Мәә, кімді ойлап тұрып ем, сол жауап берді ғой, ризамын! Өміріңіз ұзақ болсын, Бақытты болыңыз, Рахмет жауабыңызға!!
Ал, енді тақырыпқа келетін болсам;
*"Сәлем салу"* арқылы келіндер алғыс алады, бата естиді, көгеріп көктейді. Кейінгі жылдарда кеңестік ықпалдың салдарынан келіндер сәлем салудан ыңғайсызданатын, ұялатын болып жүр дейді.
"Келін болып жүргеніме бәлен жыл болды, енді аяқ астынан қалай сәлем саламын?" деп қиналатындар да бар екен, ал негізі жалпы, "сәлем салудан" ата-бабаларымыз екіқабат әйелді ғана уақытша босатқан дейді, жалпы әйел заты қанша жасқа дейін сәлем салу керек сонда, өмірінің соңына дейін салады ма?
"Келін болып жүргеніме бәлен жыл болды, енді аяқ астынан қалай сәлем саламын?" деп қиналатындардың тірлігі дұрыс па? Енді адам басынан сәлем салмаған соң қалай бірден бастап кетуге болады?
Өзімнің білместігімнің кесірінен қойып тастаған сұрақтарымнан кешірім сұраймын, сонда да жауап берулеріңізді сұраймын...