+6 дауыс
457 көрілді

Басқа сайттардан қарағанда несіменен артық?

                                    несіменен өзгешеленеді?

                                           қандай пайдасы бар?

10 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап
Білмегеніңді сұрап білетін.
Білгенінше жауап беретін.
Бүлдіршіндірге сабақ беретін.
Мәселеңді май шаммен қарап беретін Сайт.
Тамаша жауап,бұл сұрақтың жақсы жауабы анықталмапты құзырымда болғанда осы жауапты таңдар едім,сондықтан +1 қоямын,риза бол.:)
Сұрақ-жауап сайтының ұраны боларлықтай сөздер екен
+9 дауыс
Қазақша болғандығының өзі ұнады
+8 дауыс
Озім білмей жүрген сұрақтың жауабын табам , сонысымен ұнады
+11 дауыс
Бұл сайт басқа сайтқа қарағанда өзгерек. Өйткені:

- Таба алмай жүрген сұрағыңның жауабын аласың;

- Іздеген материалыңды елден сұрайсың;

- Өз пікіріңді білдіріп, елдермен қарым қатынас орнатасың;

- Жаңа достар табасың;

- Басқа адамдардың ойларымен бөлісіп, қоғамдық пікірге куә боласың....

     Сайттың ашылу ерекшелігі өте жақсы ойлап табылған, сайттың ары қарай көркейе беруіне тілектеспін!!!
+7 дауыс
Бұл сұраққа жауап жазбастан бұрын мына сұраққа жауап іздеп көрейік....

1. Бұл сайттың негізгі функциясы қандай?

2. Бұл сайт кімдерге арналған?

Бұл сайттың негізгі функциясы алдын ала берілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, өз еріктері бойынша сайт қатысушыларынан жауап алу.

Бұл сайт қазақ тілді қауымға арналған, бірақ тек қазақтарға емес және барлық қазақтарға да емес. себебі бұлай деп айту қате болады.

менің ойымша осы қойылған екі сұрақтын жауабы сіздің сұрағыңызға жауап береді деп ойлаймын...

P.S. әрине бұл тек менің пікірім және менің сайт әкімшілігіне еш қатысым жоқ...
+8 дауыс
Шынымды айтсам, инеттен бұл сайтты алғаш көргенімде "Сұрақ-Жауап" деген аты қызықтырды, алдымен "ақылды" атына "ғашық" болдым. Нақты сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілсе, одааан ары ұнап кетейін деп тұр... (тек форумға айналып бара жатқаны сезіміме тұсау болып тұрғаны...))

Өзгешелігі  - жаңашылдығында...

Пайдасы - ғаламторда қазақша мәліметтің артуына өз үлесін қосуында...
+7 дауыс

бұл сайт - - - СУПЕРyes сайт емес пе?

+9 дауыс

Кейбір қыздар бар екен мында балл үшін кез келген /боққа пайдаға аспайтын/ сұрақтарды қоя беретін. Керек сұрақтарынды қойсаңыздар жақсы болар еді. Былай керемет сайт. Ұнайды маған.

+3 дауыс
Сұрақтардың сан қилылығымен,қайшылықтарымен,білмегеніңе жауап таба алатындығымен,өз білгеніңді басқалармен бөлісе алатындығымен ұнайды.Бірақ сұрақтар сапасы жоғарыласа нұр үстіне нұр болар еді.
+3 дауыс
сұрағына кеште болса жауап табасын , солай..............

Ұқсас сұрақтар

...