0 дауыс
2.1k көрілді
ҰБТ-дан өтпей қалсам колледжге барғаным дұрыс па? Әлде келесі жылға қалып қайта тапсырғаным дұрыс па? Қалай ойлайсыздар? Өтпей қалсам дегенім грантқа баллым жетпей қалса.

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Егер грантқа іліге алмасаңыз, ақылы бөлімде оқудың мүмкіндігін қарастырып көруге болады. Оған шамаңыз келмесе, білім несиесі бар. Оны 10-12 жылға алып, оқу кезінде тек проценттік өсімін төлеп отырып, бітірген соң, толық жабуға мүмкіндік берілген. Оны алуға ешқанадй кепілзат қажет емес. Толық ақпаратты мына жерден білуге болады.

+2 дауыс
Колледжге барғанын дұрыс деп ойлаймын,барлығын да кішкентайдан бастаған дұрыс қой...
+3 дауыс
Аллах қаласа барлығы жақсы болады,тек жақсы нәрсені ойлау керек!!!!грантқа түсуіңе тілектеспін!!!!
Рахмет!! Бірақ сақтықта қорлық жоқ))
+4 дауыс
"Өтпей қалсам, бүйтпей қалсам" деудің қажеті жоқ секілді..."Өтемін, қалай болғанда да өтемін"-деп өзіңнің алдыңа мақсат қоюыңды сұраймын...Иншаллах, өтіп кетуіңе тілектеспін...
- Ал егер өзіңе өзің әлі де сенімді болмай тұрсаң, қазіргі уақытта колледждің дипломымен жұмысқа тұру қиынның қиыны екенін білгенің абзал, бастысы қалай болғанда да  оқуға грантқа ілігіп кетуіңе тілектеспін...
Аминь, рахмет! Әрине өзіме сенімді болуға тырысамын. Тек мына замандаақшаның көмегінсіз ештеңе шешілмейді ғой.  Менің қорқатыным сол мәселе. Грантқа өтіп тұрсаң да сенің орныңа байдың баласын кіргізіп жіберуі мүмкін. Бұндайларың талайын көріп жүрміз...
иә... айтпа... көргенде қандай, көріп тұрсам да қолдан келер амал жоқ....
+1 дауыс
Коллджеге түскенің дұрыс болады. Бір жыл босқа жүргеннен...
Сосын колледжді оқып жүріп бірінші курстан кейін қайтадан ЕНТ тапсыруға болады ғой, тағы түсе алмай қалсан колледжі жалғастыра бересін, түссен сол жылдан батап универ жалғастырасын.
Бір жыл жүріп қалма, бір жыл жүрсен келер жылы да оқуға түуіне жүз пайыз сенімділік жоқ ғой...
Жолын болсын жас түлек, ЖОО-ға түсуіне шын жүректен тілектеспін. Шын..
Үлкеен рахмет. Әмин, айтқаныңыз келсін!!!
+2 дауыс
Негізі бар ғой, "Грантқа түспей қалсам деп..." ойлайтын барлық талапкерлерге айтарым: 1 семестр оқып, білімің бар болса Грантқа ауысуға әбден болады ғой!!! 2-семестрден бастап стипендия ала бересіңдер!
+2 дауыс
ҰБТ.дан құлап қалған жағдайда, сертификатыңызды құшақтап Мемлекеттік Университетке баруыңызға болады. Яғни, мектептегі ҰБТ біткен соң, Университетте шілде айының орта шенінде тағы ҰБТ болады, сонда барып құжат тапсырып, тағы бағыңызды сынап көруге мүмкіндік бар. Яғни, осы жылда 2 рет ҰБТ тапсырасыз. Тағы өтпей қалсаңыз, содан соң да колледжге баруға кешікпейсіз. Дегенімен, сіздің ойыңызда "өтпей қалсам" деген ой емес "қалай да өтемін, жеңемін" деген ой болуға тиіс. Бәрі өзіңізга байланысты.
1 жылдан соң да оқуға түсе аласыз. Оқудың ерте-кеші жоқ. Мысалы, мен мекепте ҰБТ.дан жоғары балл жинағаныммен оқуға түсуге асықпадым. Себебі мамандық таңдауда қателесіп, көңілім толмап еді. Келер жылы оқу орнына барып тағы ҰБТ тапсырып жоғарғы баллмен оқуға түсіп кеттім, міне, енді 1 айдан соң диплом алмақпын)))
Бастысы менде "түсе алмаймын-ау" деген қорқыныштан гөрі "мамандығым өзіме ұнар ма екен?" деген ой болды, себебі өмірде екі нәрседен қателескен адамның оңбайтынын өзіңіз де білетін боларсыз? Оның бірі - жар таңдау болса, екіншісі - мамандық таңдау))
Саттілік тілеймін!!!
мамандығыныз қандай?????????????????????
Дефектология
...