+2 дауыс
28.4k көрілді
Мен жас маманмын,мұғаліммін. Ұстаз деген атқа лайық болғым келеді. Ол үшін маған қандай кеңестер бересіздер?

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
ҰСТАЗ ДЕГЕН...
Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,  ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин

Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбаев

Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.
Мұхтар Әуезов

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.
Ғабит Мүсірепов

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.                                 Мәлік Ғабдуллин

Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.
Жүсіп Баласағұни

Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін
Серке Қожамқұлов

Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.
Спандияр Көбеев

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
К.Д.Ушинский

Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз
Ыбырай Жақаев

Егер мұғалім  өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз.
Л.Н.Толстой

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.
Мағжан Жұмабаев

Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж.Ж.Руссо

Ұстаз – ұлы есім.
М.Әуезов

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
В.А.Сухомлинский

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
Ы.Алтынсарин
Керемет жауап!!!
Рахмееет,Асылбек!!!       Голдлайн,
1) өз темпераментіңізді анықтаңыз, мысалы сіз өзіңіз холерик болсаңыз,ал сабақ айтып тұрған оқушы меланхолик болса, ана оқушы сабақ айтып тұрып көп ойланады,ал сіз шыдамай өзіңіз айтып қоюыңыз мүмкін. Автоматты түрде. Біздің педагогикадан беретін апайымыз сондай мысалы, бізге сабақ айтқызбайт,сәл кідіріп қалсаң,өзі жалғастырып кетеді, сол дұрыс емес.
2) ешқашан киімге қарамаңыз, білем тап-таза болып жүретін оқушы,жақсы оқитын оқушы жаңына жағып тұрады. бірақ онша киінбейтін, кір-қожалақ оқушылар , олар да адам екенін ұмытпаңыз,
3) күнде жаңалық тыңдаңыз. қазір инет ашык кезде оқушыларды жеңу өте қиын, сіздің біліміңіз әрқашан артылып тұру керек. Мысалы менде бір жағдай болды, практикада жүргенде, мен кешкі жаңалықтар тыңдамай практикаға кетіп қалдым,ертеңіне бір оқушы, кеше апай жаңалықтардан мынандай айттғой,сол туралы не ойлайсыз дегенде,кірерге жер таба алмадым. Өйткені мен ол оқушының не айтып тұрғанын мүлдем түсінбеп едім. Ең құрығанда қала жаңалықтарын, газеттен оқып жүріңіз,
4) қазіргі оқушылар бақылаудың бәрін блитузбен жіберіп отырады екен бір-біріне,мен соны байқадым, бұрын біздің уақытымызда қалай еді,черновекке жазып артқа лақтырып жіберетінбіз)))

5) кейбір ата-аналар жиналысында айтып жатад, біз тәрбиелемейміз,біз тек қана білім береміз деп,солай айтқан мұғалім ең ақымақ жан. Тәрбие мен білім қатар жүретін процесс.
6) Мысалы химик лабораторияда зертеулер жүргізеді делік, нәтиже шықпай жатса, пробиркаларды төге салып қайта жүргізе алады. Ал мұғалімнің зерттеу пунктісі-мектеп. Ал реактивтері оқушылар. Егер мысалы күткен нәтижең шықпай жатса, ой мынау бала,қыңыр болып шықты, яки надан болып шықты,деп химик сияқты лақтыра алмайсыз,себебі ол адам.
7) өз жанұяңыздағы проблемаңыз, үйден шығып бара жатқанда ,жабылған есіктің артында  қалуы керек. жалпы сіз нағыз педагог мамандығын бітірмей жай,таныстықпен кіре салғанға ұқсайсыз. Мен сізге,Қоянбаев,Хмель, Абиев, Коменский,Ушинский,Чеховтың кітаптарын оқы дер едім. менің ұстанымым, " Мұғалімнің оқуын тоқтатуы, өліммен тең" Ушинский, "Тәрбиесіз берілген білім,адамзаттың қас жауы" Аль -Фараби.
+2 дауыс
оқы,оқы және оқы!
+3 дауыс
Балаға білгенін үйретуден жалықпаған адам жақсы ұстаз болады.
0 дауыс
Ұзтаз болу оңай емес .................................................................................
...