0 дауыс
2.8k көрілді
Ұбт-дан 89 балл жинадым.Таңдау пәнім ағылшын және дүние жүзі тарихы. Қай қалаға грантқа түсе аламын?

2 жауап

0 дауыс
Сіздің таңдау пәндеріңіз бойынша грант аз бөлінеді. Сондықтан қалаған мамандығыңызға түсе аласыз деп айта алмаймын. Бірақ өткен жылғы, одан бұрынғы жылғы грант иегерлері тізімдерін ақтарып көрсеңіз болады. Жылда әр мамандыққа әртүрлі грант бөлінеді, бірде көп  бірде аз. Бірақ грант университетке бөлінеді деген ой дұрыс емес, грант мамандыққа бөлінеді.
Мысалға: Сіз ағылшын+ түрік тілі бойынша аудармашы мамандығын таңдадыңыз, үкіметтен 200 грант бөлінді. Егер ағылшын+ түрік тілі мамандығын таңдаған баллы жоғары 200 түлектің қатарына кірсеңіз грант иегерісіз. Тіпті ең мықты университетті таңдасаңызда, егер ол тізімге кірмесеңіз тіпті ең нашар университетті таңдасаңызда  түсе алмайсыз. Яғни грант университеттің деңгейіне қарай берілмейді, грант түлектің жинаған баллына қарай беріледі.
Егер сіз оңтүстік 5 облыстың бірінен болсаңыз, серпін бағдарламасымен солтүстікке тапсырып көріңіз (мүмкін болып қалар).
0 дауыс
Ағылшын мен дүние жүзі тарихынан минималды неше балл жинау керек
...