Иә, көктемнің де әсері бар ғой...
Оның үстіне, қазіргі жастардың көпшілігі анемиямен ауырады. Анемияның да түрлері көп...
Сіз қан қысымыңызды өлшеп көріңіз, қалыпты жағдайда (ДЖ бойынша 120-80) ал біздің Республикамызда жастарға 110-70 те қалыпты болып саналады. Егер бұдан төмен болса... Анемияның неге әкелетінің өзіңіз де білетін секілдісіз...
Реті келгенде жаза кетейін, бірден қан көбейтетін дәріге жүгінбеңіз. Айтпақшы, сіздің бүйрегіңіз ауырмайтын бе еді? Бүйректің негізгі функциясы ағзаны қанмен толықтырып отыру ғой. Егер бүйрегіңіз ауыратын болса, онда сол бүйректі емдегеннен кейін балығы өз орнына келеді.
Көктемшілік кезде диата ұстамаңыз, құналы тамақтаныңыз, еттен жасалған өнімдерді пайдаланыңыз, ең дұрысы балық еті.
Кәдімгі шегені жақсылап жуып, сосын оны алмаға қадап қойыңыз да, бір сағаттан кейін шегені алып алманы жеңіз. Бұл да анемия емінің бір түрі.
Есіңізде болсын, ер балаларға қарағанда анемия сізге (қыздарға) қауіпті!