+1 дауыс
684 көрілді
Компьютерім интернетке кіріп болмайды, қатып қалады, қате шығып. Программасы WINDOWS XP. Кеше антивирустың уақыты біткен соң, "Kaspersky antivirus internet security 2012 пробный версиясын" қондырған едім, содан болу керек, интернетке шықпайды дұрыс. Содан антивирусты өшірдімда, "Avira AntiVirus" қондырдым. Бірақ әлі де сол күйі, кірмей тұр сайттарды ашып болмайды.(тек интернетке кіргізілмей тұр). Бұл неден болуы мүмкін? мен не істеуім керек?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Kaspersky antivirus internet security 2012 Компьютерді қорғаудан бұрын өзі компьютерді вирус секілді қатып жібереді Компьютеріңіз слабый болса басқа Антивирус қолданғаныңыз дұрыс!
Kaspersky antivirus internet security 2012 өшірдімда, Авираны қондырдым, сондада солай қатып тұр. сонда барлық антивирусты көтермейме компьютерім....бұрын касперский 06 болған, сондай қондырғаным дұрыспа сонда?.....
Қата берсе онық көп түсініктемесі бар!

Антивирустан болады комп әлсіз
Көп прогалар орнатылган
Оперативка аз
Вирустар бар
Комп дисктері дефрагментация жасалмаған
реестер де қателер көп және толып қалған
Комп дисктері толып қалған

осы секілді жайттарга да карайды

Сіз жоғарыдағылары жасап көріңіз компыңыз біраз жеңілдеп қалады!
Антивирусқа келсек Авираны жайлы нақты айта алмайм өйткені қолданбағам!
Авира кспер сякты катырса оны да жойып тастау керек қорғаудан бұрын қатыратын антивирустан пайда болмас!
Сіздің алдыңғы антивирусыңыз каспер 06 версиясы болса ол казіргі каспер антивирусының версияларына қарағанда кішкене жеңілірек коомпыңыз сол себепті қатпаған болар!
+3 дауыс
Сәлем Арай!Сетевые подключениеден подключено болып тұрма,антивирустан болуы да мүмкін !
Сәлем! Ол қосулы тұр, сайттарды дұрыс ашпайды, бір уақытта қатып қалады да, біресе істеп кетеді. антивирустан болса не істеуім керек? қалай істетемін енді((((((((((
Авира антивирусын жойып,антивурус касперскогоны қондыруыңыз керек шығар!
Aray internetten emes ol senin komputerden bolu mumkin virus senin kmputerindegi programmalardi jep tastagan soni jondetu kerek ustanovka disk ornat basinan
Рахмет бәріңе, реттедім, бұл негізінен көп программалар жазғандығымнан болған-ау шамасы, қажет емес программалар мен ойындарды өшірдім, содан бері жақсы жасап тұр, антивирус ESET NOD32 қондырып алдым) тәуір жасап тұр.
+1 дауыс
Бұл негізіненантивирустан болуы мүмкін. Антивирусты қараңыз.
+2 дауыс
Бұл мақалада компьютер не себептен жай жасайтыны туралы жазылмақ. Компьютердің жай жасау себептері алуан түрлі, сондықтан біз осы мақалада көп жағдайда компьютердің жай жасауына алып келітін себептерді жазуды жөн көрдік.
Температура. Көп қоданушылар процессерінің температурасы қандай екенін біле бермейді. Ал оны "Everest" деген бағдарламамен білуге болады. Бағдарламаны қосасыз да, ашылған терезеден "Компьютер" дегенді таңдайсыз. Сосын "датчик" дегенді басасыз. Егер процессордың температурасы 50 градустан едәуір жоғары болатын болса, кішкене ойға түсіп, неге жоғары температура деп қиналсаңыз болады.
Жоғары температураны төмен түсіру үшін кулерді шаңнан тазалап, дұрыс айналып тұр ма, соны тексеру керек. Кулер мен процессордың ортасына термапаста жағыңыз.
Реестр. Компьютерге көп бағдарламаларды қондырып және сол бағдарламаларды кетіріп жатамыз. Бірақ кетірген бағдарламаларымыздың қалдықтары реестрде қала береді. Сөйтіп уақыт өте Реестрде керек емес қоқыстар жинала береді. Кетірілген бағдарламалардан қалған қалдықтарды "CCleaner" деген бағдарламаның көмегімен тазалауға болады. "CCleaner"бағдарламасы қолдануға оңай.
Бағдарламаны қосамыз да, "Реестр" деген бөлімді таңдаймыз. Барлығын белгілеп "поиск проблем"-ді басамыз. Бағдарлама керек емес файлдар мен қателерді табады. Табылған қателердің барлығын таңдаймыз да, "исправить"-ті басамыз. Сол кезде бағдарлама кетіретінін кетіріп, қателерді жөндеп береді.
Егер компьютеріңізде жедел жадының аумағы кішкентай болатын болса, компьютеріңіз жие қатып қала беру мүмкін. Сондықтан "мой компьютер" үстінен тышқанның оң жағын басамыз да, сосын "свойства" → "дополнительно" → "быстродействие" → "параметры" → "дополнительно" → "виртуальная память" → "изменить" → "особый размер"-ге кіреміз, жобалап "1500 – 2000"-дай аумақты жазамыз да, бірнеше рет "ОК" басамыз.
Автозапуск. Компьютерге кейбір бағдарламаны қондырғанда "Автозапуск"-ке де жазылады. Ондай бағдарламалар компьютер қосылған кезде автоматты түрде қосылады. Егер сондай бағдарламалар көп болатын болса, компьютер жие қатып қала береді. Себебі компьютердегі жедел жадының аумағын көп қосылып тұрған бағдарламалар алып отырады. Ондай бағдарламаларды "Автозапуск"-тен алып тастау үшін "пуск" → "выполнить" бамасыз, содан кейін "msconfig" жазамызда, "ОК" басамыз.
Ашылған терезеден "автозагрузка"-ны таңдаймызда, сол жердегі керек емес бағдарламалардан белгілерді(галочки) алып тастаймыз. Бірақ абай болыңыз, системаға қатысты және антивирусты автоматты қосылудан алып тастап жүрмеңіз. "применить" басамыз, сосын "ОК" басамыз. Содан кейін компьютерді сөндіріп қосамыз. Қосылғанда жүйеде өзгеріс бар деген терезе шығу тиіс. Келесі қосылғанда қайталап шыға бермеу үшін сол терезеден белгіні(галочка) алып тастаймыз.
"Жұмыс үстелі". Егер жұмыс үстелінде үлкен аумақты файлдар болатын болса, ол ескі компьютерлердің жие қатуына алып келеді. Сондықтан жұмыс үстелінде үлкен аумақты файлдарды немесе папкілерді сақтамаған жөн. Тағы жұмыс үстеленді немесе "Мои документы"-дағы файлдармен папкілер аумақты Операциялық жүйе тұратын С дискісінен алады, сондықтан Операциялық жүйе тұратын С дискісін толтырмау үшін улкен аумақты файлдарыңызды немесе папкілеріңізді басқа бөлімдегі дискілерге сақтаңыз.
"Вирустар". Түрлі вирустар компьютеріңіздің жие қатуына себтігін тігізеді. Сондықтан антивирустық бағдарламаларыңызды жие жаңартып, аз дегенде күніне бір рет тексеріп отырыңыз. Флешкілерді ашудан бұрын тексеріп жүріңіз. Тағыда "доктор веб"-тің шағын бағдарламасын қолдансаңыз болады. Бағдарламаның аты "DrWebCureit"
Енді соңында айтарым компьютеріңізге кез келген қоқыстарды жинай бермеңіз. Ғаламтордан жүктелген файлдар мен бағдарламаларға сақтықпен қараңыз.
Рахмет! Иә, сол ғаламтордан көп бағдарламалар жүктеліпті, барлығын өшірдім, қазір жақсы жасап тұр.
+1 дауыс
былай онда, *Касперский*-дің пробный версиясынан ол *обновления* болған да компьютер жұмысы ақырындайды, өйткені пробный 30 күнге 30 компьютерге беріледі,
сондықтан ключын табу керек,
авира антивирусы онша емес, интернеттен келгенде вирусты тазарта алмайды
...