0 дауыс
3.8k көрілді
басым айналып, көзім бұлдырайды, көп ұйықтай беремін бірақ ата-анам ештеме етпейді өткінші кезең дейді, мен бұл анемияның белгісіме деп ойлаймын ал анемияның соңы неге әкелетінін жақсы білесіздер. сіздер не айта аласыздар құрметті достар?

5 жауап

+1 дауыс
Мүмкін витамин жетіспеуден де болар,Йодомарин қабылдап көріңіз көмектесіп қалар
+1 дауыс
Көктем жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы демей ме? Көктем адамды қатты әлсіретеді, сізге дәрумендер қолданып, жақсы тамақтану керек болар. Өзіңізге көп көңіл бөліңіз, мейлінше көкөніс пен жемістерді көбірек жеуге тырысыңыз.
+1 дауыс
Иә, көктемнің де әсері бар ғой...
Оның үстіне, қазіргі жастардың көпшілігі анемиямен ауырады. Анемияның да түрлері көп...
Сіз қан қысымыңызды өлшеп көріңіз, қалыпты жағдайда (ДЖ бойынша 120-80) ал біздің Республикамызда жастарға 110-70 те қалыпты болып саналады. Егер бұдан төмен болса... Анемияның неге әкелетінің өзіңіз де білетін секілдісіз...
Реті келгенде жаза кетейін, бірден қан көбейтетін дәріге жүгінбеңіз. Айтпақшы, сіздің бүйрегіңіз ауырмайтын бе еді? Бүйректің негізгі функциясы ағзаны қанмен толықтырып отыру ғой. Егер бүйрегіңіз ауыратын болса, онда сол бүйректі емдегеннен кейін балығы өз орнына келеді.
Көктемшілік кезде диата ұстамаңыз, құналы тамақтаныңыз, еттен жасалған өнімдерді пайдаланыңыз, ең дұрысы балық еті.
Кәдімгі шегені жақсылап жуып, сосын оны алмаға қадап қойыңыз да, бір сағаттан кейін шегені алып алманы жеңіз. Бұл да анемия емінің бір түрі.
Есіңізде болсын, ер балаларға қарағанда анемия сізге (қыздарға) қауіпті!
0 дауыс
Менде сондаймын кей кезде біртүрлі көзім бұлдырлап:көзімнін іші сап сары болып кетеді!!!
0 дауыс
Тап менікіндей жағдай...
Ұйқтаған жақсы ау...бірақ бір жағынан зияны да бар. Көп ұйқтап, оянған кезде басыңыз мең-зең болып кететіні бар ғой...
Сіз оданда кешкісін ерте жатып, таңертең сағат шамамен 6:00 де тұрыңыз(тұра алмайм десеңіз будильник қойып қойыңыз). Сосын таңғы таза ауамен жүгіріп қайтыңыз! Үйге келген соң қайта ұйқтап қалып жүрмеңіз, жұмыстарыңызды жасаңыз т.с.с.
__________
Менде көп ұйқтаймын жалпы. Сондықтан, осылай жасап көргенмін, нәтиже бар)
...