+3 дауыс
Жан-жануарлардың бәрінің бірдей төлдерін, сондай-ақ "туған-туыстарын" қалай атайтынын көпшілігіміз біле бермейміз. Сіз білгенді мен, мен білгенді сіздің білмеуіңіз мүмкін. Сондықтан да білетіндерімізді осында жазып өтсек...
Мысалы,
Ызақор – еркек арыстан
Қаншыр – ұрғашы арыстан
Абдан – арыстанның баласы
Таутан – ұрғашы барыс
Алан – барыстың күшігі
Арлан – еркек қасқыр
Құртқа – ұрғашы қасқыр
Бөлтірік – қасқырдың күшігі
Шағал – қорқау қасқыр
Сырттан – жабайы ит
Кірекей – ұрғашы аю
Қонжық – аюдың баласы
Мәлике – ұрғашы жылан
Мәулен – ұрғашы мысық
Соқыр – мысықтың әлі көзін ашпаған баласы
Марғау – мысықтың есейген баласы
Баршын – кәрі бүркіт
Қодық – құланның құлыны
Әңгі – есектің еркегі
Әздек – жас еркек есек
Күре, қодыға – есектің баласы
Қашыр – будан есек
Жусақ – жас тау ешкі
Құлжа – қой сияқты жабайы жануар
Еңлік – еліктің баласы
Құралай – киіктің лағы
Мамыр – балапан қаз.
Көгілдір – аққудың балапаны
Ал сіз қандай жануардың қандай "туысын" білесіз?
30.04.2011
өңдеді 143k қаралым

19 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Айтпақшы, үйдегі қоразды ұмытып кетіппін ғой.

Қораз, әтеш - тауықтың еркегі

Мекиен - тауықтың ұрғашысы
30.04.2011
0 дауыс
Құлжа деп еркек арқарды атайды.. төлі қозықа деп аталады
24.11.2015
0 дауыс
Арқардың ұрғашысын қалай атайды
03.04.2016
0 дауыс
  • Бие  - аттың  ұрғашыс
06.11.2017
0 дауыс
Еліктің   баласы   қалай   аталады
06.11.2017
0 дауыс
Куралай-еліктің баласы
07.11.2017
0 дауыс
Еліктің баласы еңлік днп аталады
07.11.2017
0 дауыс
ТҮЛКІНІҢ БАЛАСЫНЫҢ АТЫ КІМ? ЖӘНЕ ЖОЛБАРЫСТЫҢ БАЛАСЫНЫҢ АТЫ КІМ??
07.11.2017
0 дауыс
Мен тулкинин баласын издеп жатырмын
07.11.2017
0 дауыс
Түлкінің баласы мыршай, жолбарыстың баласы шөнжік.
09.11.2017
0 дауыс
Түлкі – құйрығы ұзын, терісі бағалы ит тұқымдас айлалы аң. Бұлақ құйрық, ақшулан, әккі сайқал, ін сақтағыш, қара үйек, қырқылжың арлан деп те аталады.

Алтай қызыл – қан қызыл түсті түлкі

Қарамалжын –күміс қара түсті түлкі

Мыршық, қаншық, қанжыр, жәутік – ұрғашы түлкі

Жаутаң, мыртот, түлкішек – түлкінің күшігі
13.11.2017
өңдеді
0 дауыс
Еңлік - гүлдің атауы
18.11.2017
0 дауыс
Шiби осип калган тауык белапаны
15.09.2018
0 дауыс
Тулкинын баласы мырмай

Жолбарыстын баласы шонжик
06.11.2018
0 дауыс
Түлкі баласы жəудір

Жолбарыс төлішөнжік
06.11.2018
0 дауыс
Тулкінің баласы Жәудір
07.11.2018
0 дауыс
маған жырткыш андардын аналык аталыктарын жазып беріңізші
11.11.2018
0 дауыс
неге тулкыныкы жок
12.11.2018
0 дауыс
Қыранның баласын не деп атайды? Айтасыздарма өтініш
05.11.2019
127,959Сұрақ
322,886Жауап
153,169Пікір
73,002Қолданушы