Өмір қатал ма әлде адам қатал ма?

+1 дауыс
5.6k қаралым
• Санаты: Өмір, Тіршілік | 5.6k қаралым

19 жауап

–1 дауыс
Адам қатал болса өмірі қиындай түседі ал адам неге  өмір қатал дейді
+5 дауыс
Күлдіріп туып,жылатады Өмір!
Көтеріп туып,кұлатады Өмір!
Етегің толып еңірегенде,
Қайтадан өзі жұбатады Өмір!
Үмітіңді үзіп,түңіле көрме
Құлап та тұрып гүл атады Өмір!
'Үп'деген желге дірілдей берме
ШЫДАМДЫЛЫҚТЫ ұнатады Өмір
Мұқағалидың бұл өлеңіне қанша балл берсек те аздық етеді))
0 дауыс
*Мен үшін* *ӨМІР* *қатал ! Бірақ,қазір* *АДАМ* *қатал болып бар жатқандай !*
+1 дауыс
Меніңше, адам қатал болған сайын - өмір де қиындай түседі... Негізі, өмір қатал деп айта алмаймыз ғой. Себебі, өмір өзінен өзі қатал болмайды. Барлығы да, адам қолынан, ойынан жасалатын құбылыстар ғой.
+4 дауыс
Өмір қатал емес, біз тек  өмір сынағын  қаталдық деп санаймыз.
Адам қатал емес, біз тек адамның қырсық та адал мінезінің ұштасуын қаталдық деп санаймыз.
#Өмірде қаталдық жоқ! ! !
 (:жекеойым:)
ия омирдмин сынагын катал деуге болмаит,  омирдин сиын адал деуге де болмаит,  ал омир катал адал деген ойлар адамнын омирге коз карасынан туындаит, мен озим екеуне де косыла алмаим  кыскаша былай жеткизейн
Омиримди талкылаудан тынбаймын
Журегимди жылатсада мун кайгы
Омир катал да адал да емес екенгой
Омир сынак сынагына ким шыдайды.
0 дауыс
Әр адамның пешенесіне жазылған тағдырына қарайғо.Пешенеңе қатал,қиын өмір жазылса одан асып еш қайда бармайсың.қазіргі заманда адамдарда қатал болып кетті ғо
0 дауыс
Бар кінә адамдардан өмірдің бұған түк қатысы жоқ қаталдыққа!
0 дауыс
Мына сұрақ: Заман өзгерген ба? Әлде адам өзгерген ба? дегенге саяды екен. Заман жайында, адам өзгереді. Өзгергенде,  Жаман адамдар болмайды, тек мінезін жамандыққа жұмсайтын адамдар болады
0 дауыс
Арине омiр катал емес уйткенi омiр адамга катал болатындай омiрдiн ауызы козi колы аягы жокой адамдарга жамандык киындык тугызатындай сондыктанда адам каталгой.
+1 дауыс
Өмір талас білгенге
Қиын - қисық жолы көп,
Бақыттысың тапсаң сен
Бассаң жолын тура, дөп.

Өмір сайыс, қызғаныш,
Бәйгеге шапқан аттайсың
Өмірменен күресіп
Бір күн тыныш жатпайсың.

Өмір еңбек, арпалыс
Күйбеңдейтін күні көп,
Аласұрып жүргенмен
Ұзаратын түрі жоқ.

Өмір өтер тез келіп
Оған налып безбелік,
Болғанмен қысқа ылаж жоқ
Сүру керек мәнді етіп.

Өмір осы, ағайын,
Тәтпіштеп несін жазайын,
Айтып-айтпай не керек
Алдым талай сазайын.

Өмір осы айтатын
Әйтеуір бір қайтатын,
Ол дүниеден адам жоқ,
Бұл дүниеге қайтатын
Ескерту, сәлем айтатын.
0 дауыс
Орынды сұрақ. Негізі өмірдің қандай болуы адамның өзіне байланыстығоо. Егер өмір қаталдық танытса, өмірдің сынағы деп тусіну керек немесе ол адамның жіберген қатесінің өтемі. ӨМІРДЕ ЕШ НӘРСЕ ЖАЙДАН-ЖАЙ БОЛМАЙДЫ.
Меніңше адамда  қаталдық болғаны дұрыс, бірақ көп емес.  Ол қазіргі заманның талабығоо.
Қазіргі уақытта қойдай жуас болсаң небір қасқырлардың жемтігіне айналуың әбден мүмкін.
+1 дауыс
Адамдар осы Өмірге неге тисе бересіндер Адам емеспе Өмірді өзгертіп жатқан !! Заман орнында тұр Ал адам оны барынша өзгертуге тырысып жатыр. Ал сұрақ келетін болсақ, өмір емес ! барлығына Адам қаталдық танытып отыр .
0 дауыс
не нәрсенің де қаталдығы бар, негізі адам қатал секілді,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
0 дауыс
Өмір сол қалпы таң атады, күн батады ,менің ойымша даам өзгерді
+1 дауыс

ӘРИНЕ  АДАМ  ҚАТАЛ  ӨЗ  ӨМІРЛЕРІН  ӨЗДЕРІ  ҚҰРТЫП  ЖҮР  ЕМЕСПЕ

0 дауыс
Өмірге аяқ басарда, халқымызда жолын сыйлап, үлкеннен бата алу дәстүрі бар.

Қабыл алыңыздар:

Біреу күн сәулесіне малынса, біреу ай сәулесіне зәру шақта, қалқам Нұрлан, атқа міндің. Атқа мінгенің – азапқа да мінгенің. Азапсыз ердің аты шықпас. Азап деген – тынымсыз еңбек. Себебі сен жетем, сен алам деген асылдың бәрі алыста. Таңсықтың бәрі тасада тұрады. Ең дәмді деп тапқаның – өз еңбегіңмен тапқаның. Сонда ғана еңбегің, дәулетің, беделің, сәулетің бола алады. Сонда ғана шыраққа айнала аласың. Жанған шырақ жарық берер, жарық берген шырағын халық көрер. Тек лап етіп жанып, жалп етіп сөнуден сақтасын өзіңді. Еңбексіз өткен өмір де бір, ерте келген өлім де бір. Еңбегің жанса қуанарсың. Бірақ қуаныш келсе таспа, қасірет келсе саспа! Жетпей жатып болдым деме, толмай жатып толдым деме. Жетпей жатып болдым деген, толмай жатып толдым деген төменде күйбеңдейді. Ал төменде күйбеңдеген төбенің басын көрмейді.
Қолдан келген кісі биікке ұшар. Асқақ ұшсаң, абайлап қон. Өйткені, төбеге шықсаң күндейтін, төменде қалсаң тілдейтін жамағайынсымақ та толып жүр бұл өмірде. Сондықтан төбең көкке жетсе де табаның жерде тұрғанын ұмытпа, Нұрлан қалқам. Жоғарыға ұшқан кісі даңққа бөленеді. Бірақ, ауру батпаңдап кіріп, мысқалдап шықса, даңқ мысқалдап кіріп батпаңдап шығатынын ұмытпа! Даңқ жүрген жерде әзәзіл боп нәпсі жүреді. Даңқ өзі келмесе, артына шырақ алып түспе! Шырақ алып іздегенің, нәпсіге бой алдырғаның, қалқам!
Шикі теріні илесең, ұлтан болады, нәпсісін тежей білген сұлтан болады. Нәпсі тойымсыз. Аспандағы құсты да жердегі жем ұятқа қалдырады. Тойымсыз нәпсі де ер-азаматты ұятқа қалдырады.
Даңққа тұлпар дүлдүлдігімен жетеді, ер-азамат білгірлігімен жетеді. Кейде сен жетпеген биікке өзге бұрын жетеді. Ондай жағдайда өзіңнен биіктегенді күндей көрме, өзіңнен төмендегіні жүндей көрме! Жарлылық пен байлықтың қандайы да жазылмаған ешкімнің маңдайына. Сұрғылт тұман торламаған аспан жоқ, сыр мен шер шырмамаған данаң жоқ.
Даңқтың жолы даңғыл емес, абыройдың жолы арналы емес. Дана мен кемеңгерді күндеуші көп, өйткені құмарсыз жеміске құрт та жуымайды. Үнемі жақсыларды жанай жүр. Өзен теңізге қарай ағады. Жақсылық жұрт мақтаған, ел жақтаған адамға қарай барады. Жақсылықтың нәрін ал, тәлімін ал. Сосын бақиға кеткенше сыйлап өт! Нәрін ішкен бұлаққа тас лақтырма, құм атпа.
Ұлының жеткен биігіне жетем деп ұмтыл. Бірақ, әлмасақтан келе жатқан: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» дегенді зерделе. Өрең жетпегенге ентелеме, жетпегеніңе өкпелеме. Әйтпесе, қаз болып алшаңдағысы келген қарға аяғын сындырады дегеннің кебін құшасың. Досқа күлкі, дұшпанға таба болу деген сондайдан шыққан.
Жібек тозса есекке жабуға да жарамайды деген, қалқам Нұрлан! Уақытымның озған, сөзімнің тозған, тоқсаннан асқан кезіме тап келдің! Ақыл айтсам менен алғаның болсын, қалқам, Батам жаудан қорғар қалқаның болсын. Аумин!!

 

Батаға сілтеме: https://www.facebook.com/photo.php?fbid=294761547366205&set=a.111100992398929.17994.100004970864097&type=1&theater
0 дауыс
Адамда қатал өмірде қатал
0 дауыс
Бұл жағдайда өмірдің ешкім қатысы жоқ, Адам қатал болып есептеледі.
0 дауыс
Қатал, қатыгез адам болмайды. Тек бақытсыздар ғана болады. Ал адамзаттың барлық кемшілігін, барлық ағаттығын өмірден іздеуге болмайды.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,937 қолданушы