+2 дауыс
56.4k көрілді
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Осы өлең шумағында алтау, төртеу дегендер кімдер? Және де мына мақал: *« Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді»*

10 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жасико, сенің сұрақтарың мағаналы,мәнді болып келеді. Меніңше Абай атамыз бұл жерде "Атадан алтау"-деп ағайындарын,әкесінің туыстарын айтып отыр, ал " Анадан төртеу"-деп өз бауырларын,бір анадан туғандарды меңзеп отыр-ау деп ойлаймын. Солардың сөзі бір жерден шықса   жалғыздық көрер ме едім,алауыздық құртты-ау деген өкініш
өксігі болар деймін. Бұл жерде өзін айту арқылы бүкіл қазақтың басындағы алауыздықты білдіріп тұрғандай.

 Ал енді  « Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді»- деген мақалдың мәні де соған келіп тұрған жоқ па?  Татулыққа,бірлікке шақырып тұрған жоқ па?
Сөзіңіздің жаны бар секілді, мен де сіз сияқты ойланып кеттім ғой, бірақ асыра мақтап жібердіңіз-ау!
+4 дауыс
Бұл жерде "алтау, төртеу" деген ағайынды адамдар. Енді сізге былай түсіндірейін Жасико ханым. Мысалы, бір ер адамның екі әйелі бар делік. Бәйбіше және тоқал. Бәйбішеден екі ағайынды, тоқалдан төрт ағайынды болсын. Төрт те екі болып ағайындылар араздасса,яғни бір-біріне қарсы шықса осыны-АЛТАУ АЛА БОЛСА АУЫЗДАҒЫ КЕТЕДІ деген осы. Ал ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА ТӨБЕДЕГІ КЕЛЕДІ-деген төрт ағайынды тату, ұйымшыл болсын деген мағынада айтылған.
сонда «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген мақал Тоқалының туысқандарының тату, ұйымшылдығыга арналған ба сонда?
+1 дауыс
Жаконың жазып отырғаны дұрыс, жоғарыдағы өлеңінде Абай атамыз өзінің рухани жалғыздығын айтып отыр. Әкесі Құнанбайдан алтау болса, екінші әйелі Ұлжаннан төрт бала, Абай  "анадан төртеу" деп соны меңзеп отыр. Ал,  « Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген мақалдағы  "алтауы" - "Алты Алаш", "төртеуі" - "Төрт құбылаң", төрт дегені үлкен ұғым. Ынтымақ, бірлікке шақыратын мақал, өнегелі сөз.
--Рахмет, жауабыңызға!
0 дауыс

анадан төртеу дегені анасы Ұлжаннан төрт ағайынды,

ал атадан алтау дегенін әлі түсініңкіремей тұрғаным.өйткені Құнанбайдың барлығы 7 баласы бар.

ал "жалғыздық көрер жерім жоқ "дегені бауырларының арасында ешқашан да жалғыздықты сезбейтіндіктен

тағы ойларыңыз болса, ортаға салыңыздар
0 дауыс
.

Ділдәдан Ақылбай (1861-1904), Әкімбай (1866-1874), Әбдірахман (1869-1895), Мағауия (1870-1904), Гүлбадан (1863-1932), Райхан (1871-1896) атты алты бала көрді.

Ал екінші әйелі - өзі ұнатып қосылған Айгерімнен (1856-1918), Тұрағұл (1875-1934), Мекаил (1884-1931), Ізқаил (1895-1929), Кенже (қыз, 1901-1932) есімді төрт бала дүниеге келді.

Әмеңгерлікпен үйленген үшінші әйелі Еркежаннан бала сүймеген.
0 дауыс
Алтау ала болса аузындагы кетеди дегени, иманнын алты шартын айтып тур. Егер иманын алты шартынын биреуи ала болса аузындагы калиман кетип калады деп отыр Абай атамыз
0 дауыс
Дұрыс айтасыз алтау ала болса деген де,төртеу түгел болса деген де иманның алты шарты осылай түсініңіздер,жүрекке иман керек,қанағат керек,шүкіршілік керек, өз санаңмен түсіну керек
0 дауыс
ТАРИХТЫ ОҚУ КЕРЕК, БІЛІМ ИНЕМЕН ҚҰДЫҚ ҚАЗҒАНДАЙ, БОС ЖОРАМАЛ ЖАЗБАҢДАР, АҚИҚАТ ЖАЗЫҢДАР ҚАЗАҚ ЕЛІ!
0 дауыс
Құнанбай көп әйел алған кісі.Үлкен әйелі Күңкеден Құдайберді деген басласын көрді. Екінші әйелі Ұлжан. Ол Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалыңдық екен. Інісі қайтыс болған соң Құнанбай келінін алған. Ұлжаннан туған балалары: Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан. Үшінші әйелі Айғыздан Халиолла, Ысмағұл деген балалары болған. "Атадан алтау, анадан төртеу" дейтін Абайдың өлеңінің мәнісі осы. Құнанбайдың төртінші әйелі-Нұрғанымнан бала болмаған.
материал:10 сынып қазақ әбебиеті 2019 ж оқулығы
0 дауыс
Бұл жерде не айтылғанын түсіне алмадым
...