+1 дауыс
4.9k көрілді

19 жауап

–1 дауыс
Адам қатал болса өмірі қиындай түседі ал адам неге  өмір қатал дейді
+5 дауыс
Күлдіріп туып,жылатады Өмір!
Көтеріп туып,кұлатады Өмір!
Етегің толып еңірегенде,
Қайтадан өзі жұбатады Өмір!
Үмітіңді үзіп,түңіле көрме
Құлап та тұрып гүл атады Өмір!
'Үп'деген желге дірілдей берме
ШЫДАМДЫЛЫҚТЫ ұнатады Өмір
Мұқағалидың бұл өлеңіне қанша балл берсек те аздық етеді))
0 дауыс
*Мен үшін* *ӨМІР* *қатал ! Бірақ,қазір* *АДАМ* *қатал болып бар жатқандай !*
+1 дауыс
Меніңше, адам қатал болған сайын - өмір де қиындай түседі... Негізі, өмір қатал деп айта алмаймыз ғой. Себебі, өмір өзінен өзі қатал болмайды. Барлығы да, адам қолынан, ойынан жасалатын құбылыстар ғой.
+4 дауыс
Өмір қатал емес, біз тек  өмір сынағын  қаталдық деп санаймыз.
Адам қатал емес, біз тек адамның қырсық та адал мінезінің ұштасуын қаталдық деп санаймыз.
#Өмірде қаталдық жоқ! ! !
 (:жекеойым:)
ия омирдмин сынагын катал деуге болмаит,  омирдин сиын адал деуге де болмаит,  ал омир катал адал деген ойлар адамнын омирге коз карасынан туындаит, мен озим екеуне де косыла алмаим  кыскаша былай жеткизейн
Омиримди талкылаудан тынбаймын
Журегимди жылатсада мун кайгы
Омир катал да адал да емес екенгой
Омир сынак сынагына ким шыдайды.
0 дауыс
Әр адамның пешенесіне жазылған тағдырына қарайғо.Пешенеңе қатал,қиын өмір жазылса одан асып еш қайда бармайсың.қазіргі заманда адамдарда қатал болып кетті ғо
0 дауыс
Бар кінә адамдардан өмірдің бұған түк қатысы жоқ қаталдыққа!
0 дауыс
Мына сұрақ: Заман өзгерген ба? Әлде адам өзгерген ба? дегенге саяды екен. Заман жайында, адам өзгереді. Өзгергенде,  Жаман адамдар болмайды, тек мінезін жамандыққа жұмсайтын адамдар болады
0 дауыс
Арине омiр катал емес уйткенi омiр адамга катал болатындай омiрдiн ауызы козi колы аягы жокой адамдарга жамандык киындык тугызатындай сондыктанда адам каталгой.
+1 дауыс
Өмір талас білгенге
Қиын - қисық жолы көп,
Бақыттысың тапсаң сен
Бассаң жолын тура, дөп.

Өмір сайыс, қызғаныш,
Бәйгеге шапқан аттайсың
Өмірменен күресіп
Бір күн тыныш жатпайсың.

Өмір еңбек, арпалыс
Күйбеңдейтін күні көп,
Аласұрып жүргенмен
Ұзаратын түрі жоқ.

Өмір өтер тез келіп
Оған налып безбелік,
Болғанмен қысқа ылаж жоқ
Сүру керек мәнді етіп.

Өмір осы, ағайын,
Тәтпіштеп несін жазайын,
Айтып-айтпай не керек
Алдым талай сазайын.

Өмір осы айтатын
Әйтеуір бір қайтатын,
Ол дүниеден адам жоқ,
Бұл дүниеге қайтатын
Ескерту, сәлем айтатын.
0 дауыс
Орынды сұрақ. Негізі өмірдің қандай болуы адамның өзіне байланыстығоо. Егер өмір қаталдық танытса, өмірдің сынағы деп тусіну керек немесе ол адамның жіберген қатесінің өтемі. ӨМІРДЕ ЕШ НӘРСЕ ЖАЙДАН-ЖАЙ БОЛМАЙДЫ.
Меніңше адамда  қаталдық болғаны дұрыс, бірақ көп емес.  Ол қазіргі заманның талабығоо.
Қазіргі уақытта қойдай жуас болсаң небір қасқырлардың жемтігіне айналуың әбден мүмкін.
+1 дауыс
Адамдар осы Өмірге неге тисе бересіндер Адам емеспе Өмірді өзгертіп жатқан !! Заман орнында тұр Ал адам оны барынша өзгертуге тырысып жатыр. Ал сұрақ келетін болсақ, өмір емес ! барлығына Адам қаталдық танытып отыр .
0 дауыс
не нәрсенің де қаталдығы бар, негізі адам қатал секілді,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
0 дауыс
Өмір сол қалпы таң атады, күн батады ,менің ойымша даам өзгерді
+1 дауыс

ӘРИНЕ  АДАМ  ҚАТАЛ  ӨЗ  ӨМІРЛЕРІН  ӨЗДЕРІ  ҚҰРТЫП  ЖҮР  ЕМЕСПЕ

...