0 дауыс
471 көрілді
компьютерім жай жұмыс істейді және қатып қалады неліктен ,виндоус7, касперский 6,0  озу 1 гб видеокарта 256 мб 2005 те алынған

10 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл мақалада компьютер не себептен жай жасайтыны туралы жазылмақ. Компьютердің жай жасау себептері алуан түрлі, сондықтан біз осы мақалада көп жағдайда компьютердің жай жасауына алып келітін себептерді жазуды жөн көрдік.


1. Температура. Көп қоданушылар процессерінің температурасы қандай екенін біле бермейді. Ал оны "Everest" деген бағдарламамен білуге болады. Бағдарламаны қосасыз да, ашылған терезеден "Компьютер" дегенді таңдайсыз. Сосын "датчик" дегенді басасыз. Егер процессордың температурасы 50 градустан едәуір жоғары болатын болса, кішкене ойға түсіп, неге жоғары температура деп қиналсаңыз болады.
Жоғары температураны төмен түсіру үшін кулерді шаңнан тазалап, дұрыс айналып тұр ма, соны тексеру керек. Кулер мен процессордың ортасына термапаста жағыңыз.


2. Реестр. Компьютерге көп бағдарламаларды қондырып және сол бағдарламаларды кетіріп жатамыз. Бірақ кетірген бағдарламаларымыздың қалдықтары реестрде қала береді. Сөйтіп уақыт өте Реестрде керек емес қоқыстар жинала береді. Кетірілген бағдарламалардан қалған қалдықтарды "CCleaner" деген бағдарламаның көмегімен тазалауға болады. "CCleaner"бағдарламасы қолдануға оңай.
Бағдарламаны қосамыз да, "Реестр" деген бөлімді таңдаймыз. Барлығын белгілеп "поиск проблем"-ді басамыз. Бағдарлама керек емес файлдар мен қателерді табады. Табылған қателердің барлығын таңдаймыз да, "исправить"-ті басамыз. Сол кезде бағдарлама кетіретінін кетіріп, қателерді жөндеп береді.


3. Егер компьютеріңізде жедел жадының аумағы кішкентай болатын болса, компьютеріңіз жие қатып қала беру мүмкін. Сондықтан "мой компьютер" үстінен тышқанның оң жағын басамыз да, сосын "свойства" → "дополнительно" → "быстродействие" → "параметры" → "дополнительно" → "виртуальная память" → "изменить" → "особый размер"-ге кіреміз, жобалап "1500 – 2000"-дай аумақты жазамыз да, бірнеше рет "ОК" басамыз.


4. Автозапуск. Компьютерге кейбір бағдарламаны қондырғанда "Автозапуск"-ке де жазылады. Ондай бағдарламалар компьютер қосылған кезде автоматты түрде қосылады. Егер сондай бағдарламалар көп болатын болса, компьютер жие қатып қала береді. Себебі компьютердегі жедел жадының аумағын көп қосылып тұрған бағдарламалар алып отырады. Ондай бағдарламаларды "Автозапуск"-тен алып тастау үшін "пуск" → "выполнить" бамасыз, содан кейін "msconfig" жазамызда, "ОК" басамыз.
Ашылған терезеден "автозагрузка"-ны таңдаймызда, сол жердегі керек емес бағдарламалардан белгілерді(галочки) алып тастаймыз. Бірақ абай болыңыз, системаға қатысты және антивирусты автоматты қосылудан алып тастап жүрмеңіз. "применить" басамыз, сосын "ОК" басамыз. Содан кейін компьютерді сөндіріп қосамыз. Қосылғанда жүйеде өзгеріс бар деген терезе шығу тиіс. Келесі қосылғанда қайталап шыға бермеу үшін сол терезеден белгіні(галочка) алып тастаймыз.


5. "Жұмыс үстелі". Егер жұмыс үстелінде үлкен аумақты файлдар болатын болса, ол ескі компьютерлердің жие қатуына алып келеді. Сондықтан жұмыс үстелінде үлкен аумақты файлдарды немесе папкілерді сақтамаған жөн. Тағы жұмыс үстеленді немесе "Мои документы"-дағы файлдармен папкілер аумақты Операциялық жүйе тұратын С дискісінен алады, сондықтан Операциялық жүйе тұратын С дискісін толтырмау үшін улкен аумақты файлдарыңызды немесе папкілеріңізді басқа бөлімдегі дискілерге сақтаңыз.


6. "Вирустар". Түрлі вирустар компьютеріңіздің жие қатуына себтігін тігізеді. Сондықтан антивирустық бағдарламаларыңызды жие жаңартып, аз дегенде күніне бір рет тексеріп отырыңыз. Флешкілерді ашудан бұрын тексеріп жүріңіз. Тағыда "доктор веб"-тің шағын бағдарламасын қолдансаңыз болады. Бағдарламаның аты "DrWebCureit"


Енді соңында айтарым компьютеріңізге кез келген қоқыстарды жинай бермеңіз. Ғаламтордан жүктелген файлдар мен бағдарламаларға сақтықпен қараңыз.
тамаша мақала екен
–3 дауыс
Ұнамады ұқпадым кім жауабын жазғанын біле алмайды екен
0 дауыс
Арине қатады, сіз Вин 7 орнатып алыпсыз 1Гб оперативкамен және 256Мб видео карта (слабый)
0 дауыс
мумкін сенің компьютерің холодильниктын (муздаткыш) ішінде турган шыгар жылы жерге шыгарсай ))))(калжын) операционный системаны ауыстыр ескі версиялары бар гой мысалы (windows xp) алі кунге дейін колданыста жане сураныста келеді.
0 дауыс
видео картаң әлсіз ғой. менікіде солай болатын видео картаны ауыстырғаннан кейін жақсарып қалды
0 дауыс
видеокарта канша тенге турады айта кетсендер достар
0 дауыс
андағы теміріңіз(компьютер) виндоус 7 үшін  әлсіз(слабый комп)
Windows  xp орнатқаныңыз жөн деп есептеймін!  
немесе компьютеріңізге апгрейд(модернизация)  жасаңыз!
–1 дауыс
Интернетің 1500 дікі емес па?????(40 әріптен кем болмасын)
0 дауыс
ха ха ха ха ха қатырдың гой :D
0 дауыс
1 оперативка мен видеокартан  алсиз.
2 процессорынды жазсанда  дурыс болар  еди..
PS:  видеокарта немесе оперативка  косып  боска  акша  шашпа,, оданда ХР  орнат. чип или зверь.
...