүретін жол ұзақ. Тау мен тасты су бұзар,адамзатты сөз бұзар. Менен бұрын сен сөйле. Жаңғақ барлық жерде өседі бірақ пісіп үлгермейді .Қалам мен қағаз стол үстінде жатыр. Телі мен тентек қайда да бар болатын. Түн мен Күн орнын ауыстырды. Біраз жүргеннен кейін сәл бөгелдік.Қазақ халқының қонақжайлығын саяхатшылар мен ғалымдар жоғары бағалаған. Бұл қалада көне ескерткіштер мен оқу орындары болған.
0 дауыс
Шылаулары бар мəтін керек еді көмектесесиздерме
0 дауыс
1. Мағжан мен Айдос екеуі саяхатқа шықты.

2. Біз достарымыз бен бірге қорқынышты аңыз туралы әнгіме айттық.

3. Бегарыс пен ағасы екеуі күреске барады.
0 дауыс
1. Мағжан мен Айдос екеуі  саяхатқа шықты .

2. Біз достарымызбен бірге қорқынышты аңыз туралы әнгіме айттық.

3. Бегарыс пен ағасы екеуі күреске барады.
0 дауыс
1. Мағжан мен Аӣдос екеуі саяхатқа шықты.

2. Біз достарымызбен қорқынышты аңыз туралы айттық.

3. Бегарс пен ағасы екеуі күреске барады.
...